Акробатика жайлы ақпарат

Мендешев Казбек Елемесович
Подхоз жалпы білім беретін негізгі мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.
Мақсаты: А) Оқушыларға жаңа сабақты толық түсіндіру.
Ә) Жалпы дене қасиеттерін дамыту .
Б) Сенімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сілтеме АКТ арқылы акробатикадан слайдтар көрсету,
Күтілетін нәтиже: Акробатикалық жаттығулар түрін білу, меңгеру
Сабақ түрі: Топтық, жекелей.
1. Топтағы жұмыс: Топтағы жұмыс ережелері
2. Бірлескен жұмыс. 3. Сыни ойлау.
Дерек көздер: «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, интернет материалдары. Дене тәрбиесі.
I. Дайындық бөлімі: 15 минут
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
2. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері бұрылулар.
3. Жүру жаттығулары: Аяқ ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып жүрулер.
4. Жүгіру жаттығулары: Бір қалыпты баяу жүгіру, оң, сол қапталмен жүгіру, арқамен кері қарай жүгіру, тізені көтеріп жүгіру
Тыныс алу жаттығулары
Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының спорттық киімдерін қадағалау. Жаттығуларды ережеге сай орындау.
II. Негізгі бөлімі: 25 минут
1. Қазақстандық гимнасшыларға тоқталу. Ернар Ерімбетов және Әлия Жүсіпова туралы көрсетіп алу олардың еңбектеріне ауызша тоқталу.
ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы; Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері; Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы; Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан. ҚР үздік спортшысы (2004) . ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006) . Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008) . Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2004) . «Құрмет» орденімен (2004) ; «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған
2. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.
Слайдтан көрсетілетіндер:
Акробатикалық жаттығулар түрлері
Акробатикалық жаттығулар жасау.
Әдістемелік нұсқау: Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жаттығу кезінде оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін байқап соны айтып, қайталамауға тырысады.
Ұзақтығы 15 минут.
II топқа бөлу.
Топпен жұмыс жүргізу /10минут/
Сұрақ-жауап:
I топ. Спорттық гимнастикада, акробатикаға жаттығуларға арналған құрал-жабдықтар?
II топ. Қандай акробатикалық жаттығуларды білесіңдер?
Практикалық:
I топ. Қолдың көмегімен «жартылай шатқа» отыру.
II топ. Жауырынға тұру.
Әдістемелік нұсқау: Әр бір жаттығуларды орындауда топ мүшелері келесі топтың дұрыс орындалуына сырттай қарап отыра, кемшіліктерін түзеп отырады. Кемшілігі болса қарсы топ мүшелері сол жаттығу түрін көрсету
III. Қорытынды бөлімі. 5 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу, сапта тыныс алу жаттығуларын орындау. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау, жіберілген қателіктерді айту.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Оқушылармен қоштасу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz