Кремний және оның қосылыстары. Химия

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Кремний және оның қосылыстарының алынуы, қасиеттері, түрлері және табиғатта таралуы, адам ағзасындағы рөлі туралы түсінік беру.
  2. Дамытушылық:Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, реакция жазу, есеп шығару, қабілеттерін дамыту;
  3. Тәрбиелік:Өз ойын еркін айтуға, ізденімпаздыққа, жұптасып жұмыс жасауға, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі : ой қозғау, фронтальді, түсіндіру, топпен, жеке.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тарпсырмалар, кремний қосылыстарының үлгілері, карточкалар, венн диаграммасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу;

-сыныптың тазалығын тексеру;

-оқушыларды түгендеу;

-көңілдерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) «Ой қозғау» (сұрақ - жауап:)

  1. ІV А топша элементтері ?
  2. Көміртекті периодтық жүйедегі орнына қарай сипаттау. (Көміртек химиясы негізінен органикалық қосылыстар химиясы, көміртектің бейорганикалық туындылары көп емес. Құрамында көміртек бар бейорганикалық заттар - оксидтер, көмір қышқылы және оның тұздар, бинарлы қосылыстар.
  3. Көмір қшқылының тұздары қалай аталады?
  4. Металдық қасиеттері қалай өзгереді? (көміртектен қорғасынға қарай артады)
  5. Көмірқышқыл газының формуласы.
  6. Көмірдің өнеркәсіптік қорлары.
  7. Әктастың формуласы.
  8. Табиғатта таралуы? (табиғатта химиялық таралуы бойынша он бірінші элемент (бейметалдар арасында төртінші) . Таза күйінде (алмаз, графит) және қосылыстар түрінде (карбонат минералдары және тау жыныстары, көмір мұнай, табиғи газ) кездеседі.
  9. Адсорбция құбылысын түсіндіріңдер.

В) Химиялық диктант (формулаларды оқу, оқушылар дәптерлеріне жазады) - кальций карбиді, көмірқышқыл газы, көмір қышқылы, натрий карбонаты, кальций карбонаты, көміртек (ІІ) оксиді, метан, ацетилен, магний карбонаты, натрий гидрокабонаты.

С) Деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей(1 ұпай)

  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі бар. Олар , , және .
  2. Көміртектің қосылыстардағы тотығу дәрежелері , , болады.
  3. Таза күйде түссіз және мөлдір, диэлектрик, зергерлік асыл тас, күшті жарық сындыру қабілеті бар .

ІІ деңгей (2 ұпай)

Көмір қышқылының молекулалық массасын есептеу. (Mr)

ІІІ деңгей (3 ұпай)

ССO___CO 2 Na 2 CO 3 NaHCO 3 Na 2 CO 3

Төмендегі физикалық қасиеттер карбонаттардың қайсысына сәйкес келеді?

Қасиеттер
Қай зат
Қасиеттер: Техникалық атауы- ас содасы
Қай зат: Натрий гидрокарбонаты
Қасиеттер: Жер қойнауында магмадан пайда болатын қатты кристалдық зат
Қай зат: Мәрмәр
Қасиеттер: Сақар, ақ ұнтақ, суда жақсы ериді, өсімдіктің күлінде болады
Қай зат: Калий карбонаты
Қасиеттер: Органикалық шөгінді жыныс, құрылыс материалы ретінде пайдаланады
Қай зат: Әктас
Қасиеттер: Ақ түсті жұмсақ шөгінді жыныс, құрылыста ағарту үшін қолданады
Қай зат: Бор

ІІІ. Жаңа сабақтың жүруі: (кроссворд құру арқылы сабақтың тақырыбын ашу) - Кремний және оның қосылыстары

  1. Қышқылдар мен сілті ерітінділерінде түстерін өзгертетін қосылыстарды не деп атайды. (индикатор)
  2. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)
  3. Тұз молекуласында қышқыл қалдығымен байланысатын не?
  4. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом)
  5. Сұйық металл (сынап)
  6. Ең жеңіл металл (литий)
  7. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (йод)

Ашылуы: Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л. Ж. Тенар ашқан. 1824 - 1825 жылдары швед химигі Я. Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н. Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.

Атом құрылысы:

ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.

+14 Si ) 2е) 8е) 4е)

Табиғатта таралуы:

Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Ең көп тараған SiO 2 - кремнезем. Каолинит (ақбалшық) және алюмосиликаттардың Al 2 O 3 *2 SiO 2 *2H 2 O, дала шпатының немесе ортоклаздың K 2 O * Al 2 O 3 * 6SiO 2 құрамына кіреді.

Алынуы:

  1. Зертханада бос күйінде кремний алу үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO2қосып қыздырады:

2Mg + SiO 2 = 2MgO + Si

  1. Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қызыдырып кремний алады:

SiO 2 + 2С = Si + 2CO

Физикалық қасиеттері:

Кремнийдің аллотропиялық екі түр өзгерісі бар. Ол - кристалдық және аморфты кремний. Кристалдық кремний - қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, аздап электр тогын -өткізетін зат. Ал аморфты кремний - сұрғылт түсті ұнтақ зат.

Химиялық қасиеттері:

  1. Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:

Si + 2CL 2 = SiCL 4

Si + O 2 = SiO 2

Si + C = SiC

  1. Кремний металмен әрекеттескеде тотықтырғыш болады:

Si + 2Mg = Mg 2 Si

  1. Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен реакцияға түседі:

Si + 2NaOH + H 2 O = Na 2 SiO 3 + 2H 2

Сергіту сәті:

1. Сыныптан шықпайды,

Тимесең жұқпайды,

Жәрдемінсіз бұл заттың,

Оқушы сабақ ұқпайды (бор)

2. Тынысым, ырысым,

Ол жоқ жерде,

Жойылмақ жүрісім (оттегі)

Қолданылуы. (слайд бойынша)

3. Сым болып ұзақ созылып

Өткізем тоқты бойдан мен


Ұқсас жұмыстар
Кремний және оның маңызды қосылыстары
Силикаттар. Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар
Кремнийдің табиғатта таралуы
Кремний және оның қосылыстары. Силикаттар
Химиялық реакциялар белгілері
Кремний және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерінің сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу
Кремний қышқылы
Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі
Фосфор қышқылынына жалпы сипаттама
Химиялық элементтің периодтық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz