Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Жер тарихының шежіресі


Пәні: Биология
Тобы: <<МАЖ және ХКӨШ>> (режиссура, би өнері, қазақ ұлты аспаптары)

Сабақтың тақырыбы: Жер тарихының шежіресі және ондағы геологиялық замандар.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
Проблеманы шешу құзіреттілігі: Оқушыларды жердің даму тарихының ретімен атай білуге және ол кезеңдердегі организмдердің даму деңгейін толық ажырата білуге үйрету;
Ақпараттық құзіреттілік: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарас қалыптастыру. Оқушылардың жердің пайда болуы туралы дүниетанымдарын ұлғайтып, өзіндік пікірлерін айта білуге тәрбиелеу;
Коммуникативтік құзіреттілік: Адамды құрметтеуге, әркімнің өз шыққан тегін сыйлай білуге тәрбиелеу, биологияның басқа ғылымдармен байланысты дамитын ғылым екендігін дәлелдеу, оқушының ой-өрісін кеңейтуге жұмыстану;
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сөздік, ой қозғау, фронтальдік, жеке, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: білім беруді ізгілендіру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
- оқушылармен амандасу;
- сыныптың тазалығын тексеру;
- оқушыларды түгендеу;
- көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
* <<Миға шабуыл?>> (сұрақ - жауап)
1. Тіршілік ұғымына алғаш анықтама берген? (Ф. Энгельс)2. Органикалық дүниенің ең алғашқы ғылыми жүйесін салған, әрі ғылымға түр, туыс, отряд, класс деген жүйелік топтарды енгізген ғалым? (К. Линней)
3. Тірі организмдерді алғаш рет қарапайым құрылысына күрделену ерекшелігіне қарай жүйелеген ойшыл ғалым? (Аристотель)
4. Органикалық дүниенің қарапайым қалпынан бірте-бірте күрделене түсетінін және түрлердің өзгеретіндігін айтқан алғашқы эволюционист ғалым.
(Ж. Б. Ламарк)
5. <<Тіршілік таласы>> деген арнайы мақала жазып, онда тірі организмдер арасында үнемі болып жататын тіршілік үшін күреске жан - жақты талдау жасаған қазақтың көрнекті ақыны әрі ағартушы қайраткері. (Ғ. Қараш).
6. Тіршілік дегеніміз не?7. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері.8. Метобализ дегеніміз не?
9. <<Эволюция>> терминін 1677ж. енгізген кім? (М. Хейл)
10. Адамды адамтектес маймылдармен қатар приматтар отрядына алғаш орналастырған кім? (К. Линней)
11. <<Зоология философиясы>> еңбегінің авторы, жануарларды 14 класқа топтастырған француз ғалымы. (Ж. Б. Ламарк)
12.Ағылшынның атақты табиғат зерттеушісі? (Ч. Дарвин)
13. Эволюция дегеніміз не?

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
Семантикалық карта
ІV. Жаңа материалды түсіндіру. Эволюциялық процесті басынан аяғына дейін ертедегі тіршілік туралы ғылым- палеонтология жаңғыртып жасап берді. Палеонтолог ғалымдар организмдерді өткен дәуірде Жер қабатындағы тасқа айналып сақталған қалдықтарынан зерттейді. Сондықтан геологиялық кабаттар Жер тарихының тас шежіресі. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронологиялық әдіс колданылады. Әрбір геологиялык дәуірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдыктарын анықтау үшін қабаттардың орналасу төртібінің сұлбасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Организмдердіц пайда болу жүйелілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын біліп, ғалымдар ғаламшар тарихынын хронологиясын тіршіліктің дамуын сипаттады.
Жер тарихының шежіресі. Жер тарихы -- заманға; заман -- кезеңге; кезең -- дәуірге; дәуір -- ғасырға бөлінеді Бір заманның аякталуы мен келесі заманның басталуының арасында құрлық пен теңіздің арақатынасының өзгеруі; тау түзілудің қарқынды жүруі -- жер бедерін өзгертіп, кайта құрады. Заманның аттары.
1. Архей -- ежелгі заман.
2. Протерозой -- алғашқы тіршілік.
3. Палеозой -- ертедегі тіршілік.
4. Мезозой -- ортадағы тіршілік.
5. Кайнозой -- жаңа өмір.
Архей заманында тіршіліктің дамуы. Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанар таулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз еді. Тау жыныстарының кұрамында графит көп болған. Ғалымдар графит тірі организмдердің құрамына кіретін органикалық қосылыстардың қалдығынан түзіледі деп есептейді. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда қабығы мен ядросы жок тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болған. Олар суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Сондыктан алғаш пайда болған тірі организмдер -- гетеротрофтар деп есептеледі. Канада, Австрия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер -- строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі анықталған. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар -- прокариоттар архейде тіршілік еткен. Шөгінді жыныстар -- темір, никель, марганецтерге де бактериялардың қатысы бар. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да зат алмасу жақсы дамып көбеюге қабілетті болтан. Жер бетінде тіршілік эволюциясында фотосинтездің болуы -- ең басты кезең. Себебі фотосинтез органикалық дүниені жануарларға және өсімдіктерге бөлуге себепші болды. Ең алғашкы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар -- көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы ірі ароморфоз фотосинтез процесінің жүруі. Архей заманының соңында ең алғашқы колониялы балдырлардың шыққандығына Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған қалдықтардың табылғаны дәлел.
Протерозой заманында тіршіліктің дамуы. Протерозой -- Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Бұл кезеңде көп жасушалы жасыл балдырлардың суда еркін жүзген жене су түбіне бекінген түрлері шықты. Су түбіне бекінген балдырлардың денесі бөліктерге бөлінген формаларынан мүшелер дамыды. Жасыл балдырлар ауа қабатына оттекті көп мөлшерде бөліп, жануарлардың тыныс алып өркендеуіне әсер етті. Әсіресе, бір жасушалы организмдерден -- бактериялар, көк-жасыл балдырлар және талшықтылар өте көп таралған.
Протерозойда организмдердің басым көпшілігі теңіз ішеккуыстылары, губкалар, буылтық құрттар, былқылдакденелілер екендігі жер кыртысы қабаттарынан табылған калдықтардан байқалған. Сонымен катар, санырауқұлақтар, буынаяктылардың қалдықтарының болғандығы дәлелденген (8-9сурет). Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі - (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморфоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері: бұлшықеттері бекіну үшінтірек болатын хорданың пайда болуы; түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады; суда тыныс алатын желбезектің дамуы. Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себерші болады.
Протерозойда табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде, су мен атмосферада оттектің көп жиналгандығы аныкталды.
V. Жаңа білімді бекіту:
* Жер тарихының шежіресі нені анықтайды?
* Қанша заман бар, олар қалай аталады?
* Архейде қандай өзгерістер болды, қандай тіршілік иелері пайда болды?
* Протерозой заманында қандай тіршілік иелері пайда болды?
VІ. Қорытындылау. Үйге тапсырма. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
«тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Халық музыкасы. 2-сынып
Математика сабағында қазақтың ұлттық шежіресін қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу
Қазақ тарихының әліппесі
Жердегі тіршіліктің дамуы
Маб-қа дайындауға арналған 150 сұрақ
Білімнің жағып шырағын (Интелектуалдық олимпиада сайысы)
Қазақ сахарасының жұлдыздары
Абай кім
Пәндер