Файл қосу

Оттекті органикалық қосылыстар. спиртер. қаныққан бір атомды спирттер

Сыныбы 11
Күні
Сабақтың тақырыбы
Оттекті органикалық қосылыстар. Спиртер. Қаныққан бір атомды спирттер
Мақсаты

Оттекті органикалық қосылыстар туралы мағлұмат беру, спиттердің ашылу тарихынан түсінік беру, Спирттердің жіктелуі мен қасиеттерін түсіндіру, есептер шығаруда шеберліктерін шыңдау т.б.
Күтілетін нәтижелер

Оттекті органикалық қосылыстарды, спирттердің ашылу тарихын, жіктелуін, қасиеттерімен қолданылуын біледі. Химиялық теңдеулерін есептеулерде қолдана алады. Оттектті органикалық қосылыстарды көмірсутектерден ажырата алады, алған білімдерін өмірде қолданады.
Керекті жабдықтар

Интерактивтік тақта, слайдтар, шар өзекті модельдер, постерлер, смайлинктер, бағалау парағы, бояулар, суреттер, Этил спирті, есептеу құралдары, үлестірме қағаздар, қималар т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезең дері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін психологиялық дайындық жүргізіледі, топ жасақтауға нұсқау беріледі
Мұғаліммен амандасады, кезекші қағаз қималарын таратады. Интерактивтік тақтадағы қағаз қималарына сәйкес оқушылар топтасады. Кезекшілер сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратады, көшбасшы топ мүшелеріне қызметтерін бөліп береді, топқа басшылық жасап отырады, Оқушылар сабаққа әсерлерін, көңіл - күйлерін смайлинктер алқылы бір - біріне көрсетеді.
Тұсау кесер

Интерактивтік тақтадан слайд арқылы сабақтың жоспарымен таныстыру, уақытты жоспарлау, Сабақ жоспары:
І Кіріспе 4 минут
1.Ұйымдастыру 2 минут
2.Топ жасақтау 2 минут
ІІ Тұсау кесер 2 минут
Сабақ жоспарымен, бағалау парағымен таныстыру
ІІІ Негізгі бөлім 32 минут
Үй тапсырмасын сұрау 5 минут
Үй тапсырмасын бекіту 3 минут
Жаңа сабаққа кіріспе 2 минут
Жаңа сабақты өз бетімен меңгеру 15 минут
Сергіту ойыны 2 минут
Есептер шығару 5 минут
ІҮ Қорытынды 7 минут
Сәйкестік тесті 2 минут
Бағалау 2 минут
Рефлекция 3 минут
Сабақты аяқтау, үйге тапсырма беру
бағалау парғымен таныстырып өту
Интерактивтік тақтадағы слайдқа зейіндерін аудара отырып тыңдайды, маршурттық картаны басшылыққа ала отырып сабаққа кіріседі.
Негізгі бөлім

Үй тапсырмасы әр топқа интерактивтік тақтаның көмегімен бес - бес сұрақтан қойылады.
І топқа
1. Мұнайдың құрамында қандай көмірсутектер болады?
2.Мұнайдың физикалық қасиеттері қандай?
3. Мұнайды қалай тасымалдайды?
4. Мұнай өңдейтін қондырғының құрылысы қандай?
5. Мұнай өнімдері және қолданылуы.
ІІ топқа:
1. Отынның түрлері қандай?
2.Бензиннің сапасы немен анықталады? Детонация деген не?
3. Қазақстанның мұнайға бай аймақтарын атаңыз.
4. Экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаны қорғау мәселесі?
5.Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары туралы не білесіздер?
ІІІ топқа:
* Табиғи газдың негізгі құрамы неден тұрады;
* Табиғи газдың құрамындағы метанның массалық үлесі қанша;
* Мұнайға серік газдың табиғи газдан айырмашылығы қандай;
* Мұнайға серік газды өндіру неше фракцияға бөлінеді, атаңыз;
* Табиғи газбен мұнайға серік газдардың қолданылуы:
Үй тапсырмасын бекіту үшін ББҮ кестесін беріледі.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін ертегі оқылады.
Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетіпті. Патша сол дәнді алып, уәзірлеріне беріп еккізеді. Дән өсімдік болып жайқалып шығады. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш-төрт жылдан кейін өсімдік жеміс береді. Елдің бәрі таң қалады. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Содан соң патшаның әмірімен жемісті ыдысқа салып қояды. Біраз күннен кейін ыдыстағы жеміс көпіреді. Одан мөлдір сұйық пайда болады. Уәзірлер сұйықтықты алып патшаға көрсетеді. Патша сұйықтықты бір тұтқынға ішкізуді бұйырады. Тұтқын бір кесе ішеді, ешнәрсе болмайды, екіншісін береді. Үшіншісін тұтқын өзі сұрап ішеді. Біраздан кейін ән салады, бей-жай күйге түседі. Ең соңында тұтқын патшаның тағын сұрап әлек салады. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Сонда бұл не болғаны?
Спирттер туралы оқулықтан тыс мәліметтер береді. Сабақты өз бетімен меңгеруге әр топқа тақырыптар бөліп береді. Оқушыларға нұсқау, бағыт беріп отырады.

Оқушылады демалдыру мақсатында сергіту ойынын ойнатады. Ортаға әр топтан бір - бір оқушыдан шақырып, ойынның мақсатымен түсіндіреді. Ойын жылдамдық пен тапқырлықты, алған теориялық білімін шебер қолдана білуді қажет етеді.
Сабақты бекітуге әр топқа бір - бір есептен беріледі. 1 - топ: Массасы 15 г пропанол-1 мен массасы 9,2 г натрий әрекеттескенде неше грамм натрий пропилаты түзіледі?
2 - топ: Массасы 4,6 этил спиртінен 90 пайыздық шығыммен неше литр ( қ.ж. ) этилен алынады ?
3- топ: Массасы 4,6 натрийді 9,5 этил спиртімен әрекеттестіргенде бөлінетін сутегінің ( қ. ж. ) көлемін есептеңіздер
Оқушылардың есепті шығару бағытын қадағалайды, нәтижесін тексереді.
Әр топ мүшелері өздеріне берілген сұрақтарға орындарынан тұрып жауап береді. Топ жетекшісі бағалап отырады. Таймкейпер уақыттың дұрыс жұмсалуын қадағалап отырады. Жауап толық болмаған жағдайда қалған топ мүшелері толықтырып отырады. Қажетті жағдайда мысалдар келтіріп, көрнекі құралдар пайдаланылады. Өмірмен байланыстырылады.

Үй тапсырмасы бойынша ББҮ кестесін толтырады. Топ басшысы бағалап отырады.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

Ертегіні тыңдап шешуін табады. Жасырылған ертегі жұмбақтық жауабы Алкоголь. Оқулықтан Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер тақырыбын дәптерлеріне жазады. Оттекті органикалық қосылыстар класына жататын заттарды, спирттердің анықтамасын, спирттердің жіктелінулерін, формулаларын т.б. қажетті деректерді дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім берген оқулықтан тыс ақпаратты тыңдап, жазып отырады. Берілген тақырыпты топпен бөлісе отырып, меңгереді. Ұжымдаса отырып ортақ шешімге келе постерге түсіреді. Оны топпен немесе жекелей ортаға шығып қорғайды.
Сергіту сәтінде әр топтан бір - бір оқушыдан шығып ыдыстағы атомдардан элементтердің валенттіліктерін ескере отырып, спирттердің масштабты молекула моделдерін жылдамдықпен құрастырады. Спирттің атауын айтады.
Берілген есептерді жекелей орындайды. Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып есепті тақтаға шығарады. Қате шығарған оқушылар тексеріп түзетеді. Топ басшысы тексеріп бағалайды.
Қорытынды

Жаңа сабақтан алған білімін тексеру үшін сәйкестік тестісін береді. Тест жауабын тақтаға шығарады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
в
ж
г
д
з
е
б
ә
ғ
а
Бағалау парағымен тағы да бір таныстырып өтеді. Сабақтан алған әсерлері бойынша рефлекция беру үшін топ басшыларына сөз беріледі. Үйге тапсырма береді. 1 - топ: Бутанолдың мүмкін болатын изомерлерін жазып атаңыздар (кластер құру)
2 - топ: Пентанолдың мүмкін болатын изомерлерін жазып атаңыздар (кластер құру)
3 - топ: Гексанолдың мүмкін болатын изомерлерін жазып атаңыздар
Бағалауға нұсқау берілеу, көшбасшыларға бағалауға коментерий бергізу, рефлексия парағын тарату, оқушылармен қоштасу,
1.Метан , 2.Бензол , 3.Мұнай , 4.Пропилен, 5.Метил спирті , 6.Спирт , 7.Алкен , 8.Ацетилен, 9.Көпатомды
10.Органикалық химия
а.Көміртек қосылыстарын , ә. Үш еселі байланыс, б. СnH2n , в. СН4 , г. Мазут , ғ. C2H4(OH)2 , д. СН2=CH - CH3 , е. СnH2n+1OH, ж. С6Н6 , з. CH3OH
Жаңа сабақтан алған білімдерін сәйкестік тестілері арқылы жекелей орындап, жұппен ауыстырып жауабымен тексереді. Топ басшысы бағалап отырады. Топтан бір оқушы сабақтан алған әсерін айтып рефлекция береді. Үй тапсырмаларын жазып алады. Топ басшысы сабақ бойына алған балдарын есептеп мектеп бағасына айналдырады. Бағалауын таныстырып, коментарий беріп өтеді. Сабақта пайдаланылған құралдарды, парақшаларды жинастырады. Мұғаліммен қоштасады..
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер


Ұқсас жұмыстар
Этил спиртінің қасиеттері
Оттекті органикалық қосылыстар. спирттер
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Органикалық заттардың ерекшеліктері
Оқушының бағалау парағы
Мұнайдың құрамындағы көмірсутектері
"Аминдер."
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Жоғары молекулалы қосылыстар жөнінде түсінік. Полимерлер
Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы мен хлорофилдің осы процестегі рөлі.
Пәндер