Проценттерге берілген есептер

Проценттерге берілген есептер
ЖАЛГАСБАЕВА Мирамкул Тажибаевна
Северный орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Проценттерге берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Өтілген тақырып бойынша білім, білік дағдыларын меңгерту, стандарт көлемінде білім беру;
- Дамытушылық:Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге дағдыландыру;
- Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Әдіс-тәсіл : математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеопректор
Сабақтың жоспары : 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қайталаусұрақтары.
4. Пысықтау үшін жүргізілетін ойын.
5. Үйге тапсырма.
6. Қорытындылау.
1-СЛАЙД
- Ұйымдастыру. А) Оқушылармен амандасу
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Б) Оқушыларды түгелдеу.
В) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2-СЛАЙД
- Үй тапсырмасын тексеру(Видеопроектор арқылы) тексеру)
3-СЛАЙД
- Қайталау сұрақтары. :
- Процент деп нені айтамыз?
- Қандай шамалар процентпен есептеледі?
- Процентті бөлшекпен қалай өрнектейміз?
- Берілген санның процентін қалай өрнектейміз?
- Проценті бойынша санды қалай табамыз?
4-СЛАЙД
- Сабағымыздысаяхат сабақ түрінде «2030 жылға сапар» ойыны түрінде жүргіземіз. Ол үшін«Жүйелі білім»жедел поезын пайдаланымыз. Сапар барысында«Тапсырма», «Білім», «Амалдар»станциялары арқылы өтеміз. «Жүйелі білім»поезы 3 вагоннан( топтан) тұрады. Вагондарда екі тексерушіден болады.
1 -вагон - «Тапқырлар»
2-вагон - «Алғырлар»
3-вагон - «Білімділер»
Тексерушілердің білімін ревизор-мұғалім қабылдайды.
5-СЛАЙД
«Тапсырма» станциясының тексерушілері тапсырмаларын алып станциядан қозғалады. Әр тапсырма 5 ұпайдан бағаланады.
«Тапқырлар» тобы
- 50% 25-ке тең санды табыңыз.
- 3% 18-ге тең санды табыңыз
- 50-дің 20% -ін табыңыз
- 4% 15-ке тең санды табыңыз
- 200-дің 25%- ін табыңыз
«Алғырлар» тобы
- 20% 25-ке тең санды табыңыз.
- 10% 18-ге тең санды табыңыз
- 250-дің 5% -ін табыңыз
- 3% 42-ке тең санды табыңыз
- 200-дің 4%- ін табыңыз
«Білімділер» тобы
- 10% 25-ке тең санды табыңыз.
- 12% 48-ге тең санды табыңыз
- 500-дің 20% -ін табыңыз
- 7% 63-ке тең санды табыңыз
- 300-дің 15%- ін табыңыз
6-СЛАЙД
«Білім» станциясы. Семантикалық карта.
Кестеде тігінен тапсырмалар, ал көлденең жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріптерді теріп жазсақ, білім туралы жақсы сөйлем шығады.
«Білім инемен құдық қазғандай»
№1
№2
№3
№4
7-СЛАЙД
«Амалдар» станциясы. «Математикалық домино» ойынын ойнаймыз. Карточкаларға тапсырмалар жазылады, нәтижесінде сөз шығу керек.
Үйге тапсырма . №1432, №1435.
Қорытынды. Сабақ қорытындыланып, белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz