Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары
Өксікбаев Тұрар Жүрсінұлы
Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі
тарих пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші
дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушылардың бойында антигитлерлік коалицияның құрылуы, екінші дүниежүзілік соғыстың барысы және аяқталуы, сондай-ақ БҰҰ-ның құрылуы туралы білімдерін қалыптастыру;
- Дамытушылық: оқушылардың тез ойланып, шешім қабылдау қабілетін дамыту; оларды жылдамдыққа, ойларын пайымдап айта білуге үйрету
- Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін нығайту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: ойын түріндегі сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, картамен жұмыс.
Сабақта қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік (компьютерлік) технология, ойын технологиясының элементтері
Пәнаралық байланыс: география
Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар, көрнекіліктер: мультимедиа, сұрақ жазылған парақтар, көтерме қағаздар, карта
Сабақтың өту кезеңдері:
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру сайыс түрінде өткізіледі. Ол үшін оқушылар 3 топқа бөлінеді.
«Жас тарихшылар» сайысы
Сайыс 4 кезеңнен тұрады
![]()
І «Сергіту» кезеңінде үш топтың оқушылары бір мезгілде тест түріндегі сұрақтарға жауап береді. Сұрақ саны 5-еу. Әрбір дұрыс жауапқа қойылатын ұпай саны -5.
ІІ кезең «Ойлан тап» деп аталады. Мұндағы сұрақтардың қиындық деңгейіне қарай ұпай саны беріледі: 10, 20, 30, 40
![]()
10 ұпайлық сұрақтар
![]()
![]()
![]()
20 ұпайлық сұрақтар
![]()
![]()
![]()
30 ұпайлық сұрақтар
![]()
![]()
![]()
40 ұпайлық сұрақтар
![]()
![]()
![]()
Сайыстың ІІІ кезеңі «Кім жылдам?». Мұнда оқушылар 1 минуттың ішінде берілген сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
1 топқа
- Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ Кеңес Одағының жақтасы болып табылды ма? Ия
- Екінші дүниежүзілік соғыс1938 жылы 2 қыркүйекте басталды ма? Жоқ
- 1939 жылы 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен Франция Кеңес Одағына соғыс жариялады ма? Жоқ
- 1939 жылы 30 қарашада КСРО Финляндияға соғыс ашты ма? Ия
- «Болат пакт» одағына Жапония кірді ме? Ия
- Мәскеу қаласы 1941 жылы 900 күн бойы қоршауда болды ма? Жоқ
- 1940 жылы 1 наурызда «Үштік пакт» одағына Болгария қосылды ма? Ия
- Екінші дүниежүзілік соғысқа 53 мемлекет қатысты ма? Жоқ -61
- Екінші дүниежүзілік соғыста атом бомбасы қолданылды ма? Ия
- Фашистік Германияның басшысы Франклин Рузвельт пе? Жоқ
ІІ топқа
- КСРО мен Финляндия арасындағы соғыста Финляндия жеңіске жетті ме? Жоқ
- 1940 жылы 10 мамырда неміс-фашист әскерлері Бельгияны, Голландияны, Люксембургті басып алды? Ия
- Франция екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма? Ия
- Италия «Үштік Одаққа» кірді ме? Ия
- А. Гитлердің КСРО-ға шабуыл жасау жоспары «Тайфун» деп аталды? Жоқ - Барбаросса
- Германияның КСРО-ға шабуылы 1940 жылы 22 маусымда басталды ма? Жоқ
- 1941 жылы Ленинград қаласы 900 күндік қоршауда болды ма? Ия
- Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына қатысты ма? Жоқ
- Жапония АҚШ-тың Перл-Харбордағы базасын талқандады ма? Ия
- Ұлы Отан соғысының алғашқы жылында Германия жеңіске жетті ме? Ия
ІІІ топқа
- Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Ұлы Отан соғысына қатысты ма? ия
- 1941 жылы 6 сәуірде Германия Югославия мен Грекияны басып алды ма? ия
- Б. Момышұлы еңбек ардагері атағын алды ма? Жоқ
- 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды ма? Ия
- Венгрия мен Румыния «Үштік пактіге» қосылды ма? Ия
- 1941 жылы 22 маусымда Англия Кеңес Одағына шабуыл жасады ма? Жоқ
- Польша Германияға өз еркімен қосылды ма? Жоқ
- Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет қатысты ма? Ия
- Екінші дүниежүзілік соғыс тек Евразия құрлығында болды ма?
- Ұлы Отан соғысы басталғанда Кеңес Одағы әскерінің қару-жарағының сапасы Германиядан артық болды ма? Жоқ
ІV кезең «Түйін» деп аталады. Мұнда тапсырманы таңдау арқылы тақырыптарын белгілеп сол бойынша түйіндеп айтады. Жоғарғы ұпай- 50
![]()
![]()
![]()
![]()
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тақырып: Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.
Жаңа тақырып төмендегідей бөлімдер бойынша слайдтар арқылы түсіндіріледі:
Антигитлерлік коалицияның құрылуы
Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы.
Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншыларына қарсылығы
- Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конференциясы. (электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Тегерандағы конференция» бейне ролигі )
- Соғыстың соңғы кезеңі. БҰҰ-ны құру туралы келісім(электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Қырымдағы конференция» бейне ролигі )
- Потсдам конференциясы(электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Потсдам конференциясы» бейне ролигі )
- 1944-1945 жж. Тынық мұхит пен Азиядағы әскери іс-қимылдар. ІІ д. ж. с. аяқталуы. (электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Жапонияның саясаты және оның тізе бүгуі» бейне ролигі )
- Жаңа тақырыпты бекіту
Тақырыпты бекіту кезеңінде «Кім көп біледі?»ойыны өткізіледі.
![]()
- Қорытындылау.
- Үй тапсырмасы:Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.
Оқушыларды бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz