Алматы қаласы Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясының 10 Б сыныбына арналған Математикалық бокс интеллектуалдық ойынының бағдарламасы

«Математика - физика- информатика апталығы »

аясында 10 Б сыныбы оқушыларымен өткізілген

«Математикалық бокс» интеллектуалдық ойынының бағдарламасы:

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20130906_102832-1.jpg

Алматы қаласы Медеу ауданы

№172 мектеп - гимназия

Математика пәні мұғалімі Т. Қазыбаев

Оқу кабинетіне үш орындықты айналдыра жүргізілген қызыл - жасыл лентамен жасалған алаң - ринг. Қазақтың күйі ойнап тұрады.

Жүргізуші: (Сақа Дарын үшбұрышты алаң -ринг ішінде. )

Уа, халайық, халайық!

Ортаға назар салайық

«Математикалық боксты»

Бастап, дабыл соғайық!

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_114014.jpg

Осы кезде Қабылхан Алмат (таймкипер) бокстың басталуын жариялайтын дабыл (гонг) соғады.

Мұғалімдер мен оқушылар, бүгін біз «Математикалық бокс» атты интеллектуалдық -шоуымызды бастаймыз. Бүгінгі сайыста бір-бірлерімен күш сынасатын 3 топ бар. Үш топтың барлық мүшесі өз білімі мен ойының ұшқырлылығымен көзге түскен алғыр әрі білімді оқушылар . Ендеше ду қол шапалақпен оларды ортаға- рингке шақырамыз.

«Спорт» телеарнасының жүргізушісі Нұрлан Меруерт (теледидар макетінің артында отырып жүргізеді) : Арма ағайын! Тікелей эфирде аты алты алашқа әйгілі «№172 спорт сарайында» өтетін бокс. Қазақсанның түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап иелері біліммен күш сынасып, рингке шығуға білектерін сыбана дайын тұр. Спортшыларымызға сәттілік! Қай спортшы басым түсерін әзірге білмейміз, дегенмен өз спортшыларымызды қолдап, жігер беріп отырайық, қадірменді көрермендер! Бүгінгі өтіп жатқан бокстың демеушісі болған «Аянат - оқушылар құрал жабдығы » дүкеніне алғысымызды білдіреміз! Боксшыларымыздан мықты әрі дәл соққылар күтеміз!

Жүргізуші: Сақа Дарын:

  • Рингіміздің «Көкпеңбек» бұрышында отырып, Көкпеңбек жейдеде өнер көрсететін боксшы - математик, күрестен үш дүркін әлем чемпионы - Әділет Жетпісбаев, лақап аты: «Ақсақалды Әділет» Оның бапкері, есептеуіш -модель, ерекше көзілдірігі бар, әзілстанның үш дүркін «Дарынды күлегеші» дәрежесіне жеткен - Аделя Тасполатова, лақап аты: Майысқақ Аделя
  • Ендігі кезекте рингіміздің «Қызғылт-сары» бұрышына қызғылт-сары жейдедегі өзі сары, жаны қазақ, алгебрадан озат, Генадий Головкиннің інісі Томақаев Шыңғысты шақырамыз, лақап аты: «Арыстан» Оның бапкері «санамақ» ойынынан жүлдегер, кезінде математикалық бокстан жеңімпаз болып тәжірибе жинаған, қарсыласын 78- раундта ойсырата жеңген - Дарубай Меруерт. лақап аты: «Да-а ! Меру»
  • Рингіміздің «Қанқызыл» бұрышына келесі болып қызылға жақын, қан қызыл жейдесінде күш сынасатын математикалық-бокстан 4 дүркін аудан мектептерінің чемпионы, Сейфуллин Жолбарыстың гитара тарта алмайтын інісі, қарсыласын аямайтын, азулы да ашулы - Жарас Мұхаметали . Ия -ия қателеспедіңіздер сол Муххамед Алидің туысы . Лақап аты «Жара Али» Оның бас бапкері, крышасы - тірегі, кезінде бокстан талай шәкірт тәрбиелеген, атақты Майк Тайсонға санауды үйреткен, тәжірибелі бапкер - Маржан Ырғынбай. Лақап аты : «Марджан»

(Аты аталған оқушылар иықтарына шапан жауып, бокс қолғаптарын киіп, бапкерінің және қолдаушысының ортасында бокстағыдай рингке әр түрлі әуенмен шығады)

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_114046.jpg C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_113958.jpg

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_114706.jpg C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_115714.jpg

Ал енді, кешіміздің негізгі жанашырлары, әділқазылары «бүйрек» судьяларымен таныс болыңыздар!

  • Оң қапталдағы «бүйрек» судья «Да-а ! Меру . . . » мен бірге шыныққан, Василий Жировтың бапкері- Өміржан Жансая. Лақап аты «Джон Сая»
  • Ортадағы «бүйрек» судья 1 -сыныптан бері досына дос, қасына қас болып келе жатқан «Ақсақалды Әділеттің» көршісі- Муся, яғни Оразов Мүсілім.
  • Сол қапталдағы «бүйрек» судья бокстан хабары жоқ, кіп-кішкентай болып алып, талай санмен санасуға шыққан, «Арыстан» -Шыңғыстың інісі- Мухаммед Али.

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_115833.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\Талғат сабақ жоспарлары\математикалық бокс\IMG_20150124_161730.JPG

(Үшбұрышты фигура негізінде құрылған рингте үш боксшы бір-бірімен беттеседі. Әрқайсысы өз киімдерімен түстес бұрышқа барып отырады. Ал оларды қолдап тұратын үш боксшының бапкерлері қолына қағаз алып, шәкірттерін сұрақтарға дайындайды. )

«Спорт» теле арнасының жүргізушісі Нұрлан Меруерт: Қадірменді көрермен, дәл қазір күш сынасатын боксшыларымыздың есімі анықталды. Алғашқы раундтың қалай басталатынын, бокс ережелерін жүргізуші асықпай түсіндіруде. Қос боксшының тренерлерінен қобалжумен қатар, көздерінен үлкен от ұшқынын байқалып тұр. Бап шабар ма екен, бақ шабар ма екен? Бірге көз жеткізелік.

Жүргізуші: Сақа Дарын:

Бұл тартыс «математикалық бокс» деп аталады. Математикалық бокс - математикалық сұрақ - жауап сайысы. Боксшылар бір біріне математикалық сұрақтар қою арқылы сайысады. Әр жұп 2 раундтан бокстеспек. 1 раунд-3 минут. Арасында 1 мин үзіліс. Үзіліс уақытында Рахымжан Нұрғиса патриоттық әндер қойып, көрермендер мен боксерлерді жігерлендіріп отырады. Сұрақ қойған оқушы қарсыласы жауап бергенше сұрақтарды қатарынан қоя береді. Егерде боксшының біреуі қатарынан 5 соққы - сұрақ жаудырса, яғни қарсыласы қатарынан қойылған бес сұраққа жауап бере алмаса нокаутпен жеңіледі. Айта кетейін 1- соққы - қызықты әрі математикаға қатысы бар 1 сұрақтан тұрады. Ерекше үшбұрыш рингте үш боксшы бір-бірімен жан алысып, жан беріседі.

Алғашқы жекпе-жекті айқындау үшін жақтары үш түске (көкпеңбек, қызғылт-сары, қанқызыл) қорапты лақтырамыз, текшенің қай түсі жоғары қарап қалса, сол түстегі боксер демалады. Рингтегі төреші (рефери) осы демалып отырған топтың жаттықтырушысы - бапкері болады. Ал келесі екі топ өзара күш сынасады. Келесі жекпе - жек жеңген топ пен үшінші топ арасында жалғасады. Ендеше СӘТТІЛІК!!! Ең үздік, ең білімді, ең жылдам боксер жеңіске жетеді деп сенеміз.

Боксерлердің әрбір раундтары таймкипердің дабылымен (гонг) басталып, дабылмен аяқталады.

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_161311.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\Талғат сабақ жоспарлары\математикалық бокс\IMG_20150124_152533.JPG C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150124_120137.jpg

Бокс кезінде топтардың дайындаған сұрақтары (жоба) :

Қанқызыл бұрыш

1. Синустың 30 градустағы мәнін айт.

2. 1/х -тің туындысын айт.

3. Тауық бір аяғымен 2 кг, екі аяғымен қанша?

4. 1 кг тұз ауырма? 1кг мақта ауырма?

5. Ағаш басында 5 балық отыр, оған кеп 9 балық қосылды барлығы қанша болды?

6. 1 кг етті пісіру үшін 2 сағат қажет, 3 кг етті пісіру үшін қанша уақыт керек?

7. Айшаның бойы 15 дм 5 см, Салиманікі 155см қайсысы ұзын?

8. 2 адам тоғызқұмалақ ойнады, Әрқайсысы қанша сағаттан ойнады?

9. 4 жұмыртқа 10 мин піседі, 6 жұмыртқа неше мин піседі?

10. 1-ші аксиоманы айт

11. Түзуде қанша нүкте болады?

12. Кімнің шашына жауын жауып тұрғанда су тимейді?

13. Батыржанның 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының қарындасы ба.

Батыржанның қанша баласы бар?

14. cos- тың⁡2-ші ширектегі таңбасы қандай?

15. Түнгі сағат 10да жауын жауып тұрса, 23 сағаттан соң күннің ашық болуы

мүмкін бе?

16. у=2/х графигінің атын айт.

17. у=3х графигі ұандай фигура?

18. Математика кабинеттерінің номерін ата.

19. 9*8 =?

20. +∞ - жаққа қандай жақша қойылады?

21. х - тің екі дәрежесінің туындысын айт.

22. cos - тың 45 градустағы мәні қанша. ⁡

23. 1, 5 сағат пен 90 минуттың қайсысы көп.

Көкпеңбек бұрыш

1. Cosx-тың периоды?

2. Қаз 1 аяғымен тұрса 30 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

3. Мектепте неше математиика кабинеті бар?

4. 12 нің 2 дәрежесі неге тең?

5. Х-тың туындысы?

6. Төртбұрыштың 2 қабырғасын қиып тастаса неше қабырға қалады?

7. Тұрақты санның туындысы нешеге тең?

8. Ұшақ Алматыдан Астанаға дейін 1сағ 40 мин журеді, ал қайтар жолда 100

мин журеді. Мұны қалай түсіндіресін?

9. 16*12 =?

10. Sin 300 градуста қаншаға тең?


Ұқсас жұмыстар
Эрудит математикалық-танымдық интеллектуалдық ойынының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
№172 мектеп-гимназиясының 2014-2015 оқу жылы 7-сынып оқушыларына арналған Информатика әлеміне саяхат сайысының бағдарламасы
Талдықорған қаласы №16 орта мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына арналған математикалық Брейн-ринг сыныптан тыс ойын жоспары
3 «а» сыныбына арналған XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынының сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған ақпараттық сауаттылық: Ақпараттық калейдоскоп интеллектуалдық сайыс сабағы (№172 мектеп-гимназия, 2015-2016 оқу жылы)
10-сыныпқа арналған Екі жұлдыз математикалық интеллектуалдық шоуының сценарийі
Тайынша қаласы №5 орта мектебі үшін 6-сыныпқа арналған Математикалық логика пәнінің оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Ақтау қаласы №13 орта мектеп-гимназиясының Алтын күз танымдық кешінің сценарийі
Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы №97 балабақшасы Айна тобының 2011 жылғы балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
4-сыныпқа арналған интерактивті қазақ тілі сабағы: Алматы қаласы, көрікті жерлері және буындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz