Қазақстанға саяхат. 4-сынып

Тақырыбы: «Қазақстанға саяхат»
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:
слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан - Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Түрі: ойын - викторина
Барысы: 1. Психологиялық ахуал туғызу
1. «Менің Қазақстаным» аялдамасы
2. «Сандар сыр шертеді» аялдамасы
3. «Менің Президентім» аялдамасы
1-оқушы. Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2-оқушы.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
3-оқушы.
Қ. Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
«Менің Қазақстаным» аялдамасы
Мұғалім.
-Біздің еліміз қалай аталады?
Біздің еліміз қандай?
Республикамызда қанша облыс бар?
Біз қай облысқа қараймыз?
Тұрып жатқан қаламыз қалай аталады?
Біздің қаламыз әлемге несімен әйгілі?
«Сандар сыр шертеді» аялдамасы
4-оқушы.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады
5-оқушы
1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
6-оқушы.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
6 - шілде 1940 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
7-оқушы.
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
8-оқушы.
1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
9-оқушы.
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
10-оқушы.
2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
11-оқушы.
1995 жылы 28 - қаңтарында тәуелсіз ҚР - ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Менің Президентім» аялдамасы
12 - оқушы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды
13 - оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
14- оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
15- оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.
Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
16 - оқушы: 1998 жылы 10 - маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
17 - оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
18 - оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
19 - оқушы:
Мұғалім.
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz