Шоқан Уәлиханов ОМ Үздік информатик - 2015 сайысының сценарийі мен өткізу жоспары

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Шоқан Уәлиханов ОМ

Информатика пәні мұғалімі:

Достаева Г. С.

Сайыс тақырыбы: «Үздік информатик - 2015»

Сайыс мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Итнерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру
  2. «Кім тапқыр?»
  3. «Суреттегі сөздер»
  4. «Мықты болсаң…»
  5. «Өнерпаз болсаң»
  6. Қорытынды

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Үздік информатик - 2015» сайысына қош келдіңіздер!

- Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» бастайық! Сөз кезегін «Windows» және «Вирус» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отыра келесі кезеңді бастайық.

2-ші кезеңі «Кім тапқыр?»

Мұнда әр ойыншы бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1 топқа сұрақтар:

1. Интернет не үшін керек?

2. Компьютердің бағасы қанша?

3. Компьютер не үшін қажет?

4. Ноутбук сатып алғың келе ме?

2 топқа сұрақтар

1. Компьютер алдында қалай отыру керек?

2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?

3. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?

4. Вирусты қалай жояды?

5. Интернеттен не іздейсің?

6. Агентте кімге хат жазасың?

3-ші кезеңі «Суреттегі сөздер»

Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.

1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, әділ-қазылар суреті, колонка, калькулятор, процессор.

2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке көрсетіледі : сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.

4-ші кезеңі «Мықты болсаң…»

Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.

5 ұпай - экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

5 ұпай - Caps Lock пернесінің қызметі?

5 ұпай - ақпараттың өлшем бірліктерін ата?

10 ұпай - Операциялық жүйе қызметі?

10 ұпай - Бейне сұрақ: «Ақпарат» сөзі қандай тілден шыққан, мағынасы нені білдіреді?

10 ұпай - Microsoft фирмасын құрған адам?

20 ұпай - адам мен компьютер арасындағы байланыс?

20 ұпай - Бейне сұрақ: «Абак» деген не?

20 ұпай - Мультимедиа деген не?

Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі кезеңге көшейік.

5-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң»

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып , - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған Үздік информатик сайысының сабақ жоспары мен өткізу бағдарламасы
Үздік информатик тобы сайысының жоспары мен кезеңдік тапсырмалары
Үздік информатиктер: білім сайысының сценарийі және өткізу жоспары
№122 орта мектебінің Ең үздік оқушы білім сайысының сценарийі мен өткізу жоспары
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептегі Математика пәні апталығының өткізу жоспары (2012-2013 оқу жылы)
Шоқан Уәлиханов: өмірі мен ғылыми-зерттеу қызметі
Шоқан Уәлиханов: өмірі мен көпсалалы ғылыми мұрасы
Шоқан Уәлиханов - ғалым және тәуелді септеу
Ең үздік тарихшы мектепішілік тарих сайысының бағдарламасы мен өткізу тәртібі
7-8 сынып оқушыларына арналған Тапқыр информатик сайысының сценарийі мен тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz