Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.
«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның
педагогы қажет” деген».
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру,
шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты
жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды
қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны
меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі
қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби
шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы
– бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор
жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен
тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде оқушының
ойлауы мен тілін дамытуда. Дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен
міндеттердің тұрғанын мәлім. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды
пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің
грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің
қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру,
дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан - жақты
дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін,
ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап,
мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Әр сыныптың
бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен
тынбай, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу керек деп
ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” және
“Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде
де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің
бәрін істеу керек” деген тұжырымдары бар.
Біз ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз
анық. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға
қоямыз. Жеті модульді сабақты жоспарлауда қолданудың тиімділігі, сабақ
тартымды, әсерлі, айқын, мақсатты, қызықты және толықтай мәнді болады.
Жоғарыда айтылғандай сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу
тәсілін білім мазмұнын әлемдік стандартқа жеткізу үшін жаңаша оқу үдерісі
арқылы өз ойын еркін айтатын, өзіне сенімді, жан-жақты ойлай алатын,
ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, бірнеше тілді білетін
оқушыларды дайындау үшін мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру керектігін
түсіндім.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-
өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге
қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны
қалыптастыру болып отыр. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы
ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра
білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да
болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне
сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына,
сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-
тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек,
балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Мен көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне
көңіл бөлемін. Шәкірт бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс
жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен
қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз
ойларын ортаға салып сол ойларды көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға
тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын: Сыйластық
; Жауапкершілік ; Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;
Сөйлесуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру; Топта
ұтымды жұмыс істеу. Өз ойларын ашық айтуға жетелеу. Өздерін және өзгені
бағалау. Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет
кезде кірісіп сөйлеп кету;
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы; Жиі- жиі ой талқасын
жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету; Сабақта
өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы; Бір
нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы; Бірлесіп жұмыс жасау
кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына
қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға
салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын
көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін
ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық
оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен
терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал ұстаздың мақсаты-
оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі
түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін
жоғарлайды.
Жаңаша жаңғыртып оқыту, интерактив әдістер, жаңа технологиялар тіл
үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға
бағытталған. Бірақ бұның бәрі оқытушының шеберлігіне байланысты,
оқытушы үнемі ізденісте болуы қажет. Мұғалім жұмысты ұйымдастыра білуі
қажет: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, оқушының әрекетін
бақылау және бағалау, мұғалім шәкірттердің кеңесшісі болады. Жұмысты
ұйымдастырып, топқа бөліп, әр топқа тақырып беріп, оларды талқылау
көзделеді. Келесі әр шәкіртке жеке-жеке тапсырма беру, одан кейін жұптық
тапсырмаға әр түрлі тапсырмалар беруге болады. Соңында бүкіл топ өз
жұмыстарының нәтижесін талқылайды, бір-бірін бағалайды.
Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген
мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Қорыта
айтқанда, жаңа әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың
шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды
мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі сабақта
тиімді әдіс –тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану ұстаздың біліктілігі мен
әдістемелік шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті
үштұғырлы тілін дамытуда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын,
пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу
жолында «СТО» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін көптеп тигізері анық.
Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың
жандүниесі сенім ен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын. Қашан да
білімді ұрпақ-болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры-жас
ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу»
моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз»-деген пікірі
өзгерем деген әрбір оқушының да, мұғалімнің де, басшының да рухани азығы
болуы тиіс. Олай болса келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді,
яғни интеллектаулды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Торжанова Айгүл Дайырқызы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz