Қазақ тілі. түбірлес сөздер 52-58-жаттығулар. әдебиеттік оқу. құстар айтысы әдебиеттік оқу. б.майлин

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Т. Жүргенов №123 орта мектебі
Баймахан Қалампыр Ақбергенқызы
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3топқа бөлу. Ітоп «Түбір», ІІ топ «Жалғау», ІІІ топ «Жұрнақ» .
"Ережелер алаңы"сұрақ-жауап әдісі
ІІІ. Мақсат қою кезеңі : С абақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 51-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.
52-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.
Тасты жонып қашаған,
Әсем мүсін жасаған.
Мүсінші аға өнерін
Өте жақсы көремін.
53-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші.
54-жаттығу. Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады. Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой.
55-жаттығу. Артық сөзді табу: 1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен. 2. Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле. Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің? Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба?
Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау.
ҮІ. Бекіту:57 -жаттығу. Сызбамен жұмыс. Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру. Шаңғы - түбір, шы - жұрнақ.
а) оқулықпен жұмыс. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.
VІІ. Рефлексия. Кері байланыс
Не ұнады?
Не қиын болды?
Ұсыныс, тілегің?
Оқушыларды бағалау.
Топ жетекшісінің бағалауы, «Мен түйген ой» өзін - өзі бағалау, авторды бағалау, «Бағдаршам» арқылы бағалау
“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны. Ой қозғау. Топтастыру
Сыни ойлау. Әңгіме кестесі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. «Ой қозғау» әдісі
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (Ұя)
Орман дәрігері(тоқылдақ)
Қыстап қалатын құс (қарға)
-Жарайсыңдар, балалар.
2. Тақтаға - қарға, торғай, кептер суреттері ілінеді.
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
-Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
-Құстар туралы.
-Неліктен?Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.
ІV. Мағынаны тану.
-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.
Үнді ертегісі.
2. Оқулықпен жұмыс.
а/Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.
ә/Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.
б/Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
в/Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.
г/Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.
-Құстар тордан қалай құтылмақ болды? Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді? Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады? Құс аулаушы торды не істеді?
IV. Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.
3. Сын тұрғысынан ойлау. «Т» кестесімен жұмыс.
Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.
1-топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
2-топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
3-топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
. "Жақсы-жаман" дидактикалық ойынын ойнату.
Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау, жаман қасиет болса тыныш отырады.
-Гүлдерге су құю.
-Ағаштарды сындыру.
-Құстарға жем шашу.
-Құстардың ұясын бұзу.
-Ағаштардың түбін қопсыту.
-Гүлдерді жұлу.
-Құстарға ұя жасап беру.
-Құстарды рогаткамен ату.
Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған?Ынтымақ, алауыздық, енжарлық -осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа тапқызу.
1-топ
«Ынтымақ»сөзін қалай түсінесің?
2-топ
«Алауыздық»сөзін қалай түсінесің?
3-топ
«Енжарлық»деген сөзді қалай түсінесің?
-Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде қолданылған?
-Балалар, осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?
Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?
Неліктен?
А) Таласқан құстар.
Ә) Құстар мен құсбегі.
Б) Тордағы құстар.
-Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
-Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін . . .
-Базарға сатып, ақша алуы мүмкін . . .
-Асырауы мүмкін . . .
-Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады? (жан-жануарлар)
Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
Ынтымақты ел озар.
1. Сергіту сәті.
Жеке жұмыс
V. Рефлексия. Кері байланыс
Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім . . .
Меніңше мен . . . орындай алмадым, өйткені . . .
Топтық бағалау,
Екі жұлдыз, бір тілек, мадақтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz