6-сынып информатикасы: тармақталу алгоритмі - анықтамасы, түрлері және практикалық тапсырмалары

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тармақталу алгоритмнің қызметші сөздерін қолдана отырып берілген есептің алгоритмін

құруға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық әдіс

Сабақтың көрнекілігі: ДК, экран, презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

ІІІ. Білімді маңыздылау

  1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шыққан?
  2. Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер?
  3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

ІV. Үй тапсырмасын тексеру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тармақталу алгоритмі дегеніміз - іс-әрекеттердің логикалық шартты тексере отырып, тармақтала орындалуын сипаттайтын алгоритмдер. Тармақталу алгоритмінде егер , онда , әйтпесе , бітті түйінді сөздері қолданылады. Тармақталу алгоритмінде міндетті түрде шарт қойылады. Шарт - тексеру нәтижесінде «иә» (ақиқат) немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір.

Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасы:

жоқ (-) иә (+)

Тармақталу алгоритмі 2 түрге бөлінеді: толық тармақталу, қысқаша тармақталу.

Толық тармақталу:

егер шарт иә жоқ иә жоқ

онда 1-серия

әйтпесе 2-серия

бітті

Қысқаша (толымсыз) тармақталу:

егер шарт

онда серия

бітті;

1-мысал: А және В сандары берілген. Екі санның үлкенін табу.

Алг ЕСҮТ ( арг нақ А, В, нәт лит max)

басы

енгізу А, В

eгер А>В

oнда max:= A иә жоқ

әйтпесе max:= B

бітті

шығару max

соңы

VІ. Жаңа білімді бекіту (Оқулықпен жұмыс)

Практикалық жұмыс №4

Дәптерге түйінді сөздер арқылы алгоритм құру және блок-сызбасын көрсету.

Есеп: Табаны B, биіктігі H үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм құру. Формуласы: S=B*H/2

Практикалық жұмыс №5

Есеп: Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі мен блок-сызбасы және программасын жазу.

Практикалық жұмыс №7

Есеп: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі бойынша алгоритм құрыңдар.

VІІ. Қорытынды

Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:

  • Алгоритм түрлері, құрылымы;
  • Алгоритмнің синтаксистік және семантикалық ережелерін;
  • Түйінді (қызметші) сөздерді қолдану.

VІІ. Үйге тапсырма: §

1. Массасы 50, 100, 150, . . . 1000 г сары майдың құнын анықтау алгоритмін құрыңдар. 1 кг сары майдың бағасы - 300 теңге.

2. Шаршыға дөңгелек сыйғызу алгоритмін құру.


Ұқсас жұмыстар
Тармақталу алгоритмі: қайталау сабағы және практикалық есептер
6-сынып қазақ тілі сабағы: Біріккен сөздер - анықтамасы, түрлері және практикалық жаттығулар
Антонимдер: анықтамасы, түрлері және практикалық жаттығулар
Тармақталу алгоритмі мен шартты көшу операторлары: блок-схемалар және Pascal тілінде қолдану
9-сынып информатикасы: компьютерлік желілер - түрлері, топологиясы және практикалық қолданылуы
9-сынып информатикасы: шамалармен жұмыс алгоритмі және Pascal тілінде квадрат теңдеулерді шешу (практикалық сабақ, этнопедагогикалық элементтер)
6-сынып информатикасы: Ақпараттың мазмұны, түрлері және қасиеттері - сабақ жоспары
6-сынып информатика сабағы: алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік)
Информатика: 4-сыныпқа арналған сызықтық және тармақталу алгоритмдері бойынша сабақ жоспарлары, бақылау жұмысы және 5-6 сынып тест жауаптары
Тармақталу алгоритмдері мен олардың Паскаль тіліндегі программалық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz