Жарық толқындарын қайталау

Қалдыбаева Түймегүл
Шымкент қаласы, №31орта мектебінің
Физика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Оптика бөлімі. Жарық толқындарын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жарық жылдамдығын, Гюйгенс принципін, толқындардың шағылу және сыну заңын, жарықтың дисперциясын, механикалық толқындардың интерференциясын, жарықтың дифракциясын қайталап есте сақтау, оқушылардың білімдерін тексеру.
б) тәрбиелік: Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын электрлік қондыр-ғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзіндік көзқарасын танытып, пікір айтуға жаттығу, оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік техниканың ережелерін сақтауға дағдыландыру.
в) дамытушылық: Оқушының алдына күрделі сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетіл-діру. Танымдық дағдысын дамытып, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірімділік кестелер, плакаттағы суреттер, қаттамалар, Ньютон мен Гюйген суреттері.
Сабақтың құрал-жабдығы: суы бар стакан, таяқша, лампа, призма, линзалар, экран, суы бар ыдыс, штангенциркуль, дифракциялық тор және решетка.
Пайдаланған әдебиеттер: 11 сынып оқулығы, физика және астрономия ғылы-ми әдістемелік журнал, Д. Қазақбаева есептер шығару және күрделі есептер жина-ғы кітабы.
Пән аралық байланыс: астрономия, математика, алгебра, химия, тарих, гео-метрия, медициан.
Сабақтың түрі: танымдық дәстүрлі сабақ. Жүйелі оқу.
Сабақтың типі: өткен сабақты қайталау, білімді жинақтау, жүйелеу.
Сабақтың әдісі: а) жаңаша оқу әдісі.
ә) сұрақ-жауап әдісі.
б) топ, жеке, жұп, қатармен жұмыс.
в) тест.
г) оқушыларжауаптарына талдау жасау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
б) көңіл-күйін байқау.
в) оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
Үй жұмысын сұрау: қатармен жұмыс
1-ші қатар: Ньютонның корпускулалық теориясы мен Гюйгенстің толқындық теориясының айырмашылығы неде?
2-ші қатар: Жарық жылдамдығын өлшеудің астрономиялық тәсіліне түсінік беру.
3-ші қатар: Жарық жылдамдығын өлшеудің әдісіне түсінік бер.
Үй жұмысына талдау жасау.
Жаңа сабақ өту:
- Сызба нұсқамен түсіндіру.
- Толқындардың шағылу және сыну заңы.
- Жарықтың дисперциясы.
- Механикалық толқындардың интерфенциясы.
- Механикалық толқындардың дифракциясы.
Сызба нұсқадағы талдау, күрделі мәселені, әсер ету күшіне деңгейлеп талдау жасау.
1 деңгей: үлгерімі төмен оқушыларға
а) талдауды табу және түсінік беру
2 деңгей: үлгерімі орташа оқушыларға
ә) әсер ету күшін (факторын) табу және түсінік беру
3 деңгей: дарынды балалармен жұмыс
б) күрделі мәселені табу және түсінік беру
Оқушылардың жауаптарына талдау жасау.
Топ жұмысын жүргізу - есептер шығару
1-топ есебі:
Пішіні төртбұрыш тәрізді аквариумғасу құйылған. Сәуленің әйнек қабырға-сына түсу бұрышы 78. 1 0 . Сәуленің судағы әйнектен шығар жеріндегі сыну бұрышын табыңдар.
а) қабырға қалыңдығына
б) әйнектің берілген түрінің сыну көрсеткішіне тәуелді бола ма?
α
n 1
ά
су n 2
β
β n 3
2-топ есебі.
Бала таяқты тереңдігі 40 см бұлақтың түбінде жатқан нәрсеге тигізбекші болады. Егер бала дәл көздеп, таяқты су бетін 45 0 бұрыш жасап қозғаса, нәрседен қандай қашықтықта түседі.
Β α
β Һ су
A D C
3-топ есебі:
S 1 және S 2 когерентті екі жарық көзі ұзындығы 60нм монохроматты жарық шығарады. Егер ОС = 4м және S 1 және S 2 = 1мм болса, экранда алғашқы мак-симум жарықталынудың О нүктесінен қандай қашықтықта болатынын анық-таңдар.
S 1 S 2
А В
0
4-топ есебі:
Периоды 0. 01 м дифракциялық тордан 3 м қашықтықтағы экранда алынған 1-ші ретті спектордың барлық (толқын ұзындығы 0. 38 ден 0. 76мкм-ге дейінгі аралықта) ені қандай болады.
Оқушының өзін-өзі бағалауы - есептердің жауаптары шығару жолдары кадоскоп арқылы көрсетіледі.
1-ші есеп жауабы:
Берілгені: Формуласы:
α=78, 1 0
nсу=1, 33 sinβ=n 1 /n 2* sinα
sinβ=n 2 /n 3* sinα=n 1 n 2 /n 2 n 3* sinα
т/к: β-? Шешуі:
β=arcsin (1/1, 33 * sin78, 1 0 ) =47, 4 0
бұрыш қабырға қалыңдығына, әйнектің берілген түрінің сыну көрсеткішіне тәуелді емес.
2-ші есеп жауабы:
Берілгені: Формуласы:
α=45 0
Һ=40 см sinβ=sinα/n
DC=BCtqα=BCsinβ/√1-sin 2 β
т/к: β-? AD=AC-DC=BCtqα-BC*sin β / √1- sin 2 β
Шешуі: AD=40(1/√(1. 3) 2 -(0. 7) 2 ) =14 см
3-ші есеп жауабы:
Берілгені: Формуласы: S 1 S 2 << OC
Λ=600Hм =6*10 -7 м S 1 ОS 2
ОС=4м
S 1 S 2 =1мм=10 -3 м 2П Δα/λ = 2П
т/к: α-? Δα = λ* ОС/ S 1 S 2
Шешуі: Δα = 6*10 -7 * 4м/10 -3 м = 2. 4 мм
4-ші есеп жауабы:
Берілгені: Формуласы: sinφ≈φ << 1
k=1 млм Δ φ=φ(λ 2 ) - φ (λ 1 ) = (λ 2 - λ 1 )
λ 1 =0, 38 мkм
λ 2 =0, 76 млм Δd = Δ φ 1 = (λ 2 - λ 1 ) 1/d
1=3м=3000мм
d=0, 01 м td ≈ φ
т/к: Δd-?
Шешуі: Δd = (0, 76 млм - 0, 38 мkм) *3000мм/0, 01 мм = 11 см
Есептерге талдау жасау.
Оқушылардың сергіту уақыты - жеке жұмыс
Үш санының қасиеттері туралы әр бала жеке сөздер табады.
Үш тоқтам Үш қуаныш
1. Ақыл - арқан 1. Алғыс айту.
2. Ой-өріс 2. Өзіңді көптен іздеуі
3. Адам - қазық 3. Ісіңнің өшпеуі
Үш тәтті Үш биік
1. Жан тәтті 1. Билік
2. Бала тәтті 2. Дәйлет
3. Жар тәтті 3. Даналық
Үш мақсат Үш алыс
1. Сауда мақсаты - ұту 1. Жер мен көк алыс
2. Жол мақсаты - жету 2. Кәрі мен жас алыс
3. Дау мақсаты - бұлақ 3. Жақсы мен жаман алыс
Үш көз Үш даусыз
1. Су арнасы - бұлақ 1. Мінез даусыз
2. Жол анасы - тұяқ 2. Кәрілік
3. Сөз анасы - бұлақ 3. Ажал даусыз
Үш - қуат Үш кемтік
1. Ақыл қуат 1. Зұлымдық
2. Жүрек қуат 2. Еріншектік
3. Тіл қуат 3. Надандық
Жалпы сыныпқа тест-10 сұрақ
1. Жарық Күннен жерге дейін қанша уақытта жетеді?
а) 8 мин
б) 8 мин 20 сек
в) 20 сек
2. Вакуумдағы жарық жылдамдығы қаншаға тең?
а) 3*10 8 м/с
б) 3*10 5 м/с
в) 3*10 6 м/с
3. Жинағыш линзаны көрсет:
1 2 3 4
а) 1 б) 2 в) 3 с) 4
4. Шашыратқыш линзаны көрсет:
1 2 3 4
а) 1 б) 2 в) 3 с) 4
5. Оптикалық күштің өлшем бірлігі:
а) м
б) км
в) дптр
6. Шағылу заңын көрсет:
а) sinα/sinβ=n
б) v 2 /v 1 =1/n
в) α=γ
7. Cыну заңын көрсет:
а) sinα/sinβ=n
б) v 2 /v 1 =1/n
в) α=γ
8. Ньютон спекторды ақ жарық арқылы қандай заттың көмегімен жүзеге асырады:
а) призма
б) линза
в) айна
с) жарық
9. Жарық жылдамдығын өлшеудің лабораториялық әдісін кім қай жылы өлшеді:
а) О. Ремер - 1676 ж
б) Х. Гюйгенс - 1690 ж
в) Т. Юнг - 1800 ж
с) И. Физо - 1849 ж
10. Ортаның абсолютсыну көрсеткіші қандай бірлікпен өлшенеді:
а) атаусыз шама
б) люкс, люмен
в) генри, фард
Тест жауаптары тақтаға ілінеді:
- б, 2. а, 3. б, 4. а, 5. в, 6. в, 7. а, 8. а, 9. в, 10. а.
Тест бағасы:
Қате жоқ - «5»
1 қате - «4»
2-3 қате - «3»
4-10 қате - «+»
Тест жауаптары кадаскоп арқылы көрсетіледі, әр жұп бірін-бірі тексеріп бағалайды және тестке талдау жасайды.
Үлгермеушілермен жұмыс-кеспе сұрақтары:
- Шағылу заңының анықтамасы
- Сыну заңының анықтамасы
- Ньютонның жарық дисперсиясы туралы түсінік беру
Дарынды оқушылармен жұмыс-кеспе сұрақтары:
1. Шаңылу заңының көмегімен жазық айында нүктелік жарық көзінің кестесін қалай салады?
- Сынудың салыстырмалы абсолют көрсеткішінен айырмашылығы неден?
- Табиғи жарықтың поляризацияланған жарықтың қандай айырмашылығы бар?
Сұрақтарға талдау жасау?
Өтілген сабақтарды қорытындылау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz