Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Диалогтік оқытудың тиімді жолдары



Молдахметова Сауле Зылғарақызы.

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Сарыкөл ауданы, Қараоба ауылы
Б.
Өтетілеуов атындағы орта мектебі

Диалогтік оқытудың тиімді жолдары
Диалог – сын тұрғысынан ойлауды дамытудың басты жолы. Әр сабақта
қолданылатын әдістердің бірі сұрақ – жауап, оқушының өз ойын жеткізу,
пікірін білдіру дағдысын жаттықтырады. Көптеген ұстаздар бұл әдісті ең
жеңіл деп табады, алайда сұрақты орынды қоя білу, оқушының жауабын дұрыс
қабылдай алудың өзі мұғалімнен кәсіби шеберлікті, төзімділік пен
түсінушілікті қажет етеді.
Сабақ барысында мұғалім оқушының білім деңгейін анықтау мақсатында
қолданылатын сұрақтарды молынан пайдаланып, баланың ойын, идеясы мен
көзқарасын білдіре алатын сауалдарға мән бөлмейтін жағдайлар көп кездеседі.
Білім берудегі бүгінгі күннің талабы еркін, өзіндік дәлел-уәждерін
нанымды жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған тұлғаны
қалыптастыру болғандықтан, оқушыларға пікірлерін білдіре алатындай етіп,
сұрақ қоюды қолдануымыз шарт.
Сыни тұрғысынан ойлау модулін әр сабағымда қолданып келемін. Бұған
басты себеп оқушыларымды сыни тұрғысынан ойлауға үйрету, яғни балаларымның
өз пікірі мен ойын жүйелі, толық жеткізу, терең ойлау, өзгелердің пікірі
мен көзқарасын қабылдау, өмірдегі өз құндылықтарын анық танып білу
дағдыларын арттыру. Осыған қол жеткізу жолында, сабақтарымда келесі
тапсырмаларды молынан қолдандым:
- салыстыру;
- мінездеме беру;
- эссе, хат, өлең жазу;
- бір-бірінің жұмыстарына пікір айту;
- сұрақ- жауап
Осы тапсырмаларды топпен не жұппен жасатқан кезде, оқушылар арасында пайда
болған диалог арқасында, балалардың бір-бірін тыңдау, сыйлау сезімдері
және өз ойын дәлелді жеткізу дағдылары қалыптасқанына көз жеткіздім.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының
ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме-
дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме (Мұғалімге арналған нұсқаулық).
Мерсердің әр түрге беріп кеткен сипаттамаларына сүйене отырып, өз
тәжірибемде зерттеушілік әңгіме орын алғанын байқадым. Топпен не жұппен
жұмыс жасау барысында, әр оқушы өз идеясы мен жауабын ұсынады, қалғандар
оған сыни көзқараспен қарап, сұрақтар қойған сәтте, жауабын ұсынған
оқушы тарапынан дәлелдемелер орын алып жатады.
Оқушылар жұппен не топпен жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен
өзара бөліседі, содан соң бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы
жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде, оқушыларға өмірде
кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір
жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын
көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып,
оқушылардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын,
болашаққа болжам жасай және шешім қабылдай алатынын байқадым. Осы
сабақтағы оқушыларымның әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға
келдім: «серіктестермен әңгімелесу» әдісі оқушыларды бір-бірінің
ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып,
жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп, өз ойын дәлелді жеткізу
қабілеттерін дамытып, оқушы бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.
Өткізген сабақтарымның топтамасына сүйене отырып, диалогтік оқыту
әдісі қолданылған сабақтарымның талдауын жасау арқылы, дұрыс құрастырылған
сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, жүйелі сөйлеу,
пікірін білдіру дағдысын да жаттықтыратынын, яғни әлеуметтік ортада өзін
ұстай білу дағдысын қалыптастыратынын түсініп, келешек тәжірибемде
диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздедім.


Ұқсас жұмыстар
Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы
Диалогтық оқытудың тиімді әдістері
Тәлімгерлік жоспар
Оқыту нәтижелері
Интерактивті тақтаны қолдану
Диалогтік оқыту туралы іс-әрекетті зерттеу
Топтар берілген суреттер бойынша диалогтік рөлдік ойын
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульі бойынша диологтік оқытудың тиімділігі туралы рефлексивтік есеп
Халық ауыз әдебиеті туралы
Сырттай бақылау
Пәндер