Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

7 санын қосу және азайту. математика, 1 сынып

Мұғалім: Кужамкулова Б.А.

Пән: Математика

Сыныбы: 1

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 7 санын қосу және азайту тәсілдері бойынша түсінік беру. Оқушының логикалық ойын дамытуға мүмкіндік жасау, қосу, азайту дағдыларын жетілдіру. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас
Түрі: жаңа
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,жұмбақ
Көрнекілігі: <<Бәйге>> ойыны, кестелер, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау
<<Бәйге>> ойыны. Магнитті тақтадан жылжымалы аттарды қоямын.
Үш қатарға үш атты белгілеп, жарысқа түсіремін.Қай қатардың оқушылары алғырлық көрсетсе, сол аттары ерге жылжып отырады да <<Бәйге>> ойынының жеңімпазы болады.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
5+2= 10-3= 1+6=
9-2= 4+3= 8-1=

3.Жаңа сабақ
-Балалар, не байқадыңдар? Қосынды мен айырманың мәндері 7-ге тең
Олай болса, бүгін біз санға 7-ні қосу және сонан 7-ні азайту тәсілдерін өтеміз.
Балалар, біздің сыныпқа цирк келіпті.Циркке билет алуымыз керек. Енді циркті тамашалайық.
Циркте жұрт самсаған
Мәз болса деп жар салам
Ду күлдірсем оларды
Қуанамын мен соған,-деп әліппе оқулығында тақпақтаған кім еді? (Сайқымазақ)
Осы кезде цирк аренасына балалардың күлдіргі кейіпкерлерін ортаға шақыру.

1.Сайқымазақтың тапсырмасы:
Санға 7-ні қосу және азайту тәсілдерін балаларға үйретіңіз деп маған тапсырманы беріпті.
+7= -7= 7+ =
+7= -7= 7+ =
+7= -7= 7+ =
-Балалар, кестеге назар аударайық.
-Ненің мәнін таптық?(қосындының)
-Мәндерін ата-8,9,10
-Қанша өрнек құруға болады?(3 өрнек)
2,7 санын көркемдеп жазу.Кестені жазу.

Сергіту сәті.
1,2,3,4,5,6,7 орныңнан тұр
7,6,5,4,3,2,1 орныңа отыр

Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан (Піл)
2.Пілдің тапсырмасы:
<<Кім тапқыр?>>ойыны.
1.Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз,
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине.(Кірпі)

3.Кірпінің тапсырмасы:
Тәрелкеде-2
Сауытта-?
Ш:6-2=4
Жауабы:4 кәмпит бар

4.Қоянның тапсырмасы:
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады(қоян)
3+7= 9-9= 5-0=
10-0= 2+7= 9-8=
3+6= 9-7= 2+7=
10-5= 8+0= 1+6=
Қоян саққұлақ болңандықтан, сендердің жауптарыңды естіп, қуанып қалды.Міне,біз, бүгін 7 санын қосу мен азайтуды үйрендік, 7-нің қасиетті сан екенін де білеміз.Жеті күн, жеті ата, жеті қазына.

-Жеті күнді кім атап бере алады?(Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
-Жеті күнді былай да бөлуге болады:бүгін,ертең, бүрсігүні,арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
-Жеті атаны кім атап береді?(ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
-Жеті қазынаны кім атап береді?
1.Ер жігіт
2.Сұлу әйел
3.Ақыл,білім
4.Жүйрік ат
5.Қыран бүркіт
6.Берен мылтық
7.Жүйрік тазы
Адамға серік,
Күзетке берік(Ит)

5.Иттің тапсырмасы:
Неше
Мысықта -3 дөңгелек
-8үшбұрыш
-6сәуле
Балапанда -3 дөңгелек
-6үшбұрыш
-0сәуле

4.Сабақты қорыту.
Ойын <<Жауабын тап>>
1+7 9 10-7 2
2+7 10 9-7 3
3+7 8 8-7 1
5.Бағалау. Фишкалармен бағаланады.

5 4 3

6.Үйге тапсырма
7санын қосу, азайту кестесін жаттау.


Ұқсас жұмыстар
Тақырып 9 санын қосу және азайту
Мақсат қою кезеңі
6 санын қосу және азайту
Тақырып - үш санын қосу және азайту
Неше ондық
Электронды оқулықтан тапсырма орындау
Деңгейлік тапсырмалардың жауаптарымен интербелсенді тақтадан таныстыру
8 санын азайту мен қосуды қайталау. 2 сынып
Дауысты дыбыс әріптері
Тақырып 7 санын қосу және азайту
Пәндер