Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Бірмүше. бірмүшенің стандарт түрі. 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрлері.
Мақсаты:
а)Оқушылардың бірмүше,бірмүшенің стандарт түрлері тақырыптары бойынша білімдерін жүйелеу,тереңдету;
ә)Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,білім,білік дағдыларын дамыта отырып,(математика)пәніне деген қызығушылығын арттыру;
б)Оқушыларды ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,дәлдікке,өз мүмкіндіктеріне сенуге,үлкен жетістіктерге ұмтылуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Тест,топпен жұмыс,сұрақ-жауап жұмысы,тірек кестелер,картоякалар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.осы жердесынып екі топқа бөлінген.
I топ. Ұшқырлар тобы. Топ басшысы : Бейсе Құралай.
II топ. Алғырлар тобы. Топ басшысы: Жылқыбай Аяжан.
I.<<Ойлы болсаң, озып көр>>(үй тапсырмасын тексеру,сұрақ-жауап)
Топтар кезекпен жауап береді. Мұғалім оқиды 1 сұрақ I топ, 2 сұрақ II топ, 3 сұрақ I топ,4 сұрақ II топ.
1) Санды өрнек дегеніміз не? (мысал келтіру: 30+43·21)
2) Әріпті өонек дегеніміз не? (4b+2c)
3) Қандай өрнектерді алгебралық өрнек дейміз?
4) Дәреже дегеніміз не?
5) 5³қалай оқылады және негізі мен дәреже көрсеткішін ажыратып айтыңдар?
6) 7² қалай оқылады және негізі мен дәреже көрсеткішін ажыратып айтыңдар?
7) Ұқсас бірмүшелер дегеніміз не?
(айнымалылары және айнымалылардың дәрежесі бірдей болса,ал коэффиценттері бірдей болса,ондай бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.)
8) Бірмүше дегеніміз не?(санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше)
9) Кез келген санның О дәрежесі неге тең?
10) Стандарт түрде берілген бірмүше дегеніміз не?(санды көбейткіш және негіздері әртүрлі дәрежелерден тұратын өрнекті бірмүшенің стандартты түрде берілген түрі деп есептейміз)
11)Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?
12)Бірмүшенің дәреже көрсеткіші дегеніміз не?(айнымалылардың барлық дәреже көрсеткіштерінің қосындысы)
2-ші кезеңі:Дәреженің қандай қасиетін білесің? Тірек карточкамен
1)aᵐ·aᶯ=(негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеміз?)
2)aᵐ:aᶯ=(негіздері бірдей дәрежелерді қалай азайтамыз?)
3)(aᵐ)ᶯ=(дәрежені дәрежеге қалай шығарамыз?)
4)(abc)ᶯ=aᶯbᶯcᶯ(көбейтіндіні дәрежеге қалай шығарамыз?)
5)Бөлшекті дәрежеге қалай шығарамыз?
6)Бірмүшені қалай стандарт түрге келтіреміз?
3·3a³(­5a)b=15a⁴b (3ab)²·4a=9a²b²·4a=36a³b²;
2x²y²·4xy=8x³y³ 6xy²·(2x²y³)²=5xy²·4x⁴y⁶=20x⁵y⁸
II.>>Біліктілік сайысы>>
Топ басшылары және екі топтан екі оқушы есепке шығады(карточкамен есеп тақтаға шғарады). Осы кезде отырған оқушылар (бір барақтағы есепті кезекпен бір-біріне беріп отырып шығарады да мұғалімге береді).Бір барақта 11оқушыға 11есеп.
III. <<Білімің - ұшар қанатың>>(оқулықпен жұмыс)
Дәптерлерін ашып,бүгінгі күнді жазады,)
I-топ II-топ
№91 (1,3,5) №91 (2,4,6)
№ 93(1,2) №93 (3,4)
IV. <<Сергіту сәті>>
(Математикалық жұмбақ шешу,математикалық мақалды аяқтау) мұғалім оқиды қай топ жауап береді сол топқа 1ұпайдан беріліп отырады)
* Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.(натурал сан)
* Бүтін сан,бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң,теріс сан бәрі осында(рационал сан)
* Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады(дәреже)
* Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып жерлейді
Бірін-бірін көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да(параллель түзу)
* Алма ағаштан бес алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Болады онда неше алма(ноль саны)
Математикалық мақалдардың жалғасын тап.
* Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
* Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
* Айдағаны бес ешкі
Ысқырығы жер жарады.
* Елу жылда
Ел жаңа.
* Бір тал ексең
Он тал ек.

V. <<Шешуші сәт>>.
1) 3a²b·4a⁴ 4)12a³b⁵ 7)7a²b⁴ 10) 12a²b⁴
2) -5x³y³·2xy 5)-7x³y⁴ 8) -7x³y⁴ 11)-3x³y³
3) 10bc²·3b³c⁴ 6)30b⁴c⁶ 9)13b³c⁶ 12)30b³c⁴

Сәйкестендіру кестесі(2оқушы тақтаға шығып орындайды)
I топ. II топ.
* 4a²·3ab 24a⁴b² 1)5a³·2a²b -32x³y³
* -7xy²·3x 12a³b 2)-8x²y³·4x 18a⁶b²
* 8a³b·3ab (-21x²y²) 3)9a⁴b²·2a² 10a⁵b

Симантикалық карта.(топ басшылары тақтада)

Бірмүше
Көбейту
Бірмүше
Көбейтінділер мәні

1
4a²b
*
3ab²

+

2
-5xy³
*
2x²
+

3
10y
*
2y³

+
4
6c²
*
3c²

+

VI.Үйге тапсырма.№5,№94(5,6)
Бекіту сұрақтары:
* Бірмүше дегеніміз не?
* Бірмүшенің стандарт түрі дегеніміз не?
* Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?
* Ұқсас мүше дегеніміз не?

VII.Қорыту,бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Бірмүше. 7-сынып
Бірмүше.Бірмүшенің стандарт түрі
7 класс алгебрадан қысқа мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспар. 7-сынып алгебра
Бірмүшені көпмүшеге көбейту
Оқушы әрекеті. Оқушылармен амандасу
Бірмүшелер және көпмүшелер
Көпмүшені стандарт түрге келтіру
Алгебраға кіріспе
"бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығару" алгебра 7-сынып
Пәндер