Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Асыл әжем-ақ әжем


Қарағанды облысы
Шет ауданы
С. Сейфуллин кенті

Гүлдана Қабан.
Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебі.

Тақырбы: “Асыл әжем-ақ әжем”.
Мақсаты: Оқушыларды халық дәстүрі салтарымен тереңірек
таныстыру, көрсету, Әжелер тәрбиесі, әжелер өнерін немерелер мен
әжелер арасындағы сүйіспеншілік әжелердің ұлылығын, ұлағатын,
даналығын, ақылын отбасының тірегі, қазынасы екенін дәріптеу,
көрсету, оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге
тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адами қасиеттерді сіңіру.
Көрнекіліктер суреттер, нақыл сөздер, оқушылар шығармашылығы
Барысы:
Қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар қымбатты әжелер келе жатқан
мерекелеріңізбен! Әжелер қашанда мерейлеріңіз үстем болсын!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Ән : оқушылар
Асыл әжем - ақ әжем,
Құрметті әжелер армыздар,
Бәріңізде есен- саумысыздар
Төрлетіңздер, қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге

Немере үшін ең мейірімді жан-әже. Ақ сүт берген аналардың
анасы -әже Жан
жүрегім жарығым деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін
де әже.
Асыл әжем-ақ әжем тақырыбында 3 «Ә» 3 «Б» сыныптар арасында
әжелер сайысы
Біздің бұл сайысымыз 8 наурыз мерекесіне қарсаңында өткелі
отыр.
Сондықтан осында отырған барша әжелерді, аналарды, ұстаздарды

8 наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Енді сіздерге бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған
әжелермен таныстыруға рұқсат етіңздер
№1 Шахман әже немересі Ақбаян
№2 Тәуіржан әже немересі Әлібек
№ 3 Күлила әже немересі Шырайлым
№4 Қамария әже немересі Роза
№5 Разия әже немересі Нұрым
№6 Ләззат әже немересі Еркежан
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты
әжелеріміздің әділ
бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.
Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Өнер, ән, тігін.
3. Салт-дәстүр
4. Аналар туралы аңыз.
5. Киім үлгілері
6. Ұлттық тағам.
I Таныстыру.
Ән: Аманкелді Роза «Ақ мамам»
Наурыз күні-
Ана күні, әлем күні. Әлемді тебіренттер ана үні.
Әже деген әлемнің гүлі емес пе,
Әже деген сөздердің көркі емес пе
Әже деген әлемнің сұлулығы.
Әжесіз бұл әлем бос емес пе

Сарыарқа күйі
II. Сөнбейді әже шырағың,
Өзіңді әнге қосамын
Жеті қат жердің астында
Жетпейді- ау бірақ осы әнім дей отырып,
Өнер сайысына кезек береміз.
Әже мен немере өнерін көрсетеді.
Өнер-мінсең ат
Ұшсаң-қанат
Кисең-жанат
Қол өнері-кілемде
Сөз өнері өлеңде
Қол өнері әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей 2-ші кезеңіміз
Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің сөзі алтын деп аталады
III. Салт-дәстүр.
Бесікке салу.
Балаға деген ана махабаты
«Бесік жыры» арқылы берілген
Ең алдымен бесік жырын айтады
Ең алдымен «Бесік жырын» айтсын
Ата - дәстүрін ардақтаған,
Әр бір адам сүрінбесі анық
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда

Ана өмір болашаққа сыйлайды екен.
Жатты да жамандыққа қимайды екен
Ананың құшағына сыйған дала
Даланың құшағына сыймайды екен.
Сахналық көрініс:
IV Аналар туралы аңыз.
Немере үшін ең мейірімді жан-әже. Ақ сүт берген аналардың анасы-
әже. Жан жүрегім жарығым деп немересін, шөбересін жүрегіне
теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің аңыз
әңгімесін тыңдайық
« Домалақ ана» аңызы
Сіздердің осыншама уақыттарыңызды бөліп,, бізге өз
тәжірибелеріңізбен, үлгі өнегелеріңізді көрсетуге келгендеріңізге
мың да бір рахмет әжелер ұлылығын, даналығын көргенде,
естігенде, оқығанда толқымайтын жүрек, қуанбайтын адам баласы,
тебіренбейтін бала, немере болмаса керек. Бұл күш. Бұл-сезім бұл-шуақ
әжелерғой жарқыраған шуақ төккен.
V . Киім үлгілері
VI.Ұлттық тағам
Әжетайым бар менің,-дегендей немерелеріне бар тәттісін ауызына
тығатын
әжелерді ортаға шақырамыз.
“Әжелердің жеңістік тағамы-ай” деп аталады
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңда ол биік құзар шың.
Немер үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың
Әже мерейі күн көзімен пара -пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңыз, ақ нитті әжелер,-
дей отырып бүгінгі сайысымыздың да мәреге жеткенін байқап
отырған шығарсыздар.
Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-
өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсете білді ғой деп
ойлаймын. Енді барлық сайыс кезеңінің қортындысымен танысайық.

Алайық келер сәтті ойға түйіп,
Қалар бір шапағаты көпке тиіп
Қол жайып әжелердің ақ пейілін
Бәріміз бір ауызан әумин дейіr,-деп отырып үлкен әжеден бата
тілейміз.


Ұқсас жұмыстар
Қамқор әже Сабақтың мақсаты
Ана – өмірдің шуағы
Қарттарым-асыл қазынам туралы ақпарат
Айналайын, ақ анам ( Ашық сабақ )
Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең
Ана - бақыт, ана - нұр
Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар
Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер сайысы
Әжелер сайысы туралы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Пәндер