Ертегілер елінде

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі Кенжина Гулсьсара Рахметовна
Білім беру саласы: «Қатынас» Тақырыбы: «Бауырсақ» Бөлімі: «Ертегілер елінде» Мақсаты:
а) Тәрбиелік: Қызығушылықтарын, талғампаздықтарын және бір-біріне қамқор бола білуге тәрбиелеу.
ә) Дамытушылық: Балаларға бағыт -бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрісін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
б) Білімділік: Ертегі арқылы балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету; Көрнекілігі: Слайд, құстардың суреттері. Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, ойындар. Қостілділік компонент: қоян - заяц, қасқыр - волк, аю- медведь, түлкі-лиса.
Психологиялық сәт:
Біз орманға барайық, Жан-жағымымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар балалар Орындарыңды табыңдар.
- Балалар, біздер қандай ертегілер білеміз? - Шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? - Түлкінің жасаған қылығы қандай? Бұл қай ертегіден? Ғажайып сәт:
Тәрбиеші: - Балалар, мен балабақшаға келе жатқанда сиқырлы қорапша тауып алдым. Қорапшаны ашып қарайын. Балалар, қорапшаның ішінде, міне, хат бар екен. Хатта не жазылғанын оқып берейін. Ортаңғы “Балапан” тобының балаларына “Бауырсақ” ертегісіндегі жануарлардан. Жануарлар бауырсаққа тапсырма беріпті, ал бауырсақ жануарлардан құтылу үшін сендерден көмек сұрапты. Бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалардың жауабы.
Балалар қорапшаны көргендеріне қуанады.
- Ия.
- Олай болса, мен сендерге “Бауырсақ” ертегісін оқып берейін. Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты. Атасы: Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. Әжесі: - Неден пісірейін, ұн жоқ қой. Атасы: Қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар. Әжесі қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап кетеді. Орман ішіне домалап келіп қоянға тап болады. Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын. Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Әжеден де қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: Бауырсақ, сенің өлеңің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында. Бауырсақ: Енді не істедім? Балалар, сендер маған көмектесіңдерші? “Қоянның тапсырмасы”
Тақтадағы құстарды атап беріңдерші?!. - Жақсы, жарайсыңдар балалар, қоянның тапсырмасын орындадық.
Бауырсақ домалап, қояннан қашып ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі. Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші, мен саған өлең айтып берейін. Қасқыр: Жоқ, өлеңіңнің керегі жоқ, одан да сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы:
Құстар туралы мақал-мәтел, тиым сөздер, тақпақ айтып беріңдерші? Тақпақтар: 1-ші бала: Ой балалар, балалар, Құстарда да ана бар, Құстарда да бала бар, Құс ұясын бұзбайық, Обалына қалмайық.
2-ші бала: Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасаң болмайды. Кіп-кішкентай торғайлар, Ағаштарды қорғайды.
3-ші бала: Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды.
Мақал - мәтелдер:
1-ші бала: Құс жеткен жерге қонады.
2-ші бала: Қара құс басып жейді,
Сұңқар шұқып жейді.
3-ші бала: Қарлығаш көктем нышаны.
Тиым сөздер:
Құстың ұясын бұзба; Құстың жұмыртқасын жарма; ағашты сындырма.
- Жақсы, жарайсыңдар, қасқырдың да тапсырмасын орындап бердік.
Бауырсақ: - Рахмет балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді. Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі. Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған одан да өлең айтып берейін. Аю: Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойыңдар.
Қане тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы орындайық.
Аюдың тапсырмасы:
Дидактикалық ойын:
“Үй құстары мен дала құстарын ажырат”.
Жарайсыңдар балалар, мен тағы бір құтқарып қалдыңдар. Бауырсақ домалап келе жатып бір дыбысты естейді. Түлкі: Түлкішегім, құлыным, Сен ғой менің тілегім. Аңшы кімді қумаған, Жарылмасын жүрегің - деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен. Түлкі: Амансың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz