2-5 сандарының қосу мен азайту кестесін қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: 2, 3, 4, 5 сандарының +, -, кестесін қайталау

2. Дамытушылығы:

оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру.

3. Тәрбиелігі: оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.

Түрі: қайталау

Әдіс-тәсілдері:

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері: оқушылар ортаға шығып, бір -біріне жақсы тілектер айтады.

  • Еліміз мықты болу үшін, біз қандай болуымыз керек?
  • Білімді
  • Дұрыс айтасыңдар
  • Балалар, дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады.
  • Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді болуы тиіс. Бүгінгі сабағымызда біз де «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы өзімізді көрсетейік. Егеменді еліміздің ертеңі үшін өз үлесімізді қосайық.

1 басқыш. Сиқырлы санды сөйлет

1
2
3
4
5
6
7
8
1: қ
2: а
3: й
4: т
5: а
6: л
7: а
8: у

1. Ақ ұлпа / қар /

2. Ең жақын адам / ана /

3. Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс / й /

4. 2 мен 2-нің қосындысы / төрт /

5. Ініден үлкен / аға /

6. Ешкінің төлі / лақ/

7. Әліпбидегі бірінші әріп / а /

8. Дауыссыз да, дауысты да болады /у/

2 басқыш. Қайталау-сөздің анасы

Үй тапсырмасын тексеру. /2, 3, 4, 5сандарының+, -, кестесі /

1оқушы- 2+, - кестесі

2 оқушы-3+, - кестесі

3оқушы- 4+, -кестесі

3, 4, 5, сандарының құрамын анықтау

3 басқыш. Оқулықпен жұмыс/ дәптерге орындау

/оқушылар бір-бірден шығып орындайды /

4 басқыш. Ауызша есептеу

10-5 3+5 2+3 7+1 100+0

5+2 5-4 0+10 10-1 20-0

5 басқыш. Сергіту сәті / музыка ырғағымен /

6 басқыш. Қасиетті ұғымдар /шығармашылық тапсырма/

/оқушыларға сандар таратылып беріледі, олар жайлы не білетіндерін қағаз бетіне түсіреді/

2 3 4 5

Екі:Сейсенбі, сабағымды білмесең, мені аласың күнде сен

Үш би:Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, бағдаршамның 3көзі бар/қызыл, сары, жасыл/

Үш арсыз:Ұйқы, тамақ, күлкі

Үш даусыз:мінез, кәрілік, ажал

Үш қадірлі:Ырыс, бақ, дәулет

Төрт тұлға:От, су, жел, жер

Төрт құбыла:Оңтүстік. солтүстік, шығыс, батыс

Төрт маусым:қыс, көктем, жаз, күз

Төрт түлік:Түйе, жылқы, сиыр, қой

Бес қару:Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес қатер:От, жау, борыш, ауру, сөз

Бес намаз:Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жашиық намазы

7 басқыш. Конструктор. «Құрастыру»

/берілген фигуралардан кез- келген зат құрастыру /

8 басқыш. Деңгейлік тапсырма

9 басқыш. Тест

Міне, біз Болашақ баспалдағының шыңы «Білім шыңына» жеттік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға біз де өз үлесімізді қостық деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік. Берілген тапсырмаларды толығымен орындадық. Үйге: 2, 3, 4, 5+, - кестесін қайталау. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып математикасы: 5-ті қосу және азайту бойынша қайталау сабағы
2-сынып математикасы: ондық бойынша 5-ті қосу және азайту - қайталау сабағы
5-сынып: Аралас сандарды қосу және азайту - қайталау сабағы
1-сынып: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту; қосу кестесін құрастыру бойынша сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған ашық сабақ: 5 санын қосу және азайту әдістері
2-сынып математикасы: Кестелік қосу және азайту амалдарын қайталау және білімді бекіту
2-сынып математикасы: 7 санын қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту: қайталау сабағы
1-ә сынып математика: 4-ті қосу және азайту кестесін құрастыру сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған ондық бөлшектерді қосу және азайту бойынша қайталау-бекіту сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz