Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"менің отаным Қазақстан" сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, Қазақстанның әнұраны, көк байрағы, Елтаңбасы, әнұранның авторларының суреттері.
Қазақстан,
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
<<Отан - отбасынан басталады>>.
Құрметті мұғалімдер, ұстаздар! Тәуелсіздік күніне арналған <<Менің Отаным - Қазақстан>> атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмалық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.....
1986 жылы 16-шы желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 21 жылдан асты. Өмір - өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да, жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол сол үш күнде, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. (1 минут үнсіздік)
1-оқушы: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
2-оқушы: Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
3-оқушы: Өзіңдікі - елің де,
Өзіңдікі - жерін де.
Өзіңдікі - өзіңе екен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
4-оқушы: Өзіңдікі - Туың да,
От пен ауа суында.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да.
5-оқушы: Көк аспандай туларың,
Желбірейтін күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
2-жүргізуші: <<Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке>>, - деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ.Р. тәуелсіздігі жарияланды. Егеменді ел атандық.
Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын.
Көтерер көкке ел даңқын.
5-оқушы: Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - аудан, ауылың,
Отан - өлкең астанаң.
Ән. <<Атамекен>>
2-жүргізуші: Туған елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Е. Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
1-жүргізуші: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
2-оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен түн тірілген.
3-оқушы: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
4-оқушы: Егемен болмай ел болмас,
Етек-жеңі кең болмас.
Терезесі кең болмас,
Енді қазақ тең болмас.
2-жүргізуші: Хандардың қайталамай қателігін,
<<Ұлт бол деген нығайтып қатарларын>>.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашанда баталарын.
1-жүргізуші: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.
Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білсең,
Жаңбыр жаумаса - жер жетім,
Басшы болмаса - ел жетім.
Сөз танығыш жастарға он түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Биікке шықсаң - көзің ашылады,
Жақсы мен жолдас болсаң, көңілің.
Айтыңыз ұлы аға!
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау - 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
1-оқушы: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би:
1 дегенім - бірлігі кеткен ел жаман,
2 дегенім - егісіп өткен ер жаман,
3 дегенім - үш бөлінген ағайын жаман,
4 дегенім - тұрақсыз дос жаман,
5 дегенім - белсеніп шыққан жау жаман,
6 дегенім - асқынған дерт жаман,
7 дегенім - жас келіншек жесір қалса, сол жаман,
8 дегенім - серпілмеген қайғы жаман,
9 дегенім - торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпес, сол жаман,
10 дегенім - оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.
Төле би: Рахмет дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би мына жиналған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенін өссін десең кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма -
Өркеніңді өшірерсің,
Аллаһуакбар.
Төле би: Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерген елім бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер.
2-жүргізуші: Көшеде тулар самсаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Қазақстан тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей!
Би. <<Вальс>>
1-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны міне жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
2-оқушы: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаны бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
<<Сарбаздар>> әні.
2-жүргізуші. Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,
Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген.
* Кім мықты? - десе біреу <<Отан>> дер ем!
3-оқушы: Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
4-оқушы: Ана тілін үйрену - ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тіл.
5-оқушы: Әркімнің туған тілі - туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
6-оқушы: Сақтар болсаң, халқыңды, тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа.
<<Шолпан>> биі.
1-оқушы: Той тойға ұлассын!
2-оқушы: Тәуелсіздік баянды болсын!
3-оқушы: Ұзағынан сүйіндірсін!
1-жүргізуші: Біздің Елбасы былай деген: <<Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз>>.
Ән. <<Менің Қазақстаным>>.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz