7-сынып Алгебра: бөлімдері бірдей және әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту арқылы рационал бөлшекке түрлендіру - бекіту сабағы

7 сыныптың алгебра пәніне арналған сабақ жоспары
Пән: Алгебра Сынып: 7«ә» Күн реті: 21. 02. 2015 Сабақтың тақырыбы:Білімділік: Оқушыларды бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту арқылы рационал бөлшекке түрлендіруге үйрету
Дамытушылық: оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік
туғызу, алған білімдерін мысалдармен бекітіп қорытынды жасауға және ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыруТәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау, сто, жеке
топпен жұмыс, ішінара ізденушілік сәйкестендіру тесті, ойын элементтерін қолдану
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, интербелсенді тақта, жұппен, топпен жұмыстың
тапсырмалары, тест тапсырмалары, бағалау парағы
Сабақ типі: біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру
II. Ой қозғау:а) үй тапсырмасын тексеру
“Мен саған, сен маған”
Слайд арқылы үй тапсырмасының шығарылу жолы көрсетіледі. Оқушылар жұппен бір біріне алмастырып тексереді.
ә) өткен тақырыпты қайталауб) Тақырыпқа сәйкес есептер арқылы топқа бөлу
ІІІ. Мағынаны тану
а) Топпен ақылдасып сәйкестендіру тестін орындайды.
Ә) Тақтада: 1-топ №525, №526, №528, №529, №530 (1 есептерін орындайды)
2-топ №525, №526, №528, №529, №530 ( 2 есептерін орындайды)
3-топ №525, №526, №528, №529, №530 ( 3 есептерін орындайды)
4-топ №525, №526, №528, №529, №530 ( 4 есептерін орындайды)
ІІІ. Ой толғаныс (бекіту) Топпен бірлесіп графикалық диктант шешеді
IV. Сергіту сәті “ Мысық пен күшік” ойыны
V. Рефлекция.
Бағалау парағының екінші бөлігін толтыру.
VI. Бағалау.
Меңгеру деңгейлеріңді бағалап, пікірлеріді жазыңдыру.
VII. Үйге тапсырма
№531, №532, №533
Сабаққа белсенді қатысқандарыңа рахмет. Сау болыңдар.
Сабақтың нәтижелілігі жоспарлауға тікелей байланысты: