Натюрморт пен композиция: штрих арқылы пішін мен жарық-қөлеңкені көрсету және суретті құрастырудың кезеңдері

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт және композиция

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заттың пішінін көрсетуді штрих

көмегімен және композициялық құрылу жолын

үйрету

Сабақтың түрі: Бейнеге немесе затқа қарап сурет салу.

Көрнекілік: Натюрморт бейнеленген плакаттар және гипстен

жасалған геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

Бұрын суретті тек сызықтың өзімен ғана бейнелесек, енді штрихтардың көмегімен жарық пен көлеңкені анықтап, оның қандай материалдан жасалғанын көрсетеміз.

«Натюрморт» сөзі-француз сөзінен алынған термин. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш қозғалмайтын зат» деген мағына білдіреді. Сондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын тануға болады. Осының куәсі ретінде қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш суретші Айша Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрморты дәлел бола алады.

«Натюрморт» алғаш рет ХVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері шықты. Олар голландиялық Ван де Вольде, Винсент-Ван Гог.

Ал енді композицияға келсек композиция латынның «ойлап шығару» немесе құрастыру сөзінен шыққан. Дәлірек айтар болсақ композиция суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыру болып табылады.

Қандай сурет салмайық оның төрт кезеңдері болады. Суретті саларда отыратын орнымызды дайындау, үлкен роль атқарады. Ара қашықтық 1 немесе 1, 5 метрдей болуы керек.

1-кезең. Зат бейнелерінің орналасуын анықтау.

2-кезең. Зат бейнелерінің құрылымын табу.

3-кезең. Пішінді орналастыру.

4-кезең. Суретті аяқтау немесе түйіндеу.

Оқушылардың салған суреттерін бақылау, түсінбеген жеріне көмектесу.

Сабақты қортындылау.


Ұқсас жұмыстар
Натюрморт салу: композиция, өлшеу, пішін сомдау, жарық-көлеңке және акварель техникасы
Үш заттан құралған натюрморт: құрылым, композиция және жарық-көлеңке штрихтеу әдістері
4-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабағы: Натюрморт - ыдыс-аяқтың формасы мен жарық-қөлеңкені бейнелеу
Қыртысы күрделі драпировка: натюрморт салудағы құрылым, жарық-қөлеңке және сызу кезеңдері
Бейнелеу өнері сабақ жоспары: портрет жанры және штрих техникасы арқылы натюрморт
Затқа қарап бейнелеу (натюрморт): сабақ жоспары
Бейнелеу өнері: сызық, фигура және штрих арқылы түрлі бейнелерді салуды үйрету
Автомобиль жарық беру жүйесін техникалық қызмет көрсету және реттеу
3-сыныпқа арналған сурет сабағы: Геометриялық денелерден құралған натюрморт
Қыш ыдыс пен алма: натюрморт салу бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz