Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Мұқағали өлеңдері - география сабағында
Мұқағали өлеңдері- География сабағында
Садвакасова Бақыткуль Ұзаққызы Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз орта
мектебі География пәнінің мұғалімі
«Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы» тақырыбында
өткізілген жаңа білімді меңгерту сабағында халқымыздың біртуа ақыны
М.Мақатаевтың туған өлке табиғатына, Отанына деген ыстық ықыласынан шыққан
жүрек жарды арқау етіледі.
Сабақтың мақсаты: аудан шаруашылығының қалыптасуына әсер ететін факторлар
және шарашылықтың даму болашағы туралы білім беру; табиғатты қорғауға,
қоршаған ортаны таза ұстауға экологиялық тәрбиелеу; картамен , баспасөз
материалдармен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
«Адастырмас алдыма ұстап үміт,
Нарынқолдан аттандым құсқа мініп»,-
деп М.Мақатаев айтқандай бұл сабақта ақын өлеңдерін пайдалана отырып, Батыс
Қазақстан экономикалық ауданына ойша саяхат жасалынатыны айтылды.
Үй тапсырмасын сұрауға 10 минут уақыт бөлінеді. Батыс Қазақстанның
құрамына кіретін облыстар (Орал қаласы,Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы және
Ақтау қаласы), олардың экономикалық- географиялық орнының ерекшелігі,
табиғат ерекшелігі, табиғат ерекшелігі, пайдалы қазба байлықтары (мұнай мен
газ, хромит пен никель, темір кен орындары, фосфорит тұздары) туралы
оқушылар білімі саралаңды.
Ерке Жайық- елімнің қарашығы,
Егізінің сыңары анасының.
Алсын нанын,
Күн айналып, көгінен кете алмайтын.
Төрі осы қазақтың даласының
Байлығы ма?
Байлығы таусылмайды,
Алсын нанын,етін де, алсын майды.
Бұл өлке- жиылмаған дастарқандай,
Жиегін мәңгілікке қаусырмайды.
Жаңа сабақ мақсат қоюдан басталады.
Нені білеміз? Батыс Қазақстандағы шаруашылықтың негізгі салаларын, сыртқы
экономикалық байланысы туралы білеміз.
Нені үйренеміз?Картадан өнеркәсіп орындарын көрсете білуге үйренеміз.
Батыс Қазақстан облысы жеріне саяхат ұшағы қонады.
І. Батыс Қазақстан облысы туралы не білеміз?
Орал негізінен ауылшарашылықты аймақ. Тамақ өнеркәсібі жақсы өркендеген,
ірі ет комбинаты, киіз басу, тері- тон фабрикалары жұмыс істейді.
Оралым- Ордам менің таныс маған,
Бораның Махамбет боп дауыстаған.
Исатай ақ семсерін, Құрман бабам,
Ұрпаққа домбырасын табыстаған,
Жаса Орал,жаңа Орал,жасыл Орал.
Көгіңнен көлкіп жатқан көлге үңілем
Жібектей ауаңның жасы болар.
Кемеге отырып, саяхатты оңтүстік бағытта жалғастырамыз.
Атырау облысы туралы не білеміз?
Ірі мұнайлы аймақ. Ембі мұнай бассейні- 1915жылы игеріле бастады. 75 мұнай
кен орны бар, 39-ы игерілген. Ең ірілері- Теңіз,Королев,Кенбай.
Көмірсутекті шикізат- Қарашығанақ. Мұнайдан 500 түрлі өнім алынады: бензин-
авиация, автомобильге, лигроин- тракторға, керосин- реактивті
ұшаққа,ракетаға, газиоль-дизель майы, мазут- энергитик ағын, темір жолдарға
пайдаланады.
Балы аулау, балық өңдеу өндірісі жақсы дамыған. Бекіре балығынан тәулігіне
50 мың қалбыр даярланады.
Химия өнеркәсібіне полиэтилен, күкірт қышқылы туралы айтылады.
Армысың Атырауым, бозаң далам
Каспиймен жайықтан көз алмаған,
Ұмыттың ба сонау бір кездеріңді?
Құлан жортса құмыңда кезде алмаған.
Жылан жайлап аптапқа түзе алмаған,
Халқыңды сүйемін,халқыңды!
Құм үстінде құс болып ұшып барам,
Жалыныма жалғап от жалыныңды.
Автобусқа отырып,Каспий теңізін жағалай Маңғыстау облысына саяхат жасалады.
Маңғыстау түбегі мұнайлы газды аймақ. Ембі алабымен салыстырғанда
Маңғыстау мұнайын өндіру 3 есе арзанға түседі. Себебі маңғыстау мұнайы жер
бетіне жақындау. Мұнай қоры тығыз. АЭС 1973 жылдан бері жұмыс істейді.
Халықты тұщы сумен , жарықпен қамтамассыз етеді.
Химия өнеркәсібі. Күкірт қышқылы, пласмасса зауыты, «Каскор»- уран
өндіру кешені, Форт-Шевченко қаласындағы (1937ж) ұлутас құрылыс
материалдарын өндіру орны туралы мағұлматтар беріледі.
Поезға отырып, солтүстіктегі Ақтөбе облысына саяхат жаслғасты.
Хромтау қаласында ферроқорытпа өндірісі, түсті металлургия өнеркәсібі
толық өркендеген. Химия комбинаты жергілікті фосфорит, тұз кендерімен
жұмыс істеп, суперфосфат, күкірт тыңайтқыштарын шығарады. Хром –никель
кендерінің 10 %-ын, фероқорытпаның 70 %-ын осы облыс береді.
Ойлы ма бұл маңның ырғызы ма,
Бәрі дағы бергісіз қырмызыға.
Бір пенде имей өте алмайды.
Жерде жанған шырғанақ жұлдызына,
Сансыз сәлем, Ақтөбе ұл- қызына.
Батыс Қазақстанның ауылшаруашылығына сипаттама беріледі.
Ауыл шаруашылығының негізі- мал шараушылығы. Жерінің 90 %-ы жайылым,
щабындық, негізінен қылшық жүнді , қаракөл қойларын өсіреді. Етті- сүтті
мал шаруашылығы өркендеген. 3,8 млн га жер егіншілік, ауылшаруашылық жері 3
белдемеге бөлінеді:
1. Солтүстік белдем- егіншілік. Орал,Ақтөбе облыстары- қара бидай.
Ақтөбеде тары өсіруден рекорд жасаған Шығанақ Берсив.
2. Орталық – мал шараушылығы, егіншілік, тары, қышы, күнбағыс. Етті-
сүтті мал шаруашылығы.
3. Оңтүстік белдем- мал шаруашылығы, қой шаруашылығы.
ІІ. Батыс Қазақстанның экономикалық байланысы.
Мұнай игеруге байланысты қандай елдермен байланыс жасайды?
1993 жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ өзара келісіммен «Шеверон»
компаниясы құрылған. Бұл компания теңіз мұнайын өндіру және оны сыртқа
шығарумен айналысады.
Қарашығанық кен орынын игеруге Англияның «Бритш газ», «Италияның
«Аджип» фирмалары қатысуда. Баку –Жейхан мұнай құбыры арқылы 1800 км
жерген мұнай тасмалдау жобасы ұсынылуда. Ақтөбенің хромына сұраныс көп.
ІІІ. Экологиялық проблемесы.
1. Қуаңшылық аңызақ жерлерге қарсы күрес, топырақ жамылғысына зиян
келтіріп отырған жел эрозиясы, оны жою шаралары- ағаштар отырғызу сөз
болады.
2. 1989 жылы Атырауда өткен ғылыми- практикалық конференцияда «Батыс
Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту» проблемасы қаралып,
Қарашығанақ пен Теңіз кеніштерін мұнай мен газ өнімдерін өндірудің
инженерлік тәсілін жетілдіру.
3. Маңғыстау – Қарақия ауданында 3 рет атом қаруы сыналған. 1985 жылы
соңғы сынақ сәтсіз болып, соның салдары әлі де адам денсаулығына
зиянды әсер етуде.
4. Каспий теңізі соңғы 10 жыл ішінде 1 метрге көтерілді. Жағалауындағы
елді мекендерді, мұнай кен орындарын басып кеті қаупі туып отыр.
Ойша саяхат Алматыға қайтумен аяқталады. Жолда Батыс Қазақстан
шаруашылығының Шығыс Қазақстан шаруашылығынан арналған сөзжұмбақ шешіліп,
жаңа сабақ бекітілді. Сондай- ақ саяхат соңында оқушылар Батыс Қазақстан
экономикалық ауданында түсті металлургияны толық өңдейтін өнеркәсіп салу,
біріңғай энергия жүйесін дамыту мәселелері жолға қойылу керектігін ортаға
салды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz