Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану (баяндама)

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
<<Кіші Ақсу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен>> мемлекеттік мекемесі
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану
--------------------------------------------------------------------------------
(баяндама)
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
Бастауыш сынып мұғалімі: С. Бариева
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------









Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану


Жоспары:

* Кіріспе << Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ>>

* Оқушының білімге қызығушылығын арттыру ақпараттық коммуникациялық технологияның міндеті

* Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта пайдалану

* Қорытынды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев <<Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталатынын кез-келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық дәрежес Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаларда көрсетілген міндеттердің бірі - 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңыртумен қоса жүзеге асыру.
Бүгінгі білім беру саласындағы проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.
Ендеше 12 жылдық білім - бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін бірден-бір тиімді жол.
Н. Ә. Назырбаев <<Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жола қоюымыз керек>> деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін әдәс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз.
Білім бастауы- бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып келбетін сомдауға үлес қосады. Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты-оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс- әрікетінің негізгі компонеттерін игеру. Бастауыш мектептегі оқу әрікетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім , білік дәне дағдыны қалыптастыру. Бастауыш класс оушылары қиялға көбірек берілетін, сенгіш балалар. Сондықтан сабақта баланың танымдық қабілетін , қиялын, дамытуға негіздеу керек.
іҚазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуы, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылдам дамып келе жатқан кезінде ақпараттық қоғамдық қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңсітігімен сабақтастыру.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:
* Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
* Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
* Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
* жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
* технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
* білім мен тәрбиенің бірізділігі;
* жалпы компьютерлік сауаттылық;
* оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.
Оларға мыналар жатады:
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барылығын және әрқайсысын жақсы оқыту болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар толы сынып, мектеп болса білім сапасы осы баспалдақтардың әрбір буынына байланысты білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. Қазіргі таңда СТО технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтар мен дәстүрлі сабақтарды салыстыру нәтижесі:

СТО сабақтарында
Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді.
Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді.
Белсенділік жоғары болады.
Белсенділік орташа деңгейде.
Оқушының жеке жауапкершілігі басым.
Оқушының жеке жауапкершілігі төмен.
Қызығушылығын істе байқатады.
Қызығушылығы бірқалыпты.
Бір-біріне көмек, сыйлау қалыптасқан. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Қызғаныш басым. Анықтық жоқ.
Сабақта көп жұмыс жасайды.
Шығармашылық қабілеттері артқан.
Сабақта еркін сөйлеуге тырысады.
Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере алмайды. Бірқалыпты. Ықылас білдіре қоймайды.

Инновациялық технологиялардың бірі - ақпараттық технология.
Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.
Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.
Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.
Қазіргі таңда бастауыш мектеп сатысында әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Бастауыштан бастап жеке тұлғаға бағытталған озық педагогикалық технологиялық сабақтар беруі дегеніміз - оқытушының шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.
Мен өзім 1 сыныпқа балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сабағымда ойын технологиясын пайдаланамын.
Ойын технологиясы - оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі.
Ал, енді мен қолданып жүрген осы балаларды дамытатын, еске сақтау қабілеттерін дамытатын бір неше ойынның түрін алдарыңызға ұсынайын
(интерактивті тақтадан көрсету). Бұл ойындар арқылы менің балаларымның ойлары, есте сақтау қабілеттері, тілі, танымдылығы дамиды, сана қалыптасады.
Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін интерактивті технологияларды тиімді қолдану қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашы, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденеуге зор әсерін тигізеді. Интерактивті құрлдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістегіне еркін бойлай алады. Сабақ материалы POWER POINT презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі.
Сонымен қатар, материалдық құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырлуы ақпаратты және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алалды. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файылдар белгілі бір форматпен сақталады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Мұғалім алдын- ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрікеттерін есте сақтап, келесі сабақта қолдануға болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивты құралдарды қолдану мұғалімның жеке тәжрибесіне шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту, әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мысалы әдебиеттік оқу пәнінен жануарлардың төлдерін қалай шақырады дыбыстарын тыңдай отырып, естігендерін жазады. Әр оқушы әр түрлі естіп, дыбыстауы мүмкін. Мысалы: <<мәә-мәә>>, <<мее-мее>>, <<бөө-бөө>>, <<шөө-шөө>> осылайша жануарлардың төлдерінің қалай дыбыстайтынын тез меңгереді. Көре отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыруда тақта беттерінің мүмкіншіліктерін кеңейінен пайдалана алады. Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқу сапасын арттыруға көмектеседі. Сонымен интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығын ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын- ала дайындалған оқу материалдары- презинтациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер- сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режемінде де жұмыс жасауға болады. Оқушылардың интерактивты құралдар мөмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын
Ойлау қабілеті бұрынға технологиялар арқылы беретін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабілеті түсінгі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғары деңгейде болады. Интерактивты құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады.:
1. Бормен тақтадан алынған суретті интерактивті тақтадан түрлі- түсті айқын, ұқыпты, суреттермен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын.
3. Слайдартарды, флепчарта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4.Сабақта Activ Ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. Activ Wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге болады.
6. Сабақта көрнектілікті қолдану деңгейі артады.
8. Оқушының білім деңгейіне жақсы әсер етеді.
Бұл- менің күнделікті қолдану кезінде байқағаным.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
Тыңдап - түсіну, көріп - байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау - сөйлеу - оқу - жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.
Тыңдап - түсіну , көріп - байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;
ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді.
Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілін үйретуде, оны тереңдете және тілін дамытуда көрнекті құралдардың алатын орны ерекше. Себебі көрнекілік ойлауды және балалардың ойлағандары мен бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып жеткізе білуге, одан белгілі бір логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану аясы өте кең: айнала қоршаған дүниені, яки түрі табиғатты тікелей бақылау, саяхат кезіндегі бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке клоллекция түріндегі гербарийлер, жан - жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдері макеттері мен панарамалар (оқушылардың өздері пайдаланады), кинофильмдер, диафильмдер, картиналар, портреттер, оқулықтағы, газет - журналдардағы суреттер т.б.
Кинофильм , диафильм , мультфильм және т.б. көрнекіліктердің өмір тәжірибесі аз, көп нәрселер мен құбылыстар жөнінде түсініктер кемелденбеген төменгі сынып балалары үшін орны бөлік. Мұндай көрнекті құралдар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, білім - танымын дамытуға, тіл байлығын арттыруға, жаңа білімді тез меңгеруіне зор ықпал жасайды. Міне , сондықтан да көптеген зор ойлы ұстаздарымыз сабақтың көрнекілікпен жүргізілуіне ерекше мән беруде. Олар балаға тиіс емес бес сөз үйретсең, ол оны үйрену үшін ұзақ уақыт қиналатынын, ал сондай жиырма сөзді сүретпен байланыстырсақ, оны оп - оңай тез меңгеріп біліп алатынын өз тәжірбелері арқылы дәлелдеп жүр. Көрнекті құралдарды болайша пайдалануға болады. Мұндай тапсырманы 2 - ші, 3 - ші сыныптың оқушылары зор ынтамен орындайды, мұғалімнің көмегімен көрген фильмнің мазмұнын эпизодтарға бөліп , оларға тақырып қояды. Тапсырма орындалып болған соң, ол тексеріліп, сәтті қойылған тақырыптар тақтаға жазылады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді .
Бастауыш сынып оқушыларына диафильмдер мен мултьфильм дерді көрсетуді мәні зор. Бұларды тіл дамыту үшін көрсетілген материалды көрнекті түрде жеке ұғындыру мақсаттарына жиі қолдануға болады. Диафильм мен мултьфильмдерді көрсетудің мәні зор. Бұларды тіл дамыту үшін көрсетілген материалды көрнекті түрде жеке ұғындыру мақсаттарында жиі қолдануға ған оқушылардың көру, есту түйсіктері қатар қатысады. Қорытындысында оқу материалының мазмұнынын жақсы түсініп есінде берік сақтауға септігін тигізеді. <<Алдар Косе>>, <<Мереке алдында>>, <<Сиқырлы сөз>>, <<Алтын күз>>, т.б диафильмдерімен мультфильмдерді пайлануға болады. Бұл арада оқушыларға сұрақтар қою олардың қойылған сұрақтарға жан - жақты, толық жауап беруін, онда да бір сөзді бірнеше рет қайталамауын қадағалау керек.
Ана тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.
<<Армансыз адам қанатсыз құспен тең>> демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет..
Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. "Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз" қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.
Ұстаздың өзі - ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Шәкірт жетістігі - ұстаз мақтанышы. Әр оқушының жетістігі - мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, өзіндік қолтаңбасы, мақсат-мұраты. Бүгінгі оқушы - ертеңгі егемен еліміздің тірегі. Ендеше, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру - менің таңдауым.


Пайдаланылған әдебиеттер:

* Н.Ә.Назарбаев <<Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы>>.

* Елбасы Н.Назарбаевтың <<Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан>> атты Жолдауы.

* Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

* Интернет материалдары №72 <> және №65 <> сайттары 2009 ж.


Ұқсас жұмыстар
Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Сабақ қорытындысын шығару
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық – коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Интерактивті әдіс - тәсілдер
Кітапхана сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Пәндер