Балабақшадағы Жаңа жылдық ертеңгіліктің мақсаттары мен сценарийі


Ертенгіліктің мақсаты:

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

ДТәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Ертенгіліктің барысы: музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар ұстаздар сіздерді «Жаңа жыл, хош келдің» атты ертеңгімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Дабыл соғып қағыңыздар

Шашу шаттық себеді-

«Жасыл шырша жанында».

Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев

Әнін жазған:Л. Хамиди

Жүргізуші: ал енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?

-Аяз ата мен Ақша қар!

-Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Армысыңдар, қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым!?

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

Балаларым балғындарым жыл бойы тілегенім сендердің денсаулығың. Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар хормен: Сәлеметсіздер ме Аяз ата!

Жүргізуші: Аяз ата хош келдіңіз. Жоғары шығып төрлетіңіз. Біздің балалардың өнерің тамашалаңыз.

-Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат етіңіз.

Асемгуль : Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Қымбат: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық.

Шухрад : Бар баланың қоңағы

Төрлет ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай,

Қашан жомарт болады.

Азамат:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күттім елендеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

Дильшат:

Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.

Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.

Менің әсем ұлпаларым,

Маған ұшып келеді

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді.

«Ұлпақарлар биі»

- Өте тамаша! Биіңіз таңғажайып екен!

Жүргізуші: Енді ортаға ескі жыл « жыланды» шақырайық .

Жылан: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылмен барлығынды шын жүректен құттықтаймын! Жылқы жылы құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұр тілеймін!

Жүргізуші :Жаңа жылдық тойда біз

Көрсетейік өнер біз.

Тақпақ айтып, ән салсақ.

Риза болар, ескі жыл

Ән: « Ақшақар» .

Жүргізуші : Ескі жылмен қоштасайық.

Қош бол ескі жыл!

Ескі жыл: Балалар, мен сендерге ризамын сендер жыл бойы өте тәртіпті бала болдыңдар. Хош, сау болыңыздар.

Балалар: сау болыңыз ескі жыл.

Жүргізуші: Енді жаңа жылды ортаға шақырайық.

Балалар хормен:

Жаңа жыл, келіңіз!2-3рет

Жаңа жылқы жылы: Жаңа жыл құтты болсың! Халқыма тыныштық, берекелі тату болар, құтты жыл мен боламын.

Аяз ата:

Қарақтарым, шырақтарым

Мен сендердің өнерлеріңді көрдім, әндеріңді тыңдадым, ал, енді мені басқа елдердің балалары да асыға күтуде.

Ақшақар:-Ата сыйлық Аққалада болған, балалар Аққаланы көрдіңдер ме?

-Жоқ!

Көңілді әуен есіктен « Қоян» кіреді.

Би:« Көжектер».

Есіктен арқаланып Аққала кіреді, қолында сыйлығы.

Аққала: Сәлеметсіздерма балалар, мына сыйлық толы дорбаны жолда тауып алдым. Сіздердін балабақшаның мекен-жайы жазылып тұр екен.

Аққала балаларға сыйлығын береді.

Аяз ата:

-Дұрыс екен, ендеше біз жүре берейік. Сау болыңдар балалар!

-Сау болыңыз!(аяз атаны көңілді әуенмен шығарып салады)

http://w67.am15.net/img/ie_img_fix.gif http://w67.am15.net/img/ie_img_fix.gif http://w67.am15.net/img/ie_img_fix.gif


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz