Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Наурыз мейрамына арналған ертеңгіліктің сценарийі. ортаңғы тобы, 2015 ж

Сәлем ,Наурыз.
Жүр: Құрметті қонақтар,жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Талға шүберек байлаңдар. Талымыз өсе берсін. Арманымыз орындала берсін. Наурыз құтты болсың деп,анау үйге кіріп көршімізді Наурыз мерекесімен құттықтап шығайық.
Бай: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын ағайындар!
Бәйбіше: төрлетіңдер, Мерекеміз бәрімізге жақсылық әкелсін!
Жүр: Біз құр қол келген жоқпыз, сіздерге осы Наурыз тойында тақпақ, ән шырқап берейік. 3-4 тақпақ.
Ән: <<Көктем келді>>
Бай: Әй, бәйбіше қайда жүрсің?! Қонақтарға шайынды бер! Наурыз көже дайында! Ет ас! Бізге қоңақтар келе жатыр.
Байбіше: Әрине, әрине төрлетіндер.(Балалар отырады) Иә, мынау кәрі шал алжыған ба, оларға төгіліп, шашылып не бопты! Біреу келмей тұрғанда үйімді пәле жаладан сақтап, аластап жіберейін.
(табаққа май жағып, үстіне адыраспан шөбін салып, аластайды: <<Алас, алас, алас, пәле-жаладан қалас, көздінің көзіне, тілдің тіліне, жақсылығы да өзіне, жамандығы да өзіне, сұғынған тілден сақта, сұқтанған көзден сақта, алас, алас,алас!>> деп дұға оқып шығады. (Залға әуендетіп Алдар Көсе кіреді.)
Алдар Көсе: Мен Алармын, Алдармын. Сақалымды талдармын. Сақал түгел мұртым жоқ. Оның несін талдармын, Аа-а-а-а,о-о-о-о-о,е-е-е-е-е-еей!
Ассалаумағалейкүм байеке, ағалар мен інілер! Амансыз ба, мейірімді бәйбішелер! Армысыздар жол жүріп келген қонақтар! Наурыз құтты болсын! Байеке, сіз маған ренжіген жоқсыз ба? Өткенде бір қалжындап кетіп едім.
Бай: Наурыз күні бәрін де кешіру керек. (Төс қағысады). Айтпақшы үстелің жасаулы тұр, наурыз көже көрінбейді ғой!
Бай: Бәйбіше, көжең дайын ба? Әкел дәмін көрейік!
Бәйбіше: Жоқ, дайын есес, әлі қайнаған жоқ! Оның үстіне тұз да жоқ.
Алдар: Мына саранды көрдіндер ме? Қазір мен оған көрсетемін! Бүгін ешкімді алдамаймын десем де, болмады ғой! Байеке менде бір сиқырлы
қасық бар, ол жай судан Наурыз көжені дайындап береді, еш азықтың керегі жоқ, жай судан Наурыз көже дайындайды.
Бай: Шынымен сиқырлы ма? Бұл керемет қой менің азықтарым да аман болады.
Бәйбіше: Ой, алтыным менің, келгенің қандай жақсы болған. Иә , жай судан бізге Наурыз көжені дайындашы, мен де еш нәрсе жоқ, мынау шал да қақсап әкел, әкел дейді ғой!
Алдар: Міне мен оттың үстінде тұрған қазанды араластырып қояйын.
Менің қасығым айнал айнал. Наурыз көже дайындал, дайындал.
Буың жоғары көтерілсін. Көженің дәмі тәтті болсын.
Ән айтайық, ойын ойнайық.
Ән: <<Наурыз келді!>>
Алдар: Енді ойын ойнайық.
Ұлттық ойын <<Асық>>
Алдар: Ту, мынау суға қойдың етін салса ғой!?
Бай: әй,Бәйбіше етті әкел, қазанға сала ғой.
Алдар: Ох, керемет қазақтар етті жақсы көреді. (Етті салады.)
Бәйбіше: Ал бізге тағы кім келе жатыр?
Бай: Әй мынау көрші ауылдың үлкен әжесі ғой!
Үлкен әже: Наурыз-шат адамдар, жылы жүздер,тойлаңыздар, ойнаңыздар, күліңіздер!шуағын осы күннің бойға жинап, жыл бой мейріммен жүріңіздер!!!
(Ұн, сүт тағамдарын ұсынады, табаққа салып әкеледі)
Бәйбіше: Байеке, біздің немеріміздің тұсауын осы үлкен әже кессін, қалай қарайсың?!
Бай: Бәйбіше дұрыс айтасын, тұсау кесудің де сәті келіп қалды.
Әже: Қане біз жай отырмай немереміздің тұсауын кесіп жіберейік.
Бисмилля, деп басстайық. Қаз,қаз,балам, қаз балам. Қадам бассаң мәз болам.
Ән : <<Тұсау кесу>>
Әже: Құтты болсын қадамың!!!
Бәйбіше: Баламнын қадамы құтты болсын!!!
Алдар: Ту, мынау сорпаға айран, не сүт, не құрт, не қаттық қосу керек!?
Бай: Бәйбіше қайдасын, айран сүт, құрт, қаттықты әкел!
Алдар: бәрін салады.
Менің қасығым анал, айнал.Наурыз көже дайындал, дайындал.
Жүр: наурыз көже дайын болғанша біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Оркестр <<Поппури>>
Алдар: Ту,мынау сорпаға бидай, арпа, күріш салса ғой!?
Бай: Бәйбіше әкел!
Бәйбіше: Сен ақылыңнан адастың ба?
Бай: Мен саған не айттым, үндемей айтқанымды істе!
Алдар: Менің қасығым айнал,айнал. Наурыз көже дайындал.
Жүр: Біздің балалар бір қызық ойын біледі.
Ойын: <<Кім жылдам>>
Алдар: Ту, мынау сорпаға кішкентай май қосса. <<Елі байлы болсын, асы майлы болсын дейді (бәрін салады )
Қасығым айнал, айнал. Наурыз көже дайындал, дайындал. Ал сиқырлы қасығым көже дайын болды. Дәмін татып көріндер.
Бай: Дәмді болыпты, сен Алдар маған қасығынды сат.
Алдар: Жоқ, мен жаяу жүруден шаршадым, сен маған аттынды бер, ал мен саған қасық берем.
Бай: Келістік.(ауыстырады,Алдар кетеді)
Бәйбіше: Әй, шал сені тағы Алдар алдап кетті,саған сол керек мені тындамайсын. Бізге тағы кім келе жатыр, бір үлкен ақсақал келе жатыр.
Бәйбіше: Бүгін балалар ән айтып,ойын ойнады.Мынау менің сендерге сыйлығым.Сау болыңдар!


Ұқсас жұмыстар
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз
Наурыз мейрамы туралы
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні . Наурыз мейрамы
Сәкен Сейфуллин. Наурыз
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні жайлы
Көктем келді, көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Наурыз туралы бейнекөрініс
Бал көжеден татыңдар, Көктем Наурыз тойында
Сабақ жоспарлары
Пәндер