Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Алтын орда. 7-класс. Қазақстан тарихы
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Кеңсахара орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі С.О. Жумабаева
Тақырып: Алтын Орда
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Монғол үстемдігі дәуіріндегі Қазақстан территориясында құрылған
мемлекет Алтын Орда білімдерін меңгерту;
Дамытушылық: Туған өлкеміздің тарихын зерделей отырып даму тарихымыздың
нағыз шындығын білуге ықыласын арттырып, өз білімін жетілдіруге, қосымша
ізденуге бағыт-бағдар беру, ой-орісін дамыту;
Тәрбиелік: Қызығушылық сезімдерін оята отырып, ұлжандылыққа, қайсарлыққа
баулу.
Сабақтың көркемділігі: Қазақстан картасы, дүниежүзі картасы, тірек сызба;
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас сабақ (білім-білік дағдыларын қалаптастыратын).
Сабақтың әдісі: «Хан тағыры» арқылы сұрақ-жауап, диалог арқылы тақырыпты
ашу, өзіндік жұмыс, презинтация.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру; оқушылармен сәлемдесу, тренинг арқылы «Шаттық шембер» бір-
біріне жылы лебіздер тілейді.
II. Өткен сабақты пысықтау (үй тапсырмасы)
III. Жаңа сабақты меңгеру;
IV. Бекіту, қорытындылау, бағалау;
V. Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын қайталау: «Хан тағыры» арқылы сұрақтар мен жұмыс
Сұрақтар:
1. Моңғол империясының құрылған жылы?
2. Империяның қоғамдық құрылысы қандай болды?
3. Қазақстанды монғолдар қай кезде жаулап ала бастады?
4. Қандай қалалар қарсылық көрсетті?
5. Монғол шапқыншылығының қандай зардаптарын білесіндер?
6. Қазақстан жері қандай монғол ұлыстарына кірді?
Оқушыларды топтастыру (Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолистанға)
Жаңа сабақ жоспары:
Оқушылар
1. Алтын Орданың құрылуы, географиялық орны.
2. Алтын Орданың күшеюі.
3. Алтын Орданың әлсіреуі.
Алтын Орда –Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі.
Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай
өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы
алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Беркеге
көшірілген.
Батый хан-Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын
Орданы билеген.
Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол
мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет-
ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтан да ол мұсылмандардың ең
жақын қамқоршысы деп есептелген. Парсы тарихшысы Жувейни Батый ханның
әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық
жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарларды әкелді. Ор тауарлардың
барлығын алғызып, оның үстіне бағыны артығымен төлетіп отырған».
Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық
қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көніл бөлгені айтылады.
1235 жылғы бүкілмонғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім
қабылданған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастайды.
Батысқа жасалған жорық жеті жылға (1236-1242 жж.) созылған.
Осыдан кейін Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс кінәздіктері,
ЩығысЕуропа елдері өздерінің тәуелдігін мойындап, Алтын Ордаға алым-салық
төлеп отыруға мәжбүр болған.
Алтын Орда хандары (ретімен):
1. Батый хан-1227-1255 жж.
2. Берке-1257-1266 жж.
3. Меңгеру-Темір-1266-1280 жж.
4. Тохты хан-1290-1312 жж.
5. Өзбек хан-1312-1342 жж
6. Жәнібек хан-1342-1357 жж.
7. 1357-1380 жж. Хандық билік үшін тартылыс.
8. Тохтамыс хан-1380-1395 жж.
9. Едіге хан-1396-1411 жж.
10. Шейх Ахмет-1502 жж.
Термин сөздер:
1. Білікшілер (хатшылар)-түрік жазуымен іс жүргізушілер;
2. Мәлік-түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер;
3. Даруғалар-салық жинаушылар;
4. Беклер бео-әскери істерді басқарушылар;
5. Уәзірлер-азаматтық биік жүргізушылер;
6. Басқақтар-басқарушы жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізеді,
салық жинайды.
Сергіту сәті
Тест тапсырмасын орындау.
Бекіту сұрақтары:
1.Алтын Орданың құрылуының осы өңірдегі тайпалар мен халықтар үшін
қандай пайдасы, маңызы болды?
2. Алтын Орданы басқарған хандардың ішінде өзіңе ұнап, есіңде
сақталып отырған қай хан? Несімен ұнады?
Үйге тапсырма: Оқулық бойынша 23 параграф.
Дәптерлеріңе Алтын Орда хандарының кестесін жазып келу.
Оқушыларды бағалау оқушының өзін-өзі бағалау парағы арқылы жүзеге
асырылады. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың, өзара
сенім, т.с.с ж/е уақыт үнемдеу, барлық оқушы сабаққа түгел тартылуы
қамтамасыз етіледі.
Сабақ аяқталды сау болыңыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz