Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Ғұндар. 6-класс. Қазақстан тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ғұн тарихына тоқтала отырып, мемлекеттік құрылымы мен олардың
жаулап алу соғыстары кезендегі Мөде мен Аттиланың ерлігі, каһармандағы,
ақылдығы мен арғырлы туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып,
қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Ғұндардың және олардың патшасы Аттиланың ерлігін әңгімелей
отырып, оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой толғау, баяндау, миға шабуыл,
ізденіс.
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, музыка, дүниежүзі тарихы.
Көрнекілік құралдары:
-ТК: интерактивті тақта, үнтаспа.
-Карта: Қазақстан картасы, Дүние жүзінің саяси картасы
Оқулықтар:
1.Т.С. Садықов «Ежелгі Қазақстан тарихы» Алматы 2006 ж.
2. «Әлемнің ұлы кереметтері» Алматы 2007ж.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
Балалар бүгінгі сабақты топқа бөліп жарыс түрінде өткіземіз.
Топпен таныстыру. Әр топтың экспертін сайлау.
Эксперттің міндеті: сабаққа қатыса отырып, жауап берген оқушыға ұпай беріп
отыру. Осы арқылы топтағы әр оқушының және сол топтың қанша ұпай жинағанын
анықтай отырып бағалайды.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қанат қақты. Әр топқа сұрақтар беру арқылы оқушылардың білімдерін
тексеру.
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------
1. Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? (Б.з.б. III ғасыр)
2. Қаңлы тайпаларында билік қандай жолдармен қалдырылды? (Әкеден балаға
мұра ретінде)
3. қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің арасындағы ерекше орын алатын
қорымды ата? (Отырардағы Мардан – күйік қорымы)
1.Қаңлылардың халқының саны қаншаға жетті? (600 мың адам немесе 420 мың үй)
2. Қаңлылар қандай елдермен байланыс жасады? (Қытай, Парфия, Рим, Кавказ)
3. Қаңлылар мен үйсіндер арасындағы соғыс қай ғасырда болды? (Б.з.б. Iғ.
ортасы)
1. Қаңлылардың астанасы қалай аталды? (Битянь)
2. Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? (Әлеуметтік жіктелу)
3. Қаңлылар қандай күштерге сыйынды? (Табиғат күштеріне және атабаба
рухына)
2. Самғау Сөзжұмбақтар. Дайындалуға 1 минут беріледі. (Картамен жұмыс)
1 сөзжұмбақ.
Қ А Ң ЫЛЫ
Қаңлылардың археологиялық мәдениеттерінің бірі?
1. Сыма Цянь қай елдің тарихшысы?
2. Жетасар мәдениеті қандай өзен аңғарында орналасқан?
3. Қаңлы тайпасы негізінен қандай шаруашылықпен айналысқан?
4. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ?
2 сөзжұмбақ
Қ А Ң ЫЛ Ы
1. Саз балшықтан жасалған ыдыс түрі .
2. Глиптика өнерінің туындысы қалай аталады?
3. Қосымша айналысқан кәсіптерінің бірі .
4. Мал шаруашылығында ең көп өсірген малдың түрі .
5. Қаңлылар қазіргі қандай өзен бойында өмір сүрді?
3 сөзжұмбақ
ҚАҢЫЛЫ
1. Тұтқынға түскен адамды қалай атады?
2. Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі.
3. Олар жинаған сырты қатты жеміс түрін ата.
4. Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі.
5. Ыдыстары неден жасалған?
3. Шарықтау.
Берілетін тапсырмалар: әр топтағы оқушылар берілген тапсырма бойынша
бірін – бірі жалғастырып ойды толықтыру керек.
- Қаңлылардың шаруашылығы;
- Қоғамдық құрылысы;
- Қаңлылардың кескін келбетіне сипаттама беру;
4. Өткел.
III. Жаңа тақырыпқа өту кезеңі.
Аңыз айтылады. Қытай деректеріндегі ғұн мемлекетінің тарихын
баяндайтын Дунху мен Мөденің арасындағы жер үшін болған соғыс туралы
айтылады. Осы аңыз бойынша өтілетін сабақтың тақырыбын оқушыларға
тапқызу.
Ертеде қазіргі Қытайдың солтүстігінде екі ел қатар өмір сүрген екен.
Күндердің күнінде Дунхудың елшілері Мөдеге келіп, одан, ең жақсы атын
сұрайды. Бұған ақсақалдар қорланып бұл елді жазалау керек деп шешеді, ал
Мөде көрші елмен бір ат үшін араздасуға болмайды деп атын беріп жібереді.
Біраз уақыт өткеннен кейіен Дунхудың елшілері қайта келіп патшалықтағы ең
әдемі әйел Мөденің әйелін беруді талап етеді. Ақсақалдар бұндай қорлыққа
шыдау мүмкін емес, соғыс жариялау керек деп шешеді. Бірақ Мөде өзінің
әйелін беріп жібереді. Тағы да біраз уақыт өткен соң, Дунхудың елшілері
келіп шекаралас біраз жерді беруді талап етеді. Бұл жерде мал жаюға
қолайсыз және ешкім тұрмайтын еді. Ақсақалдар бұл жерді беруге де,
бермеуге де болады деп шешеді. Сонда Мөде ашуланып «Жер мемлекеттікі,
оған ешкімнің де қол сұғуына рұқсат жоқ»-деп, әскер жинап соғыс жариялап,
өздерінің жерің білектің күшімен, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен
сақтап қалған екен. Ендеше балалар, Мөде қандай елдің билеушісі екен?
IV. Төменгі сыныпта өткен материалдармен байланыс. (Ендеше балалар 5
сыныпта өткен Ғұн тақырыбына байланысты не білетіндерімізді еске түсіріп
көрейік).
1.Ғұндар тарихи деректерінде қалай аталған?
2. Ғұндар қандай билеушілерін білесіндер?
3.Ғұн билеушісін қалай атаған?
V. Жаңа сабақ.
&22.Ғұндар
Жоспары:
1. Ғұн мемлекетінің құрылымы.
2. Ғұндардың жорықтары.
3. Әлем тарихындағы Еділ бейнесы
Дәптермен және котур карамен жұмыс. Тақтадағы мәліметтерді дәптелеріне
жазғызу.
Ғұн атау б.з.д III ғ. Қытай деректерінде кездеседі. (хунну және сюнну,
европалықтар гунни).
Қазақстан жерінде б.з.д I ғ-ң соңы мен I ғ-да келген.
Билеушілерінің аты тәңіркұты (шаньюй). Шаньюйдан кейнгі басты тұлға
түменбасылар деп аталатын бекзадалар болды.
Халқы-1,5 млн адам.(шыққан тегі әртүрлі тайпалармен этникалық-саяси
топтар кірген.)
24 руға бөлінген. Оларды шаньюйдің туысқандары басқарды. Түменбасыларын
шаньюй тағайындаған.Олардың әрқайсысында 1000-нан әскер болған.
Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылған: олар сол қанат,
орталық қанат, оң қанат болып үшке бөлінген.
Әскерлері негізінен атты жауынгерлерден құрған. Ал қарулар садақ,
қылыш, найза, қалқан болған.
Жебелері ысқырып, зуылдап дыбыс шығарып ұшатын болғандықтан үрей
тудырған. Ал садақтары құрастырмалы болды, сондықтан да алысқа ұшатын
болған, ал қылыштары қайқы келген.
Ал ер адамдарға осындай қаруды алып жүру міндетті болған.
Ғұндар мен Қытайлардың арасындағы соғыс қимылдары 300 жылдан астам
уақытқа созылды. Нәтижесінде Қытайлар ғұндардан қарғану үшін Ұлы Қытай
қорғанын орнатты. Қорған 4000 шақырымға созылды, биіктігі 10 метр, әр 60-
100 метр сайын күзетмұнарасы орнатылды.
Ғұн мемлекетіндегі билік жүйесіне қандай сипаттама бересіңдер?
Мөде-Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы.
Б.з.д III ғ. (б.з.д. 206) Мөде шаньюй Ғұн мемлекетін нығайтып бір
мемлекетке біріктіріп саяси күшке айналдырды. Белгілі шығыстанушы ғалым
Л. Гумелевтің пайымдауынша бұл б.з.д. 209 жыл.
Мөде (б.з.д. 228-174) көрші жатқан елдерді бағындырды: Олар
- Батыста юечжей, үйсіндерге;
- Солтүстікте Саян-Алтай тайпаларына;
- Оңтүстікте Хань империясына.
Хань императоры бағынып «тыныштық және келсім шартқа қол қойды», қызын
берді, салық төлеп тұратын болды. Енді ғұндардың шекарасы Байқалдан
Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылды. Көршелес
елдердің барлығын өзіне бағындырып алым-салық төлеуге мәжбүр етті.
Проблемалық сұрақ: Мөденің кезінде көрші елдердің бағынышты болуы нені
көрсетеді?
Б.з.д бұрынғы 55-ж ғұндар екіге бөлінді.
- Оңтүстік бөлігі Қытайларға бағынды (Шаньюй Хуханье).
- Солтүстік бөлігі- Монғолияның солтүстік батысындағы Қырғыз-Нұр көлі
маңына орналасты.
Чжи-чжи солтүстік Ғұн мемлекетінің басшысы.
Солтүстік Ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап үшін б.з.б. 1 ғасырдың
аяғында батысқа қарай жылжи отырып, Қаңлы тайпасының жеріне жетіп олармен
бейбіт келсімге келіп, Талас өзенінің шығысына қоныстанады. Бұлар
Қаңлылармен одақтасып Үйсіндерге қарсы соғысты. Қаңлы ханы оған атты
әскерін басқаруды берді. Сондай-ақ қызын, бірнеше мың жылқы мен түйесін
берді. Бірақ Ғұндар мен Қаңлылардың келісе алмауы салдырынан ғұндар Талас
өзенінің жоғарғы ағысына кетеді.Қытайлармен кескілескен соғыс нәтижесінде
Чжи-чжи бастаған 1518 адам тұтқындалып, бәрінің басы алынады. Ал 1200-дей
жауынгерлер үйсін және Ферғананың билеушілеріне сыйлыққа тартылады.
Аттила нағыз қолбасшы. Еуропаны Римдіктерден азат етуші.
Ғұндардың 2-қоныс аударуы 93-жылы болады. Олар Сырдарияға, аралға,
Орталық және Батыс Қазақстанға орнықты.
IV ғасырда оңтүстік орыс даласындағы Дунайға өзеніне дейін жетіп,
Венгрия жеріне Ғұндер деген атпен қоныстанады.
Осы кезендегі Ғұндардың бірден – бірі даңқты қолбасшысы Аттила шамамен
400-453 жылдары өмір сүрген еді. Аттиланы қазақтар Еділ дап атайды. Өткені,
ғұндардың орталығы батыс Қазақстандағы Еділ мен Жайық өзені аралығында
орналасқан. 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан грек тарихшысы
Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оның нағыз
азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі, көзі
өткір, сұсты болған. Қозғалысы шапшан, сенімді. Дауысы күмістей
сыңғырлайды, әрі құлаққа жағымды».
Ол Еуропаны, Африканың солтүстік бөлігін, Батыс Азияны қамтыған Рим
империясын жеңіліске ұшыратты. Нәтежесінде.
- Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті;
- Құл иеленушіліктің жойылуына әсер етті;
- Әскери-демократиялық құрылысты нығайтты;
Проблемалық сұрақ: Еуропалықтар Аттилаға өздерінің ұлдарын тәрбиелеуге
берген екен, оның себебі неде?
Еуропаның ақсүйектері Аттилаға балаларын оқытып тәрбиелеуге берген. Оның
себебі:
- Батырлығы мен адалдығы;
- Соғыс тактикасын шебер ұйымдастыра білуі;
- Бодан елдерге шектен тыс қиянат жасамағандығы;
- Ақылдылығы мен көргендігі т.б. қасиеттері үшін.
Данқы мен атағы жер жарған Еділ Рим империясын бағындырған соң:
«Маған яғни бүкіл түрік жұртына енді қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен
енді соғыспаймын», деп астындағы Алтынжал атты тұлпарын босатқан
екен.Халық ұғымында батырдың тұлпарды босатуы жақсы ырым емес деп
пайымдалған.
Сабыр жырау шығармасынан үзінді:
«Бабамыз батыр Еділ-ді,
Еділ кімнен женілді?
Көндірген екен ырқына
Сонау төменгі жатқан көп елді.
Қарсыласқан талай батырлар,
Ат артына теңделді.
Кезекті күні келгенде,
Мынау бес күндік дүниеден
Олда жөнелді...»,
453 ж. Аттила қайтыс болып, империя ыдырай бастады.
Алғаш Аттила туралы жазған-Ш. Уалиханов. Жырлалаған-М. Жұмабаев.
Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди 1846 жылы «Аттила» операсын
жазған.
Аттила образы Еуропа халықтарының әдебиетінде өшпес із қалдырған бейне.
Батыр
Ержүрек Аттила Дипломат
Қолбасшы Саясаткер
5.«Жерұйық» кезені бойынша жаңа сабақтан алған білімдеріңді тақтада
көрсетілген кесте ұяшығындағы сұрақтарға жауап беру арқылы қорытамыз.
VI. Бекіту сұрақтары.
|Ғұндардың негізгін |Ғұн қанша руға бөлінді |Ғұндардың екінші көші |
|қалаған кім және |және оларды кім |қай |
|билеушісін калай |басқарды? |жылы басталды және |
|атады? | |тарихта бұл көш қалай |
| | |аталады |
|Еуропаны Рим |Аттиланы қазақтар |Солтүстік ғұндардың |
|үстемдігінен азат еткен |неліктен Еділ деп |әміршісі кім болды? |
|кім? |атаған? | |
Сабақты М. Жұмабаевтың «Пайғамбар» өлеңінен үзіндімен түйіндеу.
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам.
VII. Оқушылардың білімін бағалау. Эксперттердің ойын тыңдай отырып үздік
топтарды атау және оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
&20. Ғұндар 93-97 беттер.
Сұрақтарға жауап беру.
М.Жұмабаевтың «Пайғамбар» өлеңінен үзінді жаттау.
Ерікті тапсырма: «Еділ батыр бабамыз» атты ойтолғау жазу.
1 сөзжұмбақ.
Қ А Ң ЫЛЫ
1. Қаңлылардың археологиялық мәдениеттерінің бірі?
2. Сыма Цянь қай елдің тарихшысы?
3. Жетасар мәдениеті қандай өзен аңғарында орналасқан?
4. Қаңлы тайпасы негізінен қандай шаруашылықпен айналысқан?
5. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ?
2 сөзжұмбақ
Қ А Ң ЫЛ Ы
1. Саз балшықтан жасалған ыдыс түрі .
2. Глиптика өнерінің туындысы қалай аталады?
3. Қосымша айналысқан кәсіптерінің бірі .
4. Мал шаруашылығында ең көп өсірген малдың түрі .
5. Қаңлылар қазіргі қандай өзен бойында өмір сүрді?
3 сөзжұмбақ
ҚАҢЫЛЫ
1. Тұтқынға түскен адамды қалай атады?
2. Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі.
3. Олар жинаған сырты қатты жеміс түрін ата.
4. Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі.
5. Ыдыстары неден жасалған?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz