Файл қосу

Исатай мен махамбет бастаған халық азаттық көтеріліс



Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
Тарих пәнінің мұғалімі
Темірбаева Гүлсім Сәруарқызы

Сабақтың тақырыбы: Исатай мен Махамбет бастаған халық азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ батырлары Исатай мен Махамбет
бастаған көтеріліс жайлы кеңінен
түсіндіру
Білімділік: Білімділікке баулу мен қоса шаруашылыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Ойлау мен өз ойын ашық айтуға пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік : Отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
1.Оқушыларды түгендеу
2.Оқушы зейін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Кенесары Касымұлы бастаған көтерілісі жайлы реферат жазу
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1806ж дүниеге батыр ержүрек
келген

Абылай ханның
немересі қолбасшы

Аң аулау,саят батыл
құрған 1847ж дүниеден
өткен
Жылдар мен оқиғаларды сәйкестендіру

1806 ж Кенесарыны қай жылы Ұлытауда ақ киізге
көтеріп хан етіп
сайлады.
1836 ж Кенесары қай жылы Алатау баурайында қырғыз
манаптарының қолынан қаза тапты.
1841 ж Кенесары ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы
болды,

1847 ж Кенесары Көктетау өңірінде қай жылы дүниеге
келді.

ІҮ. Жаңа сабақ
1836-1838 жылдардағы Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы халық-
азаттық көтерілістің басты себебі жер мәселесі болды.Орыс үкіметіне арқа
сүйеген Бөгей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен
қысымшылығына қарсы шаруалар бас көтерді.Бұл қозғалысты Исатай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлы басқарды.
Исатай қазіргі Атырау облысының Исатай ауданындағы «Тайман жолы» деген
жерде дүниеге келген.Жоңғар шапқыншылығы кезінде аты көпке мәлім болған
Ағатай батырдың ұрпағы.Жасынан ақылды,ұстамды,сонымен қатар шешендігімен
,батылдығымен аты шыққан.
Исатайдың сенімді серігі әрі досы Махамбет Батыс Қазақстан облысының
Жәнібек ауданындағы Нарын құмында дүниеге келген.Ол бала кезінен мұсылманша
білім алған,сауатты болған.Жәңгір хан оны өз ұлы Зұлқарнайынға серік
қылып,хан сарайында ұстауға тырысқан.Алайда ол ханның халыққа жасап отырған
қиянатына шыдамай,оған қызмет етуден бас тартқан.
Исатай батыр патша әскерімен болған қанды шайқас кезінде қаза тапты.Ал
Махамбет көтеріліс күшпен басылғаннан кейін,патша үкіметіне тыңшылық
жасаған сатқындар қапылыста өлтірді.Олар Махамбетті құм арасында отырған
үйіне доспын деп келіп,аңдаудызда батырды қылышпен шапты.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Кім жылдам?
1.Исатай мен Махамбет бастаған халық- азаттық көтеріліс қай жылдары болды?
2.Исатай Тайманұлы қай облыста дүниеге келген?Исатайдың астына мінген
тұлпарының аты?
3.Махамбет Өтемісұлы кай өңірдің тумасы?
4.Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің себебі?
5.Исатайдың жеке қасиеттерін ата?
6.Жәңгір ханның ұлының есімі?
7.Махамбет неліктен өзінің болын хан сарайынан аулақ ұстады?

Кестені толтыру

| Көтерілістің басшылары | Өткен жылы | Тарихи маңызы |
|Исатай Тайманұлы мен |1836-1838 жылдар |Көтерілістің басты себебі жер |
|Махамбет Өтемісұлы бастаған |аралығында |мәселесі болды.Жәңгір ханның |
|халық азаттық көтеріліс | |қысымшылығын көрген шарууалар |
| | |бас көтерді. |

ІҮ Үй тапсырмасын беру
Исатай мен Махамбет бастаған халық азаттық көтеріліс жайлы түсінік
айту

-----------------------
Кенесары
Қасымұлы


Ұқсас жұмыстар
Көтерілістің кезеңдері
Xviii-xix ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
Бөкей хандығындағы Исатай - Махамбет бастаған қозғалыс
Xix ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес. 5 сынып
Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді
1836-1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс
М.өтемісұлы "атадан туған ардақты ер"
Исатай бейнесі
Исатай батыр
Махамбет – күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының өмірімен , халқына сіңірген қызметімен таныстыру
Пәндер