Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Желтоқсан тәуелсіздіктің рухы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
Тарих пәнінің мұғалімі
Темірбаева Гүлсім Сәруарқызы
Тақырыбы: «Желтоқсан тәуелсіздіктің рухы»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,оның тәуелсіздігі туралы
егемендігі ,дамуы туралы мәлімет беру ,тәуелсіз Қазақстанның тарихын
әңгімелеу,тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау көрсету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын аудару.
Кіріспе сөз.
1-жүргізуші: Рухсыз ұлт- ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген.80 жылдардың
екінші жартысында біздің халықымыздың рухы өсті ,мұхиттай буырқанып
,бусанып жатты. Тәуелсіздіктің өктем желі үздіксіз согып тұрды.
2-жүргізуші: Қазақстан ол кезде әлі де болса қызыл империяның құрсауында
болатын,бірақ әне міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді.Осы құлдық
шынжырды мезгілінен бұрын үзген алдаспан қылыштай болған уақиға 1986 жылдың
16-18 желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі
еді. «Мен Қазақпын» деген әрбір қазақ бұны білуге тиіс.
1-оқушы:Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген
Мен қазақпын бір биік белеспін мен,
Еуропа да,Азия да емеспін мен.
Аралықпын жетінші құрылықтай,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
2-оқушы:Республика! Ерікті ел Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып ,армандатып
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан
3-оқушы:Мен қазақпын ,биікпін ,байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді айта бергім
Бүгін 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған
«Желтоқсан тәуелсіздіктің рухы» атты сайысына қош келдіңіздер!
Сыныптағы оқушылар «Шаңырақ» және «Тәуелсіздік» топтары болып екіге
бөлінеді.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1.Топты таныстыру
2.«Тәуелсіздік шежіресі»
3.«Тарихи тұлғалар»
4.«Сен білесің бе?»
5.Ситуациялық сұрақтар ( тығырықтан шығу амалдары)
Әділ-қазылар алқасын сайлау
Сайыстың барысы:
1 кезең «Тәуелсіздік шежіресі»
Шарты: Сұрақ 2 топқа бөлек қойылады, егер осы топ жауап бере алмаса
екінші топтың жауап беруіне болады. Әр дұрыс жауап 5 балл болып
есептелінеді.
«Шаңырақ» тобының сұрақтары
1.Еліміз өз тәуелсіздігін қашан алды ? (1991ж 16-желтоқсан )
2.Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституция қашан қабылданды ? (1993ж,
кейін қайта қаралып 1995 жылы 30-тамызда)
3.Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді ?
4.Хижра дегеніміз не ?
«Тәуелсіздік» тобының сұрақтары
1.Дүние жүзінде қанша этнос бар ?
2 «Қазақстан -2030» жолдауы қашан жарияланды.
3.Ұлттық теңге айналысқа енген жыл?
4.Археология ғылымы нені зерттейді ?
2 кезең «Тарихи тұлғалар»
Шарты: Берілген тұлғалар жайлы әңгімелеп бер.Топ басшыларға берілген
атпсырма?
[pic] [pic]
3 кезең «»
Шарты: Бұл кезеңде тарих сабағына байланысты термин сөздер беріледі.
Сайыскерлер сұрақтың мағынасын таба алмаған жағдайда
көрермендерден
жауап алуға болады.
|1 | Хижра |Мұхаммед пайғамбардың Мекке қаласынан |
| | |Мәдинеге қоныс аударған кезінен |
| | |басталатын ислам дінінің жыл санау үлгісі|
|2 | Диаспора |Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық|
| | |топ. |
|3 | Антропология |Адам қаңқасын зерттейтін ғылым. |
5.Ситуациялық сұрақтар ( тығырықтан шығу амалдары)
«Шаңырақ» тобының сұрақтары
Сен мектепте үздік оқушысың , бүгін сенің мектепке түстен кейін сайысқа
баруың керек. Мектепке келе жатқаныңда алдыңда адасып жүрген кішкентай
сәбиді жолықтырдың, сенің сол кездегі іс-әрекетің, не істейсің, ойланып
жауап бер.
«Тәуелсіздік» тобының сұрақтары
Бүгін математика пәнінен мұғалім бақылау жұмысын алып жатыр, сен өзіңе
берілген тапсырманы толық орындап болдың, ал сенің қасыңдағы көршің есеп
шығара алмай қиналып отырды. Сенің әрекетің ?
Әділ- қазылар алқасы «Сөз мерген» атанған оқушыны марапаттайды
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz