Тәуелсіз елім Қазақстан

16 желтоқсан тәуелсіздік күні ашық сабақ бастауыш сынып(Тәуелсіз елім Қазақстан!)
Тәрбие сағаты.
Тәуелсіз елім Қазақстан!
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н. Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел, «Туған ел» суреті
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті, бостандықты иеленгендер.
Оқушы: Бостандық құтты болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Ән «Отаным - Қазақстан»
Оқушы: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Оқушы: Халқымның мақтанышы - алып тұлға. «Бәйтерек» суреті
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Оқушы: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә Назарбаев» суреті.
Оқушы: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің - Қазақстан!
Хор «Елім менің» Сөзі: Н. Назарбаев Әні: Б. Тілеуханов
«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі.
Оқушы: Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне «Астана» суреті
Қазақстан - алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне.
Оқушы: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.
Оқушы: Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
Оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
Оқушы: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Оқушы: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын- да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәрі- не нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс - ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай - берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Оқушы: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Оқушы: Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.
Оқушы: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz