Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әжеммен өмір ажарлы сыныптан тыс іс-шара
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп
-381053976Әжеммен өмір ажарлы
0 Әжеммен өмір ажарлы
8наурыз мейрамына арналған
5-6сыныптарға арналған сайыс
Карманбаева Гаухар Канапьяновна
математика пәнінің мұғалімі
<<Әжеммен өмір ажарлы>> сайысы
(5-6 сыныптарға арналған)
Мақсаты:
*халқымыздың ұлттық асыл мұрасын,отбасылық тұрмыс-салтын, жақсы
үлгі-өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу;
* бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату;
* адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке тәрбиелеу;
* аналар мерекесіне орай әжелерге, аналарға, ұстаздарға құрмет көрсету.
Көрнекілігі:
* Әдемі безендірілген сахна.
* Қанатты сөздер.
* Әжелердің бұйымдарынан жасалған көрме.
Жоспары:
1. <<Мен әжеммен>> (қатысушы оқушы өзін және әжесін таныстырады)
2. <<Өнер өлмес мұра>> (қол өнер көрсету сайысы)
3. <<Зерделі болса әжетайым>> (салт-дәстүрге байланысты сайыс)
4. <<Сыр шерту>> (немересі әжесіне, әжесі немересіне жылы лебіз білдіру сайысы)
5. <<Өнерлінің өрісі кең>> (әжелер биі)
6.Қорытынды (марапаттау)
1-жүргізуші:Қош келдіңіздер, ақ жаулықты әжелер мен аяулы ұстаздар!
2-жүргізуші: Армысыздар, дарынды балалар мен талпынған тұлпарлар!
1-жүргізуші: Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсенші балалардың.
Сіздер үшін бүгінгі сәбилердің
Билері мен әндері жырланатын.
2-жүргізуші: Тілейміз жақсылықты баршамызға
Тұрмасын сарғұлт бұлттар аспанымда.
Аналар ардақты да аяулы боп,
Мәңгілік жүріңіздер ортамызда.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
5-8 сыныптар арасында <<Әжеммен өмір ажарлы>> сайысты бастауға рұқсат етіңіздер! Жарысқа қатысушылар ең сұлу, ең ақылды, ең белсенді, ең өнерлі, ең іскер, ең шебер, ең сүйікті мен сүйкімді қыздар мен әжелер!
2-жүргізуші: Енді, құрметті көрермендер, жарысқа қатысушыларды қош алып, өз орындарына шақырайық (қатысушылар орнына өтеді)
1-жүргізуші: Сендерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
2-жүргізуші:Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз!
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз!
Құрметті әжелер! Сіздердің құрметтеріңізге арнап <<Асыл әжем>> әнің сыйға тартамыз (ән айтылады)
1-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Бүгінгі сайысты бағалайтын әділ-қазы мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер (әділ қазы мүшелері таныстырылады)
2-жүргізуші: Өзінің кім екенін танытатын,
Бойына ұлттық киім жарасымды-ай,
Қазақ салт-дәстүрін дамытатын,
Болсаңшы апалардың бәрі осындай.
1-ші сайысымыз <<Мен әжеммен>> атты танысу сайысы(қатысушылар өздерін таныстырады, әділ-қазылар бағалайды)
2-жүргізуші: Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қандай тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерде жасапты.
Құрметті көрермеңдер! Өздеріңіз көріп отырғандай біздің төріміз әжелердің өз қолымен жасаған бұйымдар мен заттармен жарқырап кетті. Келесі сайсымыз <<Өнер- өлмес мұра>>. Әжелердің өнер шеберлігін немерелері қорғайды (қатысушы қыздар көрмедегі заттарды көрсете отырып, әжелердің еңбектерін сыңға тартады, әділ қазылар бағалайды)
1-жүргізуші: Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын әжелерім біле ме екен?
Халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетің, үлгі-өнегесін балалар бойына сіңіру - үлкен кісілердің міндеті. Келесі сайысымыз <<Зерделі болса әжетайым>> (сөз кезегі әжелерге беріледі, әжелер немерелерімен бірге салт-дәстүрге байланысты шағын көрініс көрсетеді - <<Бесікке салу>>, <<Тұсау кесу>>, т.б., әділ-қазылар бағалайды).
2-жүргізуші:Әлпештеген баласың
Әже - бақыт, әже - күн.
Әркім сүйіп, өзінің
Мақтап етер әжесің.
Келесі сайысымыз <<Сыр шерту>> (қыздар әжелерін мақтап, таппақ, өлең, әңгіме айтады).
1-жүргізуші:Сөздердің ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімді ойлап тапқаның.
<<Ана>> деген сөзді де, <<Күнім, жаным>> дегенді,
<<Аға>> деген сөзді де, <<Құлыншағым>> дегенді,
<<Әке>> деген сөзді де, <<Ботақаным>> дегенді,
<<Тәте>> деген сөзді де, <<Қошақаным>> дегенді,
<<Ата>> деген сөзді де, <<Айналайын>> дегенді,
<<Әже>> деген сөзді де,- <<Толған айым>> дегенді,
Ойлап тапқан балалар! Ойлап тапқан әжелер!
<<Балам-балым, баламның баласы - жаным>> деп халқымыз айтқандай <<Сыр шерту>> сайысың әжелер жалғастырады.
*Немерелеріңізді қандай жылы сөздермен атайсыздар?
*Немереңізге <<бесік жырын>> қалай айттыңыз?
*<<Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда>> деп халқымыз айтқандай, жалпы қыз балаларға не айтасыз?
2-жүргізуші:Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып біреулерің шығындаршы
Халайық көшеметпен қол соғады.
<<Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді>> дегендей, жас күндерінде сымбатты, сұлу болғаны қазірдің өзінде маңғаз жүрістерінен, мейірімді жүздерінен көрініп тұр. Соңғы сайысымызға да жетіп қалдық. <<Өнерлінің өрісі кең>> деп халқымыз айтқандай, әжелерімізді би сайысына шақырамыз: халық биі <<Қамажай>> (әжелер билейді).
1-жүргізуші: Біреулер сыңға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңменен.
Не болса да айтады жүрегімен,
Өлең нағыз өнер деп білемін мен.
Әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша сөз кезегін құттықтауға берейік.
Әдеби монтаж
* Ақша бұлттай жаулығы
Алғысы асқан байлығы.
Бауырына басады
Барсаңдағы қай күні.
Айналады далаға,
Айналады балаға.
Аймалайды нұрымен
Айналаны самала.
* Тентек болсам, ашынып,
Жақсы іс қылсам, асырып,
Маған сақтап жүреді
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
* Әпке-әже баласы,
Әкем-әже баласы.
Апамыздың ағасы-
Ол да әжемнің баласы.
Әже деген шамасы-
Аналардың анасы.
* Ұл-қызына ерген
Немерең-біз, әже.
Немереңнен өрген
Шөберең-біз, әже.
Үйреткен сөз мәнін
Тілімізсің, әже.
Жарқыраған дәйім
Күнімізсің, әже!
Шуағынды сеуіп
Жайна, анамыз, әже.
Жұлдыздарын сені
Айналамыз, әже!
* Әже, сен асыл анасың,
Күлгенде күн болып күлесің.
Үш ұйдің барлық баласын
Құшағына алып жүресің.
Бұлттанбай күндер өтсін деп
Соғады сенің жүрегің.
Ақ тілеу тағы тіледің.
Аналық парыз өтедің,
Балалық парыз бізге сын.
Бала боп кейде кетемін,
Әжетай, өзің жүргесін.
* Жан әжем, құттықтаймын наурыз күнімен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесің елің берген бақыт-бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйіңнен.
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! <<Әжеммен өмір ажарлы>> атты сайыс өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайыста біз қыздардың сапалы білімі мен саналы тәрбиесін, әжелердің даралығын, сайыс бөлімдеріне байланысты өткір ойлылығын, зеректігін, актерлік шеберлігін, өнерлерін тамашаладық.
Бүгінгі женімпазды, номинациялар бойынша марапаттау және сайыс қорытындысын анықтау мақсатында әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
(әділ-қазылар жалпы қорытындысы бойынша <<Гаухар әже>>, <<Асыл әже>>, <<Алтын әже>>, <<Ақылды әже>> номинациялар бойынша марапаттайды)
2-жүргізуші: Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі ( әжелерді құттықтайды, қатысушыларға ризашылық білдіреді, қатысушы қыз бен әжесіне сыйлық тапсырады).
1-жүргізуші: Қыз үйдің көркі,қоғамның қуаты.
Қыздар, әдемі болындар, әсем болындар,
Сонымен бірге ақылды болындар.
Сұлу болындар, сымбатты болындар,
Сонымен бірге саналы болындар.
2-жүргізуші: Кұрметті әжелер!
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілейміз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz