9-сынып: Адам. Қоғам. Құқық пәні бойынша Отбасы және қоғам тақырыбының ашық сабақ жоспары

Ақтөбе облысы. Байғанин ауданы

Т. Жармағамбетов атындағы орта мектеп . Пән мұғалімі: Мақсұтова Ақнұр

9-сыныптың «Адам. Қоғам. Құқық. » пәні бойынша ашық сабақ.

Тақырыбы : Отбасы және қоғам Мақсаты: а) білімділік: Отбасы құрудың басты мақсаты. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдарлары. Отбасының тұрпаттары. Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының міндеттері. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу. ә) дамытушылық:Әркім өз отбасының шежіресін зерттеу арқылы туған-туыстары туралы біліктерін дамыту. б) тәрбиелік:Адамгершілікке, отбасындағы бірлікке, бір-бірін сый- лай білушілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Пікірлесу, сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар, ойындар, есеп- ті тапсырма. Жанұя шежіресімен танысу. Көрнекілігі: Фотосуреттер, тірек-сызбалар, мақал-мәтел, нақыл сөздер. І. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпты ата-аналарымен бірге үш топқа бөлемін. Әр топтың өз аты бар. 1. «Қара шаңырақ». 2. «Үлкен отау». 3. «Кіші отау». Сабақтың барысы:

Тақырып 2 сағатқа берілгендіктен, бұл тақырып өткен сабақта түсіндірілген болатын, бірден мазмұнын сұрап, талдаудан бастаймыз. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. 1. Отбасы -басты мақсат. Топтар өздерінің аттарына түсініктеме береді. 2. Отбасы. (Көрнекілік бойынша жұмыс. )

Отбасының қызметі:

1
Некеге тұру.
1: 2
Некеге тұру.: Баспананың болуы.
1: 3
Некеге тұру.: Ұрпақ жалғастыру.
1: 4
Некеге тұру.: Материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет.
1: 5
Некеге тұру.: Тәрбиелік қызмет.
1: 6
Некеге тұру.: Түрлі қайшылықтардан шығу.

3. Неке. Көрнекілікті пайдалана отырып, оқушылардың үйден оқып келгендерін сұрау. Бір оқушыдан некеге рұқсат етілмейтін жағдайларды сұрау. 4. Отбасын құру қағидалары . Қазақтардың және Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың отбасын құрудағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Тақтадағы көрнекілікке көңіл аудару.

Қазақ халқы :
Ұйғыр халқы:
Қазақ халқы:: Шілдехана өткізу.
Ұйғыр халқы:: 40 күн қыздың үйінде күтеді.
Қазақ халқы:: Қырқынан шығарғанда азан шақырып, ат қойылады.
Ұйғыр халқы:: 7-10 күн ішінде молдаға ат қойғыза- ды.
Қазақ халқы:: Жеті атаға дейін үйленуге тыйым салынған.
Ұйғыр халқы:: Туысқа үйленуге рұқсат.
Қазақ халқы:: Тұсау кесу.
Ұйғыр халқы:: Тұсау кесу міндетті емес.
Қазақ халқы:: Неке жігіт үйінде қиылады.
Ұйғыр халқы:: Неке қыздың үйінде қиылады.
Қазақ халқы:: Екі халықтың ұқсастығы:
Қазақ халқы:: Тілі, діні, кейбір салт-дәстүрлері, ырым-тыйым, мақал-мәтелдері.

-Өздерің көріп тұрғандай заңымыз ортақ болғанымен, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері әртүрлі. Қазақ халқы 7атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Өкінішке орай жеті атасын білмейтіндер, немере, шөбере жиен-нағашылардың өзі бірін-бірі түстеп танымайтындар көбейді. Жесірін тентіретпейтін қазақы қасиет кеміп, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілікті әркез таныта бермейтін болып барады. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер. » деген халық даналығын ұмытпай, зердемізге тоқуымыз керек. Миға шабуыл . -Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген-жетесіз»деген? (Оқушылардың ойларын білу) -Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен. Оны ғылым дәлелдеп отыр. Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста-ақ білген. Есепті тапсырма. -Ендеше адам қаны ұрпақтарында қанша пайыз болатынын әркім өз дәптерлеріне есептеп шығарсын. Әр ұрпақ сайын 50 пайызға азайтып отырасыздар. Шешімі:

1
Әке
100%
1: 2
Әке: Бала
100%: 50%
1: 3
Әке: Немере
100%: 25%
1: 4
Әке: Шөбере
100%: 12, 5%
1: 5
Әке: Шөпшек
100%: 6, 3%
1: 6
Әке: Немене
100%: 3, 1%
1: 7
Әке: Туажат
100%: 1, 5%

5. Отбасындағы балалар ата-аналардың құқықтары. Ата-аналардан сұрау. ( Мәтінмен жұмыс жасалады. ) 6. Отбасын құра алмау құбылысы. Ойталқы: -Өздерің өмірден көріп жүргендей кей адамдар неліктен отбасын құра алмай отыр? 7. Отбасының тұрпаттары.

1-сызба:

Моногамды Полигамды

2-сызба:

Баланың санына қарай отбасылар:
Баланың санына қарай отбасылар:: 1
Көп балалы отбасылар (үш, одан да көп бала)
Баланың санына қарай отбасылар:: 2
Орташа отбасылар (екі бала)
Баланың санына қарай отбасылар:: 3
Бір баласы барлар.
Баланың санына қарай отбасылар:: 4
Баласы жоқ отбасылар.

8. Отбасының атқаратын функциясы. Демограф М. Тәтімовтың мәліметтерін келтіріп кету. Президент Жолдауынан үзінді оқу : «2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға 4000 теңге жәрдемақы төленуі тиіс. 2006 жылдың шілдесінен бастап, 1 жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды енгізу қажет деп санаймын. »


Ұқсас жұмыстар
9-сыныпқа арналған Адам. Қоғам. Құқық пәні бойынша Азаматтық тақырыбының сабақ жоспары
Ашық сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және тоқтату тәртібі (9-сынып, Адам. Қоғам. Құқық. пәні)
9-сыныпқа арналған Адам. Қоғам. Құқық пәні сабағы: Демократия - халық билігі
9-сыныптың Адам. Қоғам. Құқық пәні: кіріспе және адам мәселелері, қызметі, қабілеті мен өмір мәні
Интеллект сайысы: адам, қоғам және құқық бағытындағы пәнаралық сайыс сабақ жоспары
4-сынып Дүниетану пәні: Отбасы - шағын қоғам сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Отбасы - шағын қоғам
Ана тілі пәні: Отбасы - шағын қоғам тақырыбындағы сабақ жоспары
Деңгейлік бағдарламаға сәйкес құқық пәнінің орта мерзімді сабақ жоспары: Адам, мәдениет, қарым-қатынас және қоғам
Дүниетану пәнінен 4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Отбасы - шағын қоғам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz