Мутациялық өзгергіштік

АҚТӨБЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Бекітемін
ЦӘБ отырысында қаралды Директордың оқу жұмысы
Хаттама № __ «__»___20__ж жөніндегі орынбасары
Бірлестік жетекшісі А. Муканова
«» 20 __ж.
Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік
Оқытушы: Балмағамбетова Д. И
Ақтөбе 2015
Пәні:Биология
Тобы:911
Күні: 20. 02. 2015ж
Сабақтың тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік түрлері, олардың себептері, организмге әсері туралы білім беру. Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу, оларды салыстыру, мутациялық өзгергіштіктің органикалық дүниенің дамуы мен жұмыстары үшін маңызды екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі
:кестелер, бейнетаспалар, схемалар.
Пән аралық байланысы:
биология, валеология, география
Сабақты өту жоспары:
I. кезең. Ұйымдастыру.
II. кезең. Үй тапсырмасын тексеру
III. кезең. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. кезең. Жаңа сабақты бекіту
V. кезең. Бағалау
VI. кезең. Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы сұрау, тексеру.
1. Өзгергіштік дегеніміз-
2. Өзгергіштің түрлері-
3. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?
4. Қандай өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты?
5. Реакция мөлшері дегеніміз не?
6. Статистикалық көрсеткіштің орташа арифметикалық шамамен табу үшін қандай формула қолданады?
7. Вариация коэффиценті дегеніміз не?
8. Вариация қатары дегеніміз не?
9. Модификациялық өзгергіштік қандай статистикалық әдіспен зерттеледі?
10. Генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштіктің түрлері қандай?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Кіріспе
Мутация дегеніміз- организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері-гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқайды. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы өзінің «Мутациялық теория» деп аталатын еңбегін жариялады. Мутация және мутагенез оның селекциядағы маңызы.
Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Бірақ көбінесе жануарлар мен адамдар үшін зиянды болып келеді. Себебі организмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" - сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет.2. Негізгі бөлім
![]()
![]()
Селекция үшін генетиктер мутацияны қолдан тудыратын әдістерді жасай бастады. Сонымен мутациялық селекция пайда болды. Мутация тудыратын факторларды мутагендер деп атады. Мутацияның пайда болу процесін мутагенез дейді. Көпшілік жағдайда организмде пайда болған мутациялар жағымсыз әсері болғандықтан, оның тіршілік қасиеттерін төмендетеді. Сонымен қатар селекция үшін маңызы бар мутациялар да кездеседі. Әсіресе олар микроорганизмдер селекциясында кеңінен қолданылады. Мысалы, ультракүлгін сәулемен әсер ету арқылы пенициллиум саңырауқұлағының жаңа штампысы алынды. Олар бастапқы түрлеріне қарағанда пенициллинді мың есе көп түзеді. Сол сияқты рентген және басқа да сәулелермен әсер етіп, практикада мукор, ашытқы саңырауқұлақтарының, азотобактериялардың жаңа қасиетке ие жаңа түрлері алынды.
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар физикалық химиялық және биолгиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелелер, лазер сәулелері және т. б. жатады. Химиялық мутагендерге; кольхищин, этилинимин, никотин қышқылы және т. б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны қазір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет.
Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да(мысалы, сүйекте жинақталатын стронции, т. б. ) мутагендік қасиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді.
Генотиптік өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомаық, геномдық болып бөлінеді .
Гендік мутация . Мутацияның мұндай түрі жекеленген гендерде болады және жиі кездеседі. Гендік мутация ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болады .
Хромосомалық мутация. Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді .
Геномдық мутация . Геномдық мутация дегеніміз - жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік. Геном дегеніміздің өзі - гаплойдті хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz