Қасым қайсенов

Мақсаты:
- Оқушыларға Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты Халық Қаһарманы, партизан, жазушы Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.
- Оқырмандар бойында патриоттық сезім ұялатып, отансүйгіштікке,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
- Қасым Қайсеновтің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.
- Ержүрек батыр, ісімен де, сөзімен де кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған партизан ақын -өмірі несімен ұлағатты деп ойлайсыңдар?
- Неліктен ұлы адамдардың өмір жолы мәңгілік есте қалады?
- «Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқушылар пікірі.
- Серік пен Борис қандай балдар?
Кітапханашы:
Белгілі партизан жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Асу -Бұлақ ауылында кедей шаруа жанұясында дүниеге келеді.
Туған ауылында орталау мектепті бітірген соң 1934 жылы Өскемен қаласындағы Саяси -ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітіреді. Сөйтіп, аранайы орта білім алып, облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істейді. 1939 жылдың қысында Әскери мектепке түседі де, оны 1941 жылдың күзінде бітіріп шығады. 1941 жылдың қараша айында Қасым Қайсенов Оңтүстік Батыс майдан штабының қарамағына жіберіледі. Сол жерден ол арнайы тапсырмамен гитлершілер басып алған Украйна жеріне жау тылына аттанады.
Қасым Қайсенов шағын отрядқа да, жүздеген адамы бар партизан бөліміне де басшылық етті. Ол өзінің партизан достарымен бірге жауға бірнеше рет шабуыл жасап, дұшпанға ойсырата соққы берген.
Бірде Қасым сол маңда дұшпанның ірі зауыты бар екенін естиді. Жақын жерде оны қорғап тұрған жаудың көп әскері де бар. Зауыттың өзін де күшті қарулы қол күзетеді. Қасым тәжірибелі партизандардан кішігірім жасақ алып, тапа -тал түсте аттанып кетеді. Жау тап күндіз шабуыл болады деп мүлде ойламаса керек. Қарулы күзетшілердің бәрі де табанда жойылады. Зауыттың қоймалары ашылып, ішіндегі заттары жергілікті елге үлестіріледі. Партизандар ісін сәтті аяқтап, қалың орманға кіріп жоқ болады.
1942 жылдың жазында Қасым Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Ол жау тылында жүріп, Молдавия, Украйнаның Закарпатье, Чехославакия мен Румыния жерлерінде жауға қарсы күрес жүргізеді. 1944 жылдың аяқ кезінде бұл елдердің жері фашистерден толық азат етілген соң, Қасым өзінің туған жеріне қайта оралады. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының аппаратында жауапты қызметте болады. Одан кейінгі жылдары Жамбыл облысының Жуалы және Свердлов аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары болып қызмет атқарады.
Қасым Қайсенов ұзақ жылдар бойы «Жазушы» және «Қайнар баспаларында редактор, осы баспалардың директорының қызметін атқарады.
Ең тұңғыш шығармасы 1954 жылы «Жас партизандар» деген атпен жарық көрді. Сол кезден бастап оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Жас партизандар» (1954 ж) «Ажал аузынан» (1959 ж) , «Жау тылындағы бала» (1961ж) «Жау тылында» (1973 ж), «Днепрде», «Сол жылдары», «Партизан соқпақтары» (1978 ж) тағы басқа прозалық шығармалары жарық көрді. Оның шығармалары орыс, украйн тілдеріне аударылды.
Ұлы Отан соғысы кезінде фашистер басып алған жерде жауға қарсы батырлықпен күрескен, партизан отрядын ұйымдастыруға белсене қатынасқан Қасым Қайсенов соғыс жеңіспен біткеннен кейін қоына қаламын алып, өз басынан өткізген қаһарлы да қауіпті жорықтарын, көп ұлтты совет азаматтарының ерлік істерін қағаз бетіне түсіріп, оған көркемдік сипат беріп, көптеген кітап жазды.
Шүйішова Гүлнұр -9 сынып:
Тағдыры қызық, оқиғалы роман кейіпкерлерінен кем түспейтін азаматтарымыз бар ғой. Қасым Қайсеновтың жеке басы сондай адам. Оған ойдан шығару, қиялдан қосу қажет емес. Көргенін бастан кешкенін айтып, жазып беруі -сюжетті қою, тілі тартымды, көркем сырлы дүниенің тууына кепіл болды.
« . . . Өзім Алматыда жүргенмен, ойым -майданда, сонау жау тылында жүреді. Тіпті түсімде де партизандар қатарында соғысып жүремін. Жылдар бойы не қыста, не жазда үйді паналап көрмеген биік төсекте жатып ұйықтамаған басым көп азап шекті. Үйге кірсем болды сол үйді сыртынан фашистер қоршап алған сияқты, дереу қайта сыртқа шығуға асығамын. Төсекке жатып ұйықтап кетсем болғаны самолет есігінде парашют киіп тұрғандай сезінемін де қарғып кетемін, жерге төсектен топ етіп құлап түсемін», деген Қасым сырында әзілмен айтса да, шындық жатыр. Бұл жолдардан соғыс стихиясының адам санасына басқан өшпес таңбасын көрумен қатар, ерлікке құлшынған батыр көңілдің көгілдір мұнар сағымын аңғару қиын емес.
Шығармалары- өзара жалғас, бір желідегі жорық шежірелері. Ондағы кейіпкерлері де ортақ, тек ерлік көріністері бөлек, оқиға сипаттары әралуан болып келеді. Бұл туындыларда дұшпан зорлығына ашынған совет халқының қаһармандық ерлік істері, ел бақыты үшін жанын қиған халық батырларының шынайы, табиғи тұлғасы суреттеледі. Фашистерге қарсы астыртын ұйым мүшесі, дәрігер Устимовичтің жау қысымына мойымастан, ерлік өлімге басын тігуінен, радистка Зина Крестьянинованың фашистердің қолына маңызды мәліметтерді түсірмеу ниетімен жас жанын құрбандыққа шалуынан коммунистік саналылық пен патриотизм рухы елес береді. Автордың «Жау тылында» деп аталатын мемуарлық еңбегінде жергілікті халықтың Отанға деген сүйіспеншілігі, жауға қаталдығы, партизан отрядтары мен жасырын ұйымдарға риясыз көрсеткен көмектері өте нақтылы берілген. Еңбектің әр жолында жау тылындағы коммунистердің жергілікті адамдаврды фашизмге қарсы күреске ұйымдастырған ролі бірден -бір дұрыс шешімін тапқан. «Ана кегі», «Партизанның анасы» атты әңгімелерде қайсар да өжет партизандардың бейнесі нанымды сомдалған.
Бейбіт жатқан елге бүйідей тиген коменданттар мен Отанын сатқан старосталар мен полицейлердің өлімі, жау эшелондарын күйрету, тұтқында азап шекен жауынгерлерді, Германияға жер аударылатын жасөспірімдерді құтқару, жаңа партизан отрядтарын құрып, дұшпанға аяусыз соққы беру, міне, бұл оқиғалар Қасым Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылында» сияқты еңбектерінде шынайы көркемдікпен, ұтымды суреттермен бейнеленеді.
Аталмыш туындылардан А. В. Тканко, Е. Д. Ломако, И. К. Примак тәрізді іскер де батыл қолбасшылар мен Илько Витряк, Костя Спижевой, Гриша Алексеенко, Алексей Крячек, Николай Попов, Иван Гаман, Юзик Никольский сияқты әр ұлт өкілдерінің Қасым Қайсеновпен бірлесе отырып, көптеген әскери міндеттерді жеңіспен аяқтағанын көреміз. Ұйымдастырушылық қабілеті зор Иван Примак қатардағы партизандармен тізе қоса отырып, қиын жорықтардың алдыңғы шебінде жүріп, қысталаң шақтардағы өжет те тәуекелшіл әрекет шешімімен дараланады.
Базарова Нұрбике -8 сынып:
Қасым Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға түседі. Қасым аударған М. Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед-Кулизаде Джелилдің «Почта жәшігі» атты еңбектері құнарлы тілімен оқушы жұртшылығының жүрегінен жол тапқан.
Жазушының творчествосының басты өзегі -халықтар достығы. Ол «Отаным менің -Украйна» деп жадағай, дәлелсіз қызыл сөз үшін айтпайды немесе жорықтас достары Қасымды отандас деп құр көңіл үшін іш тартпайды. Мұнда бір зор әлеуметтік, адамгершілік сезімдердің қызу шоғы бар. Ұлы Отан соғысында совет халықтары мызғымас достықтың нәтижесінде фашист жендеттерін жеңіп шығып, бас игізді деген ой жазушы шығармаларының әр жолынан байқалып тұрады.
Қасым Қайсенов -Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда да өзінің партизан отрядында болған украйн достарымен тығыз байланыста болған. Украйнаға бірнеше рет барып, қарулас достарымен талай -талай кездесті. Украйндықтар Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп құшағын жайып қарсы алады. Партизан достарымен кездесуі жөнінде Қасым бірнеше очерк, әңгімелер жазған.
«Ал мені әдебиетке әкелген -соғыс, партизандық өмірім. Әдепкіде қазақ жазушылары мен туралы кітап жазбақшы болды. Соңында соғысқа өзің қатыспағаннан кейін жазу қиын екен деді. Мен басымнан кешкендерді жақсы айтады екенмін. Олар «қалай айтсаң, солай жаза бер» деп кеңес берді. Жазғандарымды оқып, түзетіп, кітап етіп шығарды. «Жау тылында», «Жау тылындағы бала» тағы басқа кітаптарым солай туды. Бүгінге дейін қазақша, орысша, украйнша аудармаларыммен 33 кітап шығарған екенмін», деген жазушы, партизан Қасым Қайсенов «Мөлдір бұлақ» журналына берген сұхбатында.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz