Рационал сандарға амалдар қолдану: қорытынды сабақ жоспары

Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Білімділік мақсаты: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін саралау, ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: танымдық қызығушылығын, логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: жылдамдыққа, ұқыптылыққа, оқуға ынтасын тәрбиелеу
Cабақ түрі: қорытынды сабақ

Сабақ көрнекілігі: карташалар, деңгейлік есептер топшалары, тест тапсырмалары

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең
А) оқушылармен сәлемдесу;
Б) Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

ІІ. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»

Тұжырым дұрыс болса, 1 санын, дұрыс болмаса, 0 санын жазыңдар.

Теориялық диктант

Модуль-бұл санақ басынан берілген нүктеге дейінгі қашықтық.

Бүтін сандар-бұл натурал және оған қарама-қарсы сандар.

Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.

1) . «Шешендік өнер»

Оның жартысында ережелердің басы, қалған жартысында соңы жазылған. Оқушылар сәйкес ережелерді құрып, ауызша айту керек.
№1
Екі теріс санды қосу үшін:
алдына минус таңбасын қойып, қосылғыштардың модульдерін қосу керек.
№2
Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін:
алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қойып, үлкен модульден кіші модульді азайту керек.
№3
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін:
көбейтіндінің алдына «-» таңбасын қойып, сандардың модульдерін көбейту керек.
2) «Өнер»
«Графикалық диктант»
Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Егер тапсырманың жауабы дұрыс болса кесінді, қате болса бұрыш салу керек. Тапсырма орындалғаннан кейін тақтадағы сурет бойынша суреттері тексеріледі. Неше сурет дұрыс болса, сонша ұпай қойылады.
1. - 13+29=- 16 6. - 5 - 8 - 15 - 12=- 40
2. - =- 1 7. 18*(- 3) =- 54
3. 3 - 5, 8=- 2, 8 8. *(- 2) =- 1
4. 2 -(- 9) =- 7 9. (- 2) 3=- 8
5. 0 - 19=19 10. - 7:( - 14) =0, 2

Дұрыс жауаптар санына қарай ұпай қойылады.
3) «Күш сынасу»
Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей:
1) Есепте:
А) - +(- )
Б) 7+(- 7)
В) 9, 3+(- 10)
г) - 45 -(- 20)
д) - 5 *(- )
е) - 7, 2: (- 9)

ІІ деңгей:
Есептемей салыстыр:
А) - 5, 9+3, 6 және 5, 9+(- 3, 6) Ә) 4, 5+(- 1, 6) және 1, 6+(- 4, 5) Б) - 7+(- 3, 2) және 3, 2+(- 7)
Өрнектің мәнін тап:
А) (6 - 15) :(7 - 2, 5)
ә) (- 0, 25) *(- 7) *(- 4)

ІІІ - деңгей:
Өрнекті ықшамда:

а) а+(- в) - 2а
б) - а+(- в) +2а - в
1 деңгейдің әр есебіне 1 ұпайдан, 2 деңгейдің әр есебіне 2 ұпайдан, 3 деңгейдің әр есебіне 3 ұпайдан қойылады.
4) Тест жұмысы


Ұқсас жұмыстар
6-сыныпта рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану: ойын сабақ жоспары мен бағалау тапсырмалары
6-сынып математика пәні: Рационал сандарға амалдар қолдану сабақ жоспары
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану және жүйелеу (бекіту сабағы)
Сабақ жоспары: 6-сынып математика - рационал сандарға амалдар қолдану және деңгейлік тапсырмалар
6-сыныпқа арналған Рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Рационал сандарға амалдар қолдану - білімді тексеру сабағының жоспары
Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталау
Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталау: сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz