Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

"атмосфера" тарауын қайталау. "бәйге" ойын сабағы

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Шүкірлік селосы
Шүкірлік негізгі мектебі
география пәнінің мұғалімі
Закирьянов Улан Какимович
Ұялы тел: 87757953198, жұмыс: 87153352728
Электрондық почта: Zakiryanov @mail.ru
-46101025844500
Сабақтың тақырыбы: ,,Атмосфера,,тарауын қайталау. ,,Бәйге,, ойын сабағы.
Сабақтың мақсаты:1)Білімділік: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге
ұйымдастыру,атмосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
2)Дамытушылық:Мақсаты оқушыларды әртүрлі білім көздерімен, жұмыс жасауды әрі қарай дамыту болды.
3)Тәрбиелік:Табиғатқа өз бетінше бақылау жасауға,одан тиісті қорытынды шығарып, оны басқамен салыстыруға,аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ойын, жарыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.
Көрнекілік:Атлас,топтамалар, сөзөрім,суреттер.тест,слайдтар.
Сайыс бағдарламасы(,,Бәйге,, ойынына түсініктеме беру).
* Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешу.
* Білім сайысы.
* Географиялық есептер шығару.
* Қазақтың аспан әлемі туралы мақал-мәтелдерінен сөзөрімдер
Шешу.
5.Ұғым сөздердің анықтамасын айту.
6.Тест
7.Қазақтың ауа-райы туралы болжамдарынан мысалдар келтіру.
8.Бағалау.

Ұйымдастыру бөлімінде ,,Бәйге,,ойынының шарты туралы қысқаша түсініктеме беріледі.
Қазақ халқының ұлдарына арнап құлын кезінен бәсіре байлайды. Соны баптап тәрбиелейді.Өсе келе бала 5 жастан бастап атқа мінгенде сынау мақсатында бәйгеге қосады.Бәйге ойынының өзі бірнеше түрге бөлінеді.:

1.Аламан бәйге-аттар 30 шақырымға айдалады.
2.Жорға бәйге-аттар 20 шақырымға айдалады.
3.Құнан бәйге - аттар 8 шақырымға айдалады.
4.Тай бәйге- аттар 3 шақырымға айдалады.
Осы жарыста озғандарға сыйлық беріледі.Оқушылар екі топқа бөлінеді.
.,,Бриз,, тобына.

1.Қара алып жарқыратып,
Жасын атып күркірейді.
Суды сайға сарқыратып,
Демі шөпті сілкілейді.(Бұлт)

1.Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.(Кемпірқосақ)

.,,Муссон,, тобына.

2.Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып,жон-алап,
Терілді,керілді.(Жаңбыр)

2.Әуеде ақ мамық,
Қалбақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады.(Қар)

2 бөлім.,,Білім ,,сайысы.Оқушылар топтамадағы сұрақтарға жауап береді.Ойын шарты бойынша,,Аламан,, бәйге.
,,Бриз,,тобына
1.Атмосфера деген не?
2.Атмосфералық қысым деген не?
3.Ауаның құрамында кездесетің газдарды ата?
4.Ауа-райы деген не?
5.Бұлттардың түрлерің ата.

,,Муссон,, тобына.
1.Атмосфера қанша қабаттан тұрады?
2.Жел қалай пайда болады?
3.Ауаның температурасын өлшейтің құралды ата.
4.Жер шарында неше жылу белдеуі таралған?
5.Тұман деген не?

3.бөлім Географиялық есептер шығару.,,Жорға,, жарысы.
,,Бриз,, тобына.
-----Таудың етегінде температура +20градус, ал шыңында -16градус болса,таудың биіктігі қандай?
Шешуі:(+20гр)+(-16)/----36гр
36/6------6шқ.

,,Муссон,, тобына.
Жылдық орташа температураны есептеп шығыңыз және графигін сызыңыз

қ
а
н
с
м
м
ш
т
қ
қ
Қ
ж
Жылдық
Ор темп
-17
-10
+3
+5
+6
+14
+20
+19
+10
+6
-6
-14
?

Шешуі:оң toС-----+83
Терісt0С---------47 (+83)-(-47)/12---------3С
Жауабы:жылдық орташа температура 3С

4.бөлім
Қазақтың аспан әлемі,жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдерден құрастырылған сөзөрімдер шешу.,,Құнан,, бәйге.
,,Бриз,, тобына.
1............күн-ат адым ұзарды.
2............береген,күз алаған.
3............болмай,тәуірболмас.
4.Көктем--.......,күз-диқан.
5.........азығын,жаз жина.
6.Көктемде түскен бір дән,........күні мың дән болады.
Керекті сөздер:жаз, ақпан,мұрат,сәуір,қыс,күз.
Шешуі: Наурыз ---жыл басы

Н

А

У

Р

Ы

З



<<Муссон>>тобы

1............көп жылы тоқшылық,
Қоян көп жылы жоқшылық.
2.Туған....тураған етпен тең.
3........үйден көрінсе,үш ай тоқсан қысың бар,
Үркер іңірде жамбасқа келсе,жаз шықпаған
несі бар.
4.........күн қарға адым ұзарады.
5.Жазда........жинасаң,қыста мал азығы,
Жазда сөк жинасаң бала азығы.
6........қамын қыс ойла,бір ойлама үш ойла.

Керекті сөздер:ай,тышқан,қаңтар,үркер,шөп,жаз
Шешуі:қараша -- қауыс,кәрі-құртаңды тауыс.

Қ

А

Р

А

Ш

А

5.Төмендегі ұғым сөздердің анықтамасын айтыңыз.,,Тай,, бәйге.

,,Бриз,, тобына.
1.Конденсация-белгілі бір жағдайлардағы су буларының сұйық күйге айналуы.
2.Муссон- бұл бағытын қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылуына байланысты өзгеретін маусымдық жел.

,,Муссон,, тобына.
1.Климат-ауа райының белгілі бір жерге тән көп жылдық орташа жай-күйі.
2.Бриз -- теңіз жағалауынан соғатын,құрлық пен судың үстіндегі әр түрлі жылуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертіп
тұратын жел.



ТЕСТ.
1.Атмосферадағы ең көп газды көрсет:
а)сутегі б) оттегі в)көмір қышқыл газы с)азот
2.Тәуліктік ең төмен температура қай уақытта болады?
а)таң алдында б)түсте в)кеште с)кешқұрым.
3.Шық қай жыл мезгілінде түседі?
А)қыста б)жазда в)күзде с)көктемде
4.Бриз желі қалай соғады?
а) таудан далаға қарай б) даладан тауға қарай в) құрлықтан теңізге қарай с) теңіз ішінде соғады
5.Муссон желі деп қандай желді айтамыз?
а)жыл бойы соғатын жел б) маусымдық жел в) айлық жел с)тәуліктік жел.
6.Шаш гигрометрі деп аталатын құралмен не өлшейміз?
а)желдің бағытын б)атмосфералық қысым в)ауаның ылғалдылығын с)ауаның температурасын.
7.Шарбы бұлт қандай биіктікте болады?
а)6 шқ және одан жоғары б)2 шқ одан жоғары в)800-1000м с)100-200 м жоғары.
8.Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал:
а)қар б)қырау-қылау в)жаңбыр с) бұршақ
9.Барометр құралымен не өлшейміз?
а)жылуды б)ылғалдылықты в)жауын-шашынды с)қысымды
10.Жел жылдамдығын қандай өлшем бірлігімен өлшейміз?
а)шқ/сағ б)м/мин в)м/сек с)кг/м.

Қазақтың ауа райы туралы халықтық болжамдарынан мысалдар келтіру.
,,Бриз,, тобына.
1.Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенет қатты суытады.
2.Мал кешке таман бір бағытта күйсеп жатса ,келер күні сол жақтан жел не боран соғады.

,,Муссон,, тобына.
1.Тышқан інін суға жақын қазса, сол жылы құрғақшылық.Ал алыс қазса, жауын-шашын көп болады.
2.Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасыздана бастайды.

Бағалау. ,,Той тарқатар,, бөлімі.Оқушылардың сабаққа белсене қатысуына ,біліміне топтың ынтымақтастығына байланысты бағаланады.
Ойын,сайыс түріндегі сабақтар - оқушы білімін қорытындылайтын тиімді әдіс әрі берілген білімді естерінде ұзақ сақтап қалуға ықпал етеді.


Ұқсас жұмыстар
Қарағайлы орман
«атмосфера» тақырыбына корытынды - қайталау сабағы
Атмосфера тақырыбына кортынды - қайталау сабағы
Металдар тарауын қайталау
Литосфера тарауын қайталау
Сүт қоректілер класына жалпы сипаттама. құрылысы және тіршілік әрекеті
Гидросфера (қорытынды сабақ)
Қазақстанның табиғат кешендері
Зертханалық жұмысқа нұсқаулар
Ауа райы. Климат жайлы ақпарат
Пәндер