Аспанмен тілдескен музыка: арфа тектес аспаптардың шығу тегі мен мифологиясы

Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка құдіреті.

Сабақтың мақсаты:

Окушыларға музыканың құдіреті туралы әңгімелеу.

Білімділігі:

Оқушылардың білімге деген қызушылығын арттыра отырып, музыканы түсініп, тыңдау арқылы білім деңгейін көтеру.

Дамытушылығы:

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ән, бейнелеу, еңбек пәндерінен кіріктірілген сабақ арқылы дамыту.

Көрнекіліктер:

Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта видиолар, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру.

2. Кіріспе.

3. Жаңа сабақ. Көнеден келген аспап.

4. Аспаптармен таныстыру.

5. Музыка тыңдау.

6. Аспаптарда ойнап көрсету.

7. Ән үйрену. «Домбырасыз сән қайда»

8. Қорытындылау.

9. Үйге тапсырма.

10. Бағалау.

Сабақтың барысы:

Үйге берген тапсырманы сұрау.

Жаңа сабақ. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті.

Музыкалық аспаптар тек қана музыка ойнап, көңіл көтеру үшін пайда болған деп ойлайтын боларсыздар. Музыкалық аспаптардың шығу аңызына құлақ түрсең, ол саған ғажайып сыр шертеді.

Көптеген әлем халықтарында арфа тектес аспаптар бар. Садақтан пайда болған бұл аспаптардығалымдар жер бетіндегі ең көне аспаптардың бірі деп есептейді. Мысырда бұл аспапты киелі санап, оның дыбысын құдіретті кұшке балаған. Өлген адамның жаны арфа аспабының үнін тыңдайды деп сенген. Сондықтан болар көптеген скандинав халықтары да өлген адамдарды арфамен жерлейтін болған.

Ал ежелгі кельт халықтары Дагда атты құдайы арфа аспабын ойнағанда жыл мезгілдері ауысады деп ойлаған.

Грек халықтарының арасында арфа аспабының кішкентай түрі лира кең тара тараған. Би мен әннің құдайы Терпсихора лира аспабын ойнаған кезде, жер бетінде мамыражай бейбіт өмір орнайтын болған. Лира аспабы арқылы адамдар құдайлармен тілдескен.

Ал түркі халықтарына ортақ жетіген аспабы жайнда мынадай аңыз бар. Бұрынғы өткен замандажеті бөрі - хандар елікті қуамын деп абайсызда аспанға шығып кетеді. Жеті ханның бұл әрекетіне ренжіген Көк тәнірісі, оларды жеті жұлдызға айналдырып жіберген екен. Сәйтіп аспанда жеті қарақшы жұлдыз пайда болады. Сықырлаған аязды түнде олар аспаннан жерге қарап, жетіген аспабын ойнап, жол көрсететін болған. Аспаннан төгілген бұл әуенді естіген адам байлық пен бақытқа кенеледі деп сенген.

Қытай халқының жетіген тектес аспабын «цинь» деп атаған. Ежелгі цинь аспабы бес ішекті болған екен. Оның әрбір ішегін жердің бес құдіретіне теңеген. Олар - жер, су, от, ағаш және темір. Кейін келе цинь аспабы жеті шіекті болады. Аспаптың алтыншы ішегі өлген жауынгерлердің жанын жоқтау үшін тағылса, ал, жетінші ішек арқылы арқылы соғысқа аттанған жауынгерлерге рух берген екен.

Қытай халқы бұл аспапты киелі деп санаған.

Жетіген тектес аспаптардың сан ғасырлық тармхы бар. Бұл аспапты барлық халықтар киелі аспап санап, оның құдіретті үні арқылы аспанмен тілдескен екен.

Музыка тыңдау. Арфа аспабының сүйемелдеуімен.

Қорытындылау.

Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?

Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған?

Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған?

Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді?

Үйге тапсырма. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті туралы оқып келу .

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Аспаптық музыка сабағы: аспаптардың тембрін тану, тыңдау және орындау дағдыларын қалыптастыру
Адамның шығу тегі мен эволюциясы: ғылыми негіздер және сабақ жоспары
Көлдер мен мұздықтар: шығу тегі, түрлері және Қазақстандағы географиялық сипаттамасы
10-сынып: Қыпшақ мемлекетінің шығу тегі, тарихы мен этностық құрамы
Қыпшақ мемлекеті: шығу тегі, тарихы және этностық құрамы
Адамның шығу тегі мен нәсілдері: гоминидтер эволюциясының қазба және генетикалық деректері
Қорқыт және қобыз: қазақ музыка өнерінің бастауы және скрипканың арғы тегі
Қазақ халқының этногенезі: Қазақ атауының шығу тегі, жүздердің қалыптасуы және диаспора
Құстар класының жалпы сипаттамасы: құрылысы, ұшуға бейімделуі және шығу тегі
Селекция негіздері: жануарларды қолға үйретудің бастапқы кезеңі, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары және үй жануарларының шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz