Ағаштан күрек жасау

папа2 ШҚО. Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы

К. Төгісов атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Сулейменов Серик Какенович

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан күрек жасау

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі -кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.

Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету, таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,

2. Жаңа сабақ.

Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.

1. Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу . . . )

2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

3. Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)

4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан . . . )

5. Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?

6. Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл, қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.

Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.

Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.

Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.

Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.

Қауіпсіз жасалатын
Қауіпсіз жасалатын:
Қауіпсіз жасалатын: Тез табылатын қымбат емес материалдардан
Қауіпсіз жасалатын:
Қауіпсіз жасалатын: Экономикалық шығын көп емес

Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.

Қажетті материалдар тізбесі

Реті: Реті
Атауы:

Атауы

Саны:

Саны

Материалы:

Материалы

Ескерту:

Ескерту

Реті: 1
Атауы:

калак

Саны: 1
Материалы:

шебік

Ескерту:

3 кабатты

Реті: 2
Атауы:

сап

Саны: 1
Материалы:

ағаш

Ескерту: кез келген
Реті: 3
Атауы:

табан

Саны: 1
Материалы:

ағаш

Ескерту: кез келген
Реті: 4
Атауы:

камыт

Саны: 1
Материалы:

каңылтыр

Ескерту:

0, 8 мм

Реті: 5
Атауы:

Табан тірегі

Саны: 1
Материалы:

қаңылтыр

Ескерту:

0, 8 мм

Реті: 6
Атауы:

Шеге

шеге

Саны: 15
Материалы:
Ескерту:

20мм

Реті: 7
Атауы:

Бұрандалы шеге

Саны: 2
Материалы:
Ескерту:

15мм

Реті:
Атауы:
Саны:
Материалы:
Ескерту:

Қар күрейтін күректің техникалық сызбасы

3. Сарамандық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін. Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.

Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін. Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.

Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.

Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

Үйге тапсырма: 48 беттегі тақырыпты оқу, үйде күрек макетін жасап келу.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі. «к дыбысы мен әрпі»
Тақырып - Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы. Сабақ нәтижесі
ХХі ғасыр көшбасшысы.
Дәптермен жазу
Ағаштан жасалған бұйымды лактау
Дәйексөзді дәптерге жазу
Логарифмдер
Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері
Көрші атам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz