Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Ұлттық ою-өрнектердің қолданылуы және оюды қиюәдістері



4253865-32956500ШҚО. Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы К. Төгісов атындағы орта мектебінің
технология пәні мұғалімі
Сулейменов Серик Какенович

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою - өрнектердің қолданылуы және оюды қию әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды еңбекке баулып, қызығушылықтарын ояту.Түрлі құрал-сайман түрлерімен жұмыс істей білуге үйрету,сарамандық дағдыларын қалыптастыру, шеберлік деңгейлерін арттыру.
Дамытушылығы: Ою-өрнек ойғызу арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлттық өнердің қыр-сырын білуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру. Ұлттық өнерді дәріптеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, проблемалық, сарамандық. Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия,сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,ою-өрнектерді оюдың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар, түрлі түсті қағаздар, қарындаш, қайшы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2минут
2. Жаңа сабақты түсіндіру 20 минут
3.Практикалық жұмыс 60 минут
4.Бағалау 8 минут
Мұғалімнін кіріспе сөзі.
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді. Орнамент - көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы - сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.
Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады.
Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Тұрмыста қандай үй жихаздарын әсемдеуде ою қолданылғанын көрдіңдер? (оқушыларға сұрақ) ( Жауап: Ою күнделікті тұрмыста үй жихаздарын - сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, сондай-ақ киім-кешектерді, қабырғаларды т.с.с. безендіруге қолданылады.)
Ою-өрнек түрлері. Ғылымда ою-өрнекті зооморфтық (хайуанаттық), көгөріс (өсімдікше) және геометриялық деп үш топқа бөледі. Кейінгі кезде бұған космогониялық, астральдық, ғарыштық деп төртінші топты қосу жүйесі бар.
Ою тарихы. Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ-ІҮ ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлерінде бір-бірімен тығыз байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген. Олар сақтар, ғұндар мен үйсіндер. Яғни, біздің ата-бабаларымыз болатын. Олардан бізге жеткен ою өнерінің бір жұрнағы - Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанынан табылған сырмақ, кілем, үй жихаздары.
Оюдың мән-мағынасы. Оюдың әрбір элементінде, көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса, солай қиюластыра салғанмен тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Мысалы қыздардың киіміне салынатын ою басқа да, жігіттердің шапанына салынатын ою одан өзгеше болады. Солсияқты сандық бетін, текемет, сырмақтардың қандай мақсатта( ұзатылған қызға, өз үйіне, сыйға...) жасалғанына байланысы алуан түрлі болып келеді.
Оюшы деген кім? Шебер, ісмерлермен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ол барлық оюды өз бетінше қия алғанда, әртүрлі безендіру жұмыстарын жасай алғанда, нұсқаларға қарап өзі де ою түрлерін ойлап тауып өз өнерін басқаларға үрете алғанда ғана оюшы атанады.
Нағыз оюшы өзін қоршаған ортаны үнемі бақылап, табиғат сырларын тануға, жан-жануарлар әлемін, өсімдіктер дүниесінтерең білуге ұмтылады.
Оның байқағыштығы, сезімталдығы, талғампаздығы, ісмерлігі қатар жетілсе ғана шеберліктің шыңына көтеріле алады.

Практикалық жұмыс
Технологиялық карталар таратылады. Түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Қажетті құралдар:
1.Қарындаш 4. түрлі-түсті қағаз 7. Төсеніш қатты қағаз.
2. Сызғыш 5. Қайшы
3. Циркуль 6. желім
Оқушыларға бағыттау жұмысын жүргізе отырып жоспарланған оюларды салу және қию.

Үйге тапсырма: 82-бет мәтінді оқу.Сыныпта үйренген ою үлгілерін қағаздан қиып жаттығу тапсырылады.(Барлық үлгілерді талдап, бағаланатыны және келесі сабақтарда қиюластыру жұмыстары жүретіні ескертіледі.)
Сабақты қортындылай келе оқушылардың жұмысын тексеру, мадақтау, бағалау.

Практикалық жұмыс
Технологиялық карталар таратылады. Түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Қажетті құралдар:
1.Қарындаш 4. түрлі-түсті қағаз 7. Төсеніш қатты қағаз.
2. Сызғыш 5. Қайшы
3. Циркуль 6. желім
Оқушыларға бағыттау жұмысын жүргізе отырып жоспарланған оюларды салу және қию.


<<Төртқұлақ >> оюын қиямыз.
* Шаршы түріндегі қағаз алып, суреттегі жебе бағытымен үш рет бүктейміз.
* Тік үшбұрыш пайда болды.
* Бүктелген қағаздың бітеу қырынан бастап суретте көрсетілгендей қошқармүйіз үлгісінің бір сыңарын ғана сызып шығайық.
* Қайшымызды алып, сызық бойымен қырқайық. Ою қияр кезде, яғни қиып жатқанда қайшыны тік ұстап , жүзін қайта-қайта қағаздан ала бермей үздіксіз қырқып шыққан жақсы.
* Еппен қағаздың бүктеуін жазамыз да, қыртыстарын тегістеп төсеніш қағаздың бетіне желімдейміз.









Қағазды төрт бүктеп ою.



Тұтас композициялы оюды қию әдісін үйренеміз.
Бұл оюды сандық, кебеже, төсек яғни ағаштан жасалған бұйымдардың беттерін безендіруде қолданады.

1.Шаршы түріндегі қағаз алып, суреттегі жебе бағытымен үш рет бүктеп төртбұрышты етіп аласыңдар (а,ә, б).
2.Жебе бағытымен үшбұрыштап бүктейсіңдер ((в,г).
3.Бүктелген қағаздың бітеу қырынан бастап суретте көрсетілгендей ою үлгісін сызып шығасыңдар.
4.Қайшымызды алып, сызық бойымен қырқайық.
5.Еппен қағаздың бүктеуін жазамыз да, қыртыстарын тегістеп төсеніш қағаздың бетіне желімдейміз.


Ұқсас жұмыстар
Геометриялық оюлар
Бұйымды сәндеу
Оқушыларды ұйымдастыру
Ағаш түрлерін көрсет
Ою - өрнек сыр шертеді
Қазақтың ою-өрнектері. 6 класс
Ою ойғанның ойы ұшқыр
"қошқар мүйіз" оюы
Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп иесі
Сырмақтың түрлерін ата
Пәндер