Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Отбасы жарастығы
Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі.
Математика пәні оқытушысы Ельжанова Гулмира Хаберовна.
Топтың ата – аналарымен
жүргізілген тәрбие шарасы.
Тақырыбы: Отбасы – жарастығы
Мақсаты: Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсерін
ұғындырып, ата – ана бала тәрбиесінің қамқоршысы екеніне көз жеткізу.
Ата – анаға баланың жан дүниесін түсіне білуге, ұлттық тәрбиенің маңызы
отбасында қалыптасатынын ұғындыру
Міндеттері:
- Отбасының басты қазығы – бала
- Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы
- Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырушы
Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: Ой қозғау, пікірлесу
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мультимедиа аппараты, гүл, шар,жиналмалы
бетшелер
Күтілетін нәтиже:
- Ата – анамен баланың ынтымақтастығын қалыптастыру
- Отбасылық қарым – қатынастың тәрбиедегі жетістігін көрсету
- Отбасы – өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде
мемлекеттің негізгі буыны
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тыныштық сәті
ІІІ. Достық шеңбері
IV. Ой қозғау
V. Тұжырым
VI. Қорытындылау
ІІ. Тыныштық сәті /музыка ойнап тұрады/
Ата-аналар! Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар. Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, ауаны терең жұтыңдар.
Көз алдарыңа отбасындағы ең бақытты сәттерді елестетіп, балаларыңыздың
сіздерді еркелетіп, аялап қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Ал енді
көздеріңді ашыңыздар.
ІІІ. Достық шеңбері
-Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар! Сіздермен танысу мақсатында біз қазір
«өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің
аты-жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті
беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз. Қарасаңыздар,
өрмекшінің торы шықты. Енді кері қайтарамыз, ол үшін сіз алдыңыздағы
адамның аты мен жақсы қасиеттерін айтасыз.
IV. Ой қозғау
-Құрметті ата-аналар, біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Отбасы
жарастығы». Отбасы – әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Отбасы
дегенімізде бірінші үйдегі бала, бала тәрбиесі деген сөзді қолданамыз. Сол
себепті де бүгінгі тақырыбымыз бала жайында өрбімек. Бала тәрбиесі қашанда
кезек күттірмейтін, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала
бермек. Бала үшін отбасы – басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш
отбасының ықпалымен таниды. Сөйтіп бала өзінің ең жақын адамдары арқылы
өзін қоршаған дүниені танып біледі. «Отбасында, мектепте, қоғамдық
орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен
мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз
баланы - адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Отбасы –
шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен
адамгершіліктің ордасы. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе -көз айтқан сөзіміз,
берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет.»
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық,
татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре ,
түсіне білгенде отбасы берік болады.
1. Бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең
басым болу керек деп ойлайсыздар ма?
2. Жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыту мен адами құнды
қасиеттерін меңгертуде отбасының әсері қандай?
V. Тұжырым
ҰЯДА, СЫНШЫ, АҚЫЛ, ЖАҚСЫ, ҰЛ – ҚЫЗ
сөздерін қатыстырып, тұжырымды ой айту
VІ. Қорытындылау. Нәтиже
Бүгінгі әсерлеріңіз қандай? Бір-бірлеріңізге шаттық, көңіл-күй, жақсылық
тілек білдірейік!
«Тілек шамы» ойыны
Қазақта отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. Оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болып, шаңырақтарыңызда береке, бірлік болып,
отбасының тірегі, жүрегі ата – аналар аман болсын. Тілек шамын бір –
бірімізге жақсы тілек айтып жалғастырайық.
Бәрі қосылып ән орындайық: Ән – «Аналар тілегі»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz