Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақстандағы мекен еткен әр ұлт өкілдерінің дәстүрі,ұлттық киімі және өнері жайлы мағлұмат беру

Сабақтың мақсаты:
1)Қазақстандағы мекен еткен әр ұлт өкілдерінің дәстүрі,ұлттық киімі және өнері жайлы мағлұмат беру.
2)Ш әкірттерді халықтар арасындағы достыққа,татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.
1-ж.Құрметті мұғалімдер <<Достығы жарасқан халықпыз>>атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Сіздер білесіздер,кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.Әрине,бұл қазақ халқының ұлылығынан, <<кең болсаң,кем болмайсың>>дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны мәлім.
Хор:<<Атамекен>>әні.
1)Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
2)Мен қазақпын,бір биік белеспін мен
Европа да,Азия да емеспін мен
Аралықпынжетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел естіммен.
1)Қазақ жері-қонақжай төрлер жері
Қазақ жері қос сақтай ерлер жері
Елі кедей болмаған-жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай шерлер жері.
2) Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ ері өнерлі өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті,киелі қасиетті.
1.Біздің Отан кең байтақ
Көп ұлттың мекені,
Біз құшақты кең жайсақ.
Әлем сыйып кетеді,
Тату елміз табысқан
Қазақстан бақстан.
2.Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Мұнда жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.
3.Қазақстан басқа ұлтты жат санамайды.
Қазақстанда орыс,украин,неміс,ұйғыр,корей,қытай т.б ұлт өкілдері тұрады.
4.Туысқандық бірлікте сан түрлі ұлттар мен халқымыздың жасампаз еңбектері,күш-жігері,шығармашылық қабілеті толық ашылды.
Халықтар достығы болмаса,Қазақстан бүгінгідей үлгілі болмас та еді.
5.Атам қазақ <<Бірлігі жоқ ел-тозады,
Бірлігі күшті ел-озады деп көрегендікпен айтқан.Қазақ халқы - ержүрек,достыққа адал,бауырмал,қонақжай халық.Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады.Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған елге айналды.
6.Дүние жүзінде 117 мемлекет бар.Қазақстан 100-ден астам елдермен жан-жақты қарым-қатынаста.Әлемнің 28 елінде ҚР-ның елшілігі бар.
Астанамызда АҚШ,Қытай,Түркия,Франция,Иран мемлекеттерінің елшіліктері ашылды.
7.Бізге берік ұлы достық,
Бірлік құрып тірлік қостық.
Ұлы достық биігіңе,
Дос жолына жүрек қостық.
8.Достық біздің тірегіміз
Бірге соғар жүрегіміз
Оттай ыстық бір-біріне
Одақтасқан ұлы елміз.
Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне сөз кезегін береміз.Қазақ ұлтының өкілдері.
9.Тыңда,тыңда,тыңда мені
Ұлы жұртым,орыс халқым
Сен тербетіп өсіргенсің
Сенің даңқың,менің даңқым!
Орыс мәдени орталығының өкіліне сөз береміз.
Орыс мәдени орталығы 1992жылы құрылған еді.Біз елімізде ешқандай қақтығыс,төңкерістің болмағанын қалаймыз.Қазақстан әрқашанда осындай тұрақты қалыпта болып,төбемізден күн күліп тұрма екен дейміз.Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп,ән салып,би билеп,той тойлаймыз.Біз үшін ең басты мәселе өзара түсінігімізді дамыту.Қазақстан жасасын!
Орыс биі <<Калинка-Малинка>>
10.Қадірменді бір досымыз-өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің
Өз көзімдей күлімдейді көздерің!
Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік.
Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой,татту-тәтті өмір сүрудеміз.Жүрегі кең,бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз,бөтен ой естіген жоқпыз.Мен елімнің амандығын,осы бетпен алға жүре беруін тілеймін.
Өзбек биі.
11.Жақсылыққа,бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен,дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
12.Тілегі бір,жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрышта да,
Берік біздің іргеміз.
13.Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып,жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
14.Достық тапса діндер менен тілімді,
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі.
Бір туғандай ұлтаралық келісім,
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
15.Серт берісіп туыс болып қалуға,
Нәубеттерден аман жеттік дамуға.
Байтақ елдің биік ұстап байрағын,
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
16.Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
17.Достық бізге тым ыстық
Бірлік-байлық,ырыс-құт
Жарқырасын күніміз
Жаса,жаса,тыныштық!
18.Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қоссам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
19.Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шыттығымыз тіреп тұр.
20.Жырласа қазақ,түрікмен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан!
21.Қазақ жері достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде,еңбекте,мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
22.Ақ,қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр,өнер салтымен,
Таңқалдырған ғаламды.
23.Ақпыз,қара,сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша тау,
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
24.Егінді тың жеріміз,
Еркін қазақ еліміз.
Құрметтейміз достықты,
Дайын досқа төріміз.
25.Қол ұстасып ел жатыр,
Орыс,қазақ,ұйғырлар,
Түрікмен,тәжік,грузиндер.
Терезесі тең жатыр.
26.Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық аспан кең аспан.
Мақал-мәтелдер
Орыс,ағылшын тілінде білетін мақал-мәтелдерін айту
Бір ата,бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
<<Бірлік барда тірлік бар>> деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Х ор: <<Әрқашан күн сөнбесін!>> әні үш тілде орындау.

Ашық тәрбие сағаты
Достығымыз жарасқан халықпыз



Сынып жетекшісі:Жарлықасинова.Г


2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Елімнің іргесі берік болсын
Қазақстан халқы ассамблеясы және елбасы
Орыс халқы
Жайнаған қазақ еліміз
1 мамыр - Халықтар бірлігі күні
Ұлттық салт – дәстүрді сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін тарттыру
Курсты оқытудың мақсаты
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Құрақ құрау
Этнос, халық, ұлт
Пәндер