Шілдехана, бесік той. 2 сынып. әдебиет әлеміне саяхат

Арал қаласы
№62 мектеп
Ашық сабақ
Мұғалім: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы
Күні: 31. 10. 2014
Пәні: Әдебиет әлеміне саяхат
Сыныбы: 2 а
Сабақтың тақырыбы: Шілдехана, бесік той.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік:
Оқушыларды ара жігі айырғысыз осы екі дәстүрмен таныс ету. Ондағы ырым, жоралғыларға мән беруге үйрету.
Дамытушылық:
Тіл дамыту. «Қалжа», «Иткөйлек» сөздерінің мәнін білдіру, шақалақ, періште, нәресте, сәби, бөбек - жас баланың атаулары екендігін ұқтыру.
Тәрбиелік :
Тойдың тәрбиелік мәнін ашу, көпшіл болуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақтың тақырыбы, мақал - мәтелдер, мазмұнды суреттер, бесік, қуыршақ, .
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру. .
ІІІ Мақсат қою кезеңі .
V. Жаңа сабақ:
- Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Қонақтарға не көрсетуіміз керек?
- Қонақжайлығымызды қалай көрсетеміз?
- Жақсы білімімізбен тәртібімізді көрсетсек, қонақтардың көңілдері марқайып қайтады.
-Мына тақтадағы ребусқа көңіл бөліп шешейік.
«Шілдехана»
Бүгін біз «Шілдехана бесік тойы» - деген тақырыпты қалап алып, осы екі дәстүр туралы мағлұмат аламыз. Сәбиге арналған алғашқы екі той ара жігі ажыратқысыз, бір - біріне жалғасқан, дүниеге келген сәби құрметіне арналған той.
Дүниеге сәби келу - ұрпақ жалғасы, болашақ азамат, елінің, жерінің, отбасының тірегі деп ұғынуымыз керек.
- Нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той?
«Шілдехана»
- Сәби дүниегеи келгенде туыстарынан не сұралаады?
Сүйінші!
Сүйінші!
Дүниеге алтын айдарлы ұл келді!
Ат ұстар, елін қорғар жан келді!
Немесе
Қылығы тәтті, сүйсінтер жанды,
Ақылына көркі сай ару келді! - деп сүйіншілеп, сүйіншісін алған.
- Сәби кіндігін кескен ананы кім дейміз?
«Кіндік шеше»
- Ең алғаш киген киімі
«Иткөйлек», жас босанған анаға арнап «Қалжа». алып келеді
- Баланы немен шомылдырамыз?
Баланы тұзға пісіріп, иткөйлегін кигізеді. «Сәбиді сылау өсіреді» - деп баланы күнде шомылдырып, күнде сылап қырқынан шыққанша қадағалайды. Қалжаға үй йесі де ірі қой сояды. Арнайы сойылған мал - «қалжа» деп аталады.
Қалжаға сойылған қойдың мойын омыртқасын тұтас тазалап, маңдайшаға іліп қояды. Бұл сәбидің мойыны тез қатайсын деген ырым.
Қалжаға күйі жоқ үйге жекжат - жамағаттары жиылып қалжа әпереді. Дүниеге сәби әкелген ананың белі бекінгенше жас сорпа мен етті аузынан үзбейді. Бұл салттар адамдарды жақындатып, бір - біріне тілекші, қамқоршы қылады.
Қайын сіңлі, қайын апалары ана мен жас сәбиді күтімге алады. Бұл имандылық дарып, жүрегіміз жұмсаруына әсер ететін көркем салт.
Сүйінші сұрағанда естігендер, құтты болсын айта келгендер, тойға келгендер «Баланың бауы берік болсын!» - деп тілек арнаған. Сәбидің ұл не қыз бала екендігін айту үшін «ат ұстар», «жылқы айдар», «қой бағар», «шай құяр» деп тұспалдаған.
«Шілде»- сөзі парсының «чел немесе чиль(қырық) сөзінен шыққан. Шілдехананың көне атауы «Шілде күзет» болған. Мағынасы туылғаннан кейінгі қырық күндік күзет( анасы мен баласы жын-шайтандардан 40 күн бойына, яғни қырқына дейін күзету.
- халқымыздың қастерлі, жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Тойға жастар жиналып, ойын сауық ұйымдастырылады.
Шілдехана - баланы жын - шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Жас босанған ана мен жас сәбиге жын - шайтан үйір деген түсінік бар. Түнгі қараңғы мезгіл қатерлі деп ұққан. Сондықтан шілдехананы кейде «шілдекүзет» - деп те атайды. Шілдекүзет кейде үш күнге дейін созылады. Жастар кеште жиналып, таңға дейін ән айтып, домбыра тартып, айтыс ұйымдастырып, көңілді өткізеді.
Сергіту сәті «Күнбағыс».
Күркіреді күн, күн . . .
Терезелер шың, шың.
Жауды жаңбыр топ-топ,
Шелек-шелек көп-көп!
Жон арқаңды тос-тос,
Күнбағыс, тез өс-өс!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz