Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көркемөнерпаздар байқауы

<<Көркемөнерпаздар>>байқауыМақсаты:Білімділік: Оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағыТүрі: Жарыс Көрнекілігі: интертақта, қанатты сөздер, бағалау парағы.
Сайыстын барысы:1. Ойынның мақсатымен таныстыру.2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.3. Жеңімпазды анықтау.4. Жеңімпазды марапаттау.1 - жүргіруші:Құрметті апайлар, қымбатты әріптестер мен оқушылар! Бүгін 9 сыныптар арасында өткізгелі отырған <<Көркемөнерпаздар>> байқауына қош келдіңіздер. 2 - жүргіруші: Арайлап атқан күн қуаныш әкелсін!Өнер десем ойыма жыр келеді,Ашылып ақ көңілдің кірлегені.Өнер десем көмейім ән салады,Орындалып жүректің аңсағаны. 1 - жүргіруші: Өнер деген ұлылық ұялаған,Кәдімгі қарапайым дарынды адам.Өнер деген шіркін - ай бір - бір арман,Өнер деген биші ғой мың бұралған.Өнерменен талайлар жан сақтады,Өнер деген шебердің саусақтары.Адамдықтың рухын түсірмеген,Ұлылардың тағдырын мүсіндеген.Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
Мектеп директоры_______________ Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары______________ Музыка пәнінің мұғалімі: ______________
Ойынның негізі шарты: 1.Таныстыру <<Әрбір сынып өз мүшелерін толық таныстыру (өзіндік шеберліктері бойынша слайд, музыкалық шоу т.б 6-7 минут>> 2.Заманауи би (1 топ ер балалар және бір топ қыз балалар билейді) 3.Мәнерлеп оқу (Жарасқан Әбдіраш өлеңдерінен мәнерлеп оқу) 4.Өз өнерлері
1 - жүргіруші:<<Асыл тастан, өнер жастанШығады деп дарындыХалық айтса қалт айтпайдыӘрқашанда нанымды>> деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын. 1 - жүргіруші:Шақырамыз, келіңдер жарысуға.Күш, өнер, біліммен алысуғаБар өнерді салайық, ортамызғаҚанеки, кім шығады сайысуғаСонымен ортаға сайыскерлерді шақырамыз.2 - жүргіруші:Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық. Сайысымыздың алғашқы туры - <<Әрбір сынып өз мүшелерін толық таныстыру (өзіндік шеберліктері бойынша слайд, музыкалық шоу т.б 6-7 минут>>
1 - жүргіруші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңізШәкірттерге әділ шешім беріңізЖүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,Заманауи би үлгісін көріңіздер
1 - жүргіруші: Сүйемін туған тілді ана тілінБесікте жатқанымда берген білімШыр етіп жерге түскен мезетімненҚұлағыма сіңірген таныс үнін ендігі кезекте Жарасқан Әбдіраш өлеңдерінен мәнерлеп оқу
1 - жүргіруші: << Әніміз бар тамаша>> әнін қабыл алыңыздар.- Жерге шыбық қадамасаң тал болмас.Өрісіне қарамасаң мал болмас.Түлік төлден өседі.Аққу көлден өседі.Жеміс жерден өседі.Өнерлі елден өседі.Асыл - тастан.Өнер - жастан - Көрдіңіздер оқушылар өнерін,Ән салысып, би - билеген өренің.Қалайғана тамсанбасқа болады,Мен болашақ жұлдыздарын көремін
ҚОРЫТЫНДЫ.Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.Жеңімпаздар марапатталады.Жәнеде гала концертте іріктелген оқушылар өнер көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Қош келдің, қанатты достар!
Сынып жетекшілері
Жас эрудит байқауның ІІІ орын иегері
Берекелі, мерекелі алтын күз
Дарынды балалармен жұмыс жасау
Еркетайдың байқауы
Сабақ басталар қуанышты сәт ..
Менің әжем жыр әжем
Мектеп және ата-ана
Пәндер