Сабақ жоспары :: Сурет, сызу
Файл қосу
Біріктірулер туралы жалпы мағлұматтар
Сабақтың тақырыбы: Біріктірулер туралы жалпы мағлұматтар Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Біріктіру түрлерімен және олардың атаулары, қолданылатын орындарымен
таныстыру. Сызбада біріктірулерді ажырата білуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың қабылдау, елестету, бақылау, талдау, қабілеттерін дамыту
б) тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс
істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу,
Сабақтың формасы: зертханалық- практикалық
Сабақтың типі: оқушының білімін қалыптастыру
Сабақтың әдістері: практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Сызу дәптері, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі.
* Үйге берілген тапсырманы тексеру.
* Жаңа тақырыпты түсіндіру.
* Тапсырмаларды орындау.
* Сабақты бекіту.
* Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Барлық біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын болып екі түрге бѳлінеді.
Ажырайтын біріктірулерге құрылымындағы тетікбѳлшектерді бүлдірмей ажыратуға болатын біріктірулер жатады. Олар бұрандалы (болттық, шпильдік және т.с.с), шпондық, шлицтік, штифтік және т.б. біріктірулер.
Ажырамайтын біріктірулерде тетікбѳлшектердің біріктіру элементтерін бүлдірмей ажыратуға болмайды. Мұндай біріктірулерге пісіру, дәнекерлеу, желімдеу және т.б. жатады.
Ажырайтын біріктірулерді қарастырайық.
Шпондьқ біріктіру біліктен, шпонкадан және білікке қондырылатын тетікбѳлшектен (дѳңгелек, тѳлке және т.б.) тұрады. Шпонка деп бір мезетте біліктегі және түйіндесетін тетікбѳлшектегі ойықтарға кіріп, олардың ѳздік бұрылмауын қозғалмауын қамтамасыз ететін тетікбѳлшекті атайды(5.1 -сур.).
Шпонкалардың пішіндері мен ѳлшемдері стандартталған, олар біліктің диаметрі мен біріктірудің жұмыс аткару шартына байланысты анықталады. Құрылымына байланысты шпонкалар призма, сына және сегмент тәріздес болып бѳлінеді. Сызбада шпондық біріктіруді кѳрсету үшін біліктің берілген d диаметріне байланысты сәйкес келетін стандарттан шпонканың b,h және l ѳлшемдерін таңдап алуға болады. Біліктегі ойыктың ұзындығын шпонканың ұзындығына тең, ал шпонка ұзындығын тѳлкенің ұзындығынан 5...6 мм кем алады.
793013333451Сына және сегмент тәріздес шпондық біріктірулер 5.2 а және )-суреттерде кѳрсетілген.
э
5.2-сурет. Сына және сегмент тәріздес шпондық біріктірулер
Білік және тѳлке арасындағы біріктіру кѳмекші тетікбѳлшекті қолданбай-ақ, біліктегі тістер (шлицтер) және тѳлке тесігіндегі ойықтар /паз/ арқылы орындала алады. Мұндай біріктіру шлицтік (тісті) деп аталады (5.3-сур.).
(оііык)
5.3-сурет. Шлицтік біріктіру
Штифтік біріктіруді тетікбѳлшектердің ѳзара үйлесе орналасымын айқындап алуда қолданады. Кей жағдайларда штифтер біріктірулерде шамадан артық жүк тусуден сақтандырушы рѳлін де орындайды. Штифт - бұл цилиндр немесе конус тәріздес, дѳнгелек қималы, ѳңделген ѳзек. Штифтік біріктірулердің үлгілері 5.4-суретте кѳрсетілген. Мұндай біріктірулерді, әдеттегідей, тілік арқылы кескіндейді (5.4 ә-сур.)
15968572192116
Цилиндр және конус тәріздес штифтер 5.5, а және ә-суреттерде кѳрсетілген. Штифтер ѳлшемдері стандартқа сай таңдалып алынады. Штифтерді Штифт 10x60 түрлі белгілейді. Бұл жазу штифт диаметрі d = 10 мм, ал ұзындығы l = 60 мм дегенді білдіреді.
Тапсырманы орындау: целиндр және конус тәріздес штифтерді дәптерге сызу
Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
Үй тапсырмасы: А4 пішімге жиек сызықтары мен негізгі жазуды толтыру
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz