Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"ақ ару, ер сұлтан" жұптар сайысы


КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Мектеп басшысының мәдени Мектеп басшысының тәрбие
жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
___________М. К. Умирбекова _________А. О. Молдабекова
<<__>>________2015 ж. <<__>>________2015 ж.







(жұптар сайысы, көктемгі балл)

8 сыныптар
Таймаганбетова Г.У, Ахмадинова А.


Жаңаөзен қаласы
Тақырыбы: <<Ақ Ару, Ер Сұлтан>>

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпымен таныстыру. Олардың жүректерінде туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік ұрығын себу. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
1 - жүргізуші Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық,<<Ақ ару, Ер сұлтан>>Сайысын біз бастайық.
2- жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,Келді міне, ортаға толқып - тасып,Арулардың сыйлаған, халқым менің,Көңілді қошаметпен қарсы алайық.

Сайыстың өту барысы:
І кезең <<Таныстыру>> (жұптар өздерін таныстырып өтеді)
ІІ кезең <<Сұрақ-жауап>> (жұптарға пәндеріне байланысты сұрақтар беріледі)
ІІІ кезең <<Өз өнері>> (жұптар өз өнерлерін көрсетеді яғни ән, би, өлең айтады)
ІҮ кезең <<Қол өнер>> (жұптардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсету)
Ү кезең <<Сән үлгісі>> (жұптар өз қолдарынан жасаған әр түрлі заттардан киім үлгілерін көрсету)
ҮІ кезең <<Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап>> (жұптарға қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтар беріледі)
ҮІІ кезең <<Ас әзірлеу мәзірі>> (жұптар өз қолдарымен көктемгі салат әзірлеуі керек)
ҮІІІ кезең Қорытындылау: (жеңімпаз жұпты анықтау, марапаттау)

1 - жүргізуші Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық.Ата жолын жалғайықЕл намысын қорғайық.Жігіттер шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ.

Олай болса бүгінгі сайыскер жұптарымызбен таныс болыңыздар.
8 <<А>> сынып оқушылары: Бекбаев Арнат
Әлімжанова Ақжаңыл
8 <<Ә>> сынып оқушылары: Боранбаев Ғалымжан
Қаржау Жанар
8 <<Б>> сынып оқушылары: Бақберген Рамазан
Тәжібаева Айгерім
8 <<В>> сынып оқушылары: Ермекбаев Ерлан
Төреханова Жанар
8 <<Г>> сынып оқушылары: Аманқосов Рызабек
Қойлыбаева Бақтыгул
8 <<Г>> сынып оқушылары: Хожахметов Бекарыс
Жолдыбева Әсел
2- жүргізуші:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық,Арулар мен Сұлтандар ортада,Көзайымын алайық.Күйші қайсы, кім биші,Талабына қарайық.Кімдер зерек, кім жылдам,Таланттарын табайық.
Құрметті көрермендер, бүгінгі әділ-қазылармен таныс болыңыздар! ...
Мектеп тәлімгері: Қалниязқызы Гульмира
Жас мамандар жетекшісі: Ержанова Жанаргул
Информатика пәні мұғалімі: Инятова Эльмира
Шет тілі пәні мұғалімі: Бикбулатова Анар
Шет тілі пәні мұғалімі: Джумаханова Динара
1 - жүргізуші:Уа, арулар, арулар,Қатты таңға қалдырар.<<Ақ Ару >> атты лайықтыҚайсысы қане, жеңе алар!
2- жүргізуші:Уа, жігіттер, жігіттер,Бар өнерді салыңдар.<<Ер сұлтан>> атты лайықтап,Біреуің жеңіп алыңдар.1 - жүргізуші: Сайымыздың шарты бойынша Арулар мен Сұлтандар мына қоржыннан өз нөмірін алып шығуы керек. Алынған нөмірі бойынша олар өз өнерін көрсетеді.2- жүргізуші: Олай болса, бірінші кезең әр жұп өздерін таныстырып өтеді. Бірінші жұбымызды ортаға қошеметтеп шақырамыз.
1 - жүргізуші: Келесі кезекте біз жұптарымыздың білімдерін сынамақшымыз. Жұптарға қазір әр түрлі пәндер бойынша сұрақтар салынған шардың біреуін таңдап алады. Сол сұраққа жауап береді.

1 сұрақ: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
* Қазақтың үш бәйтерегі кімдер?
(Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров)
* Қорқыт ата есімі не үшін <<Қорқыт>> деп аталған?
(Қорқыт туылғанда аспан күркіреп, қатты дауыл болып адамдардың бәрі қорыққан. Сол себепті <<Қорқыт>> деп атап кеткен)
2 сұрақ: Математика пәні
* Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Егер Алпамыс 1 стакан шиені жесе, неше стакан қалды?
(1 стакандағы шиені жиді, 3 стаканның өзі қалады)
* Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?
(бес бұрыш)
3 сұрақ: Орыс тілі пәні
* Когда наша Республика стала Независимым государством?
(Наша республика получила незовисимость в 1991 году)
* Что такое имя существительное?
(это часть речи, который обозначает предмет и отвечает на вопросы кто? Что?)
4 сұрақ: Шет тілі пәні
* What is the capital of Kazakhstan?
(Astana)
* What is the capital of Great Britain?
(London)
5 сұрақ: Тарих пәні
* Қазақ хандығы қай жылы, қай жерде құрылды?
+ жж Қозыбасы деген жерде)
* Қазақ хандығын құрған хандар, қазақ хандығының құрылғанына биыл неше жыл толды?
(Керей мен Жәнібек, 550 жыл)
6 сұрақ: География пәні
* ҚР қай мемлекеттермен шектеседі?
(Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Қытай)
* Қазақстанның ең биік және ең төмен жатқан жері.
(Хан тәңірі шыңы, Қарақия ойысы)

2 - жүргізуші: Құрметті көрермендер мен әділқазылар! Қазақта <<Сегіз қырлы, бір сырлы>> деген мақал бар. Енді Сұлтандар мен Арулардың өнерлерін тамашаласақ дейміз. Үшінші кезең <<Өз өнері>> жұптар өз өнерлерін көрсетеді яғни ән, би, өлең айтады. Олай болса жұптарымыз дайын болса бірінші нөмерлі жұбымызды ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші: <<Еңбек ширатады, өмір үйретеді>>,- дейді қазақ. Олай болса біз төртінші кезең <<Қол өнер>> сайысын бастаймыз. Бұл кезеңде жұптар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді. Бұйымдар жұптардың өз қолынан шығу керек. Бұйымдарды әр жұп кезектерімен әділ-қазылардың алдарына апарып, таныстырады. Яғни қалай, қандай жолмен жасалғанын түсіндіріп өтеді.

2- жүргізуші: Күнделікті тұрмыста, түрлі салтанатты кештерде қонымды да тартымды әрі орынды киіне білу - үлкен өнер. <<Ұстамын деп жеңін түріп, үлгісіз тон пішпеңіз>> дегендей, жұптарымыз киім киюдегі талғампаздығын көрсетеді. Киім үлгілерінің айырықшылығы неде екенін, оларды неліктен таңдап алғанын сөзбен сипаттап береді. Бесінші кезең <<Сән үлгісі>> жұптар өз қолдарынан жасаған әр түрлі заттардан киім үлгілерін көрсетеді. Алдарыңызда бірінші нөмірлі жұбымызды қошеметтеп ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші: Келесі алтыншы кезеңіміз <<Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап>>. Бұл кезеңде жұптарға салт-дәстүр бойынша сұрақтар беріледі. Жұптарымыздың ойының ұшқырлығын, зиінінің зеректігін, тілінің шешендігін байқамақшымыз. Олай болса барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Қоржынның ішінен сұрақ алып, дайындалуға екі минут уақыт береміз.

* Жеті қазынаға нелер жатады?
* жүйрік ат;
* қыран бүркіт;
* құмай тазы;
* берен мылтық;
* қанды ауыз қақпан;
* майланғыш ау;
* өткір кездік

* Ала жіп аттамау. Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде тағы басқа әдет-ғұрып қағидаларында „ Ала жіп " бейнесі қолданылады. Соның бірі- Ала жіп аттамау деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу „ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама" деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын" деген сөзі оның ақ-адалдығын білдіреді.

* Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам <<сүйінші-сүйінші>> деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі <<қалағаныңды ал>> дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ

* Жеті ата. Жеті атасын білмеген - жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі

* Тоқымқағар. Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл - сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі

* Тізе бүгу. Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл - шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді

2- жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың соңғы кезеңі <<Ас әзірлеу мәзірі>> жұптарымыз аспаздық өнерлерін көрсетіп, еңбексүйгіш екендіктерін дәлелдейді.Жұптар өз қолдарымен көктемгі салат әзірлеуі керек. Олай болса барлық жұптарды ортаға шақырамыз. Бұл жерде жұптардың екеуіде бірігіп салат әзірлейді. Ескерте кететін жайт, жұптардың тағам әзірлегенде алжапқыш, баскиімі, қолқаптары болуы шарт.
1-жүргізуші: Осымен бүгінгі байқауымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Әділқазылар алқасы кеңесіп, байқау нәтижесін шығарғанша, кезекті әнге берейік Тәжібаева Гулмаржанның орындауында <<Қос бәйтерек>> әні.
2 - жүргізуші: Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздар анықтап, марапаттау.
1- жүргізуші: - Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,Өмір жолы еңбекпен шешілер,Шыңға шығар шынар болып шынайыКездеспесін ешқашанда кесірлер.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!












Ұқсас жұмыстар
Құрақ сөз сайысы
Ақ Ару-Ер Сұлтан
"алтын күз" танымдық кешінің жүрісі
Бала сұлтаны - 2015
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Жігіт сұлтаны 2014 "сегіз қырлы бір сырлы" 7 сыныптар арасында
Жаңашаруа аруы-2012
"әкеге қарап ұл өсер " әкелер сайысы
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Қызғалдақ ару (арулар сайысы)
Пәндер