"қазақ халқының музыка өнері" ашық сабақ 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының музыка өнері»

Сабақтың мақсат-міндеттері: Білімділігі: Қазақ

халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін

аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері

мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, жетондар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәслі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

ә/ оқу-құралдарын реттеу.

б/ сабаққа назарын аудару, дайындығын тексеру.

в/ оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды үш ауылға бөлемін:

І топ «Абай» ауылы.

ІІ топ «Жамбыл» ауылы.

ІІІ топ «Ыбырай» ауылы.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1-тапсырма: Наурыз мерекесі қалай тойланады?

2-тапсырма: Наурыз көже қалай жасалады, құрамы қандай, қай кезде дайындалады? Басқа қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?

3-тапсырма: Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?

ІІІ Жаңа сабақ:

Жоспар:

  1. Дала әуендері.
  2. Ұлттық музыка аспаптары.
  3. Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй» - деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті

күйді жанға азық етіп ардақтаған көңіл - күйін бейнелейді.

Топтардың аттарын жаңа тақырыпқа байланысты өзгертемін. Тақтаға ұлттық аспаптар бейнеленген суреттер ілініп тұрады. Топбасшы шығып біреуін таңдап алады. Топтың аты сол суретке байланысты өзгереді.

«Домбыра», «Қобыз», «Жетіген».

Қазақ халқының дәстүрлі өнерінде ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері:

Арқа әншілік дәстүрі

Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі

Жетісу әншілік дәстүрі

Сыр өңірі әншілік дістүрі

Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс - салтқа байланысты ғұрыптық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.

Ғұрыптық әндердің өзі- бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері-халық әндері және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыкалық мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеідер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып құйқылжиды. Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыптарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана орындадалы.

«Домбыра» тобына тапсырма: Қазақ халқында домбырамен ән орындайтын майталмандарды ата.

«Қобыз» тобына тапсырма: Қазақ халқының қобызбен күй орындайтын күйшілерді ата.

«Жетіген» тобына тапсырма: Қазақ халқының би, шешен, жырауларын ата.

Тапсырмаларды қағаз бетіндегі суретке тірек сызбалар арқылы жазып шығады.

ІV Қорытындылау:

Білемін
Білдім
Үйрендім
Білемін:
Білдім:
Үйрендім:

V Сабақты бекіту:

  1. Қазақтың музыкалық аспаптарының жасалу жолы.
  2. Қай ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болып саналады?
  3. Төкпе күйдің майталман шебері.
  4. Ән өнерінің өкілдері.
  5. Күй өнерінің өкілдері.
  6. Қобыз атасы болып кім саналады?

VІ Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІ Үйге тапсырма: § 41 оқып келу.

Кесте толтыру

Ақын, жырау, күйші
Өмір сүрген жылдары
Туған жері
Шығармалары
№: 1
Ақын, жырау, күйші: Біржан сал Қожағұлұлы
Өмір сүрген жылдары: 1825-1887 жж
Туған жері: СҚО аумағында
Шығармалары: Айбозым, Ақ тентек, Біржан сал, Ғашығым, Айтбай
№: 2
Ақын, жырау, күйші: Ақан сері Қорамсаұлы
Өмір сүрген жылдары: 1843-1913 жж
Туған жері: СҚО аумағында
Шығармалары: Алтыбасар, Сырымбет, Мақпал, Ақтоты, Еркем, Аужар, Айгөлек, Ғашық жарға
№: 3
Ақын, жырау, күйші: Жаяу Мұса Байжанұлы
Өмір сүрген жылдары: 1835-1929 жж
Туған жері: Баянауыл округының Ақшоқы деген жерде
Шығармалары: Ақ сиса, Сүйіндік, Бозторғай, Жанбота, Ғашығым, Хаулау
№: 4
Ақын, жырау, күйші: Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы
Өмір сүрген жылдары: 1864-1916 жж
Туған жері: Ақмола облысында
Шығармалары: Ғалия, Желдірме, Қосперне, Көкшетау
№: 5
Ақын, жырау, күйші: Құрманғазы Сағырбайұлы
Өмір сүрген жылдары: 1806-1879 жж
Туған жері: Бөкей ордасының Жиделі деген жерде
Шығармалары: Адай, Балбырауын, Сарыарқа, Ақсақ киік, Түрмеден қашқан, Ертең көктем, Кісен ашқан, Қайран шешем, Кішкентай
№: 6
Ақын, жырау, күйші: Дәулеткерей Шығайұлы
Өмір сүрген жылдары: 1820-1887 жж
Туған жері: Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде
Шығармалары: Жігер, Бұлбұл, Қоңыр, Тартыс, Желдірме
№: 7
Ақын, жырау, күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы
Өмір сүрген жылдары: 1817-1860 жж
Туған жері: Қарқаралы өлкесінде
Шығармалары: Саржайлау, Былқылдақ, Сылқылдақ, Сарыөзен, Бес төре, Қосбасар
№: 8
Ақын, жырау, күйші: Ықылас Дүкенұлы
Өмір сүрген жылдары: 1843-1916 жж
Туған жері: Қарағанды облысының аумағында
Шығармалары: Жарыс патша, Бес төре, Жезкиік, Кертолғау, Аққу, Жалғыз аяқ, Қорқыт сарыны, Ерден, Қазан
№: 9
Ақын, жырау, күйші: Қазанғап Тілепбергенұлы
Өмір сүрген жылдары: 1854-1927 жж
Туған жері: Арал теңізі маңында
Шығармалары: Ноғайлы босқыны, Окоп, Жұртта қалған

.

G:\b_69.jpg

І топ: «Абай»

ауылы

G:\22-1.jpg

ІІ топ: «Жамбыл»

ауылы

C:\Users\Aika\Desktop\123.jpg

ІІІ топ: «Ыбырай»

ауылы

Білемін
Білдім
Үйрендім
Білемін:
Білдім:
Үйрендім:

G:\imgpreview.jpg

І топ: «Домбыра»

тобы

G:\4822dda21573d28c3251edfa2b59b1ce.png

ІІ топ: «Қобыз»

тобы

G:\Jetigen.JPG

ІІІ топ: «Жетіген»

тобы

G:\imgpreview.jpg

G:\Jetigen.JPG

G:\4822dda21573d28c3251edfa2b59b1ce.png

1-тапсырма: Наурыз мерекесі қалай тойланады?

2-тапсырма: Наурыз көже қалай жасалады, құрамы қандай, қай кезде дайындалады? Басқа қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?

3-тапсырма: Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?

«Домбыра» тобына тапсырма:

Қазақ халқында домбырамен ән орындайтын майталмандарды ата.

«Қобыз» тобына тапсырма:

Қазақ халқының қобызбен күй орындайтын күйшілерді ата.

«Жетіген» тобына тапсырма:

Қазақ халқының би, шешен, жырауларын ата.

ХАТТАМА №1


Ұқсас жұмыстар
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Музыка өнері
Қазақ халқының өнер және музыка мәдениеті. 8 сынып
Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз қазақ халқының өнері, музыкалық аспаптар
Лексикалық тақырып
Ата - баба өнері
Аңыз күйлер
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
Кезектес салалас құрмалас сөйлем. музыка аспаптары
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz