Файл қосу

"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып


№ 21 орта мектеп











Тақырыбы: Наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері









Сыныбы 5 <<А>>
Тарих пәні мұғалімі: Таймағанбетова Г.У


Жаңаөзен 2014 ж

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы, қазақ халқының
ауыз әдебиеті, шешендік өнері
Сабақтың мақсат - міндеттері: Білімділігі: Наурыз және
қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы жалпылама
мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру. Қазақ
халқының аыз әдебиеті мен шешендік өнері туралы баяндау. Дамытушылығы: Ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау арқылы оларға сыни көзбен қарау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерн ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу
ә/ оқу - құралдарын реттеу
б/ сабаққа дайындығын тексеру
в/ сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
* Рухани мәдениет дегеніміз не?
(Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі )
* Рухани мәдениетке нелер жатады?
(Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері)
* Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда не деп атаймыз?
(Фольклор)
* Фольклорға нелер жатады?
(Ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, эпостық жырлар)
* Фольклор қандай сюжеттерден тұрады?
(Түрлі мифологиялық сюжеттерден)
* Қай ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты?
(ХҮ - ХҮІІ ғғ)
* Қай ғасыр қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды?
(ХҮ ғ)
* ХҮ - ХҮІІ ғ қазақтар қандай жазуды қолданған?
(араб)
* Қай ғасырларда қазақ жеріне ислам діні таралды?
(ХҮ-ХҮІІ ғғ)
* Ислам дінін қазақ жеріне кім дәріптеп таратты?
(Қожа Ахмет Йассауи)
* Көшпелілер нелерге табынды?
(тәңірге, ата-баба аруағына, отқа)
* Әр мал түліктің пірлерін ата.
(Шопан Ата - қойдың пірі
Зеңгі Баба - сиырдың пірі
Қамбар Ата - жылқының пірі
Ойсыл Қара - түйенің пірі
Сексек Ата - ешкінің пірі)
* Қазақ халқының қандай әдет - ғұрыптарын білесің?
(үйлену тойы, құда түсу, тысау кесер, шілдехана, қыз ұзату, бесік той т.б.)
* Көшпелілер уақын есесбін қалай анықтаған?
(Жұлдызды әуе картасынан)
* Қазақтың жыл басы қай кезден басталады?
(Көктемдегі күн мен түннің теңелген уақыты 21-наурыз.)
ІІІ Жаңа сабақ:
Жоспар:
* Қазақтың ұлттық мейрамдары.
* Наурыз мейрамы.
* Қазақтың халық ауыз әдебиеті.
* Қазақтың шешендік өнері.
Қазақтың ұлттық мейрамдары. Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт - дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті болады. Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік салт - дәстүрі және әдет - ғұрыптары ба. Әдет - ғұрыптар шаруашылық, дүниетанымдық, отбасылық, қоғамдық сияқты түрлі тармақтарға бөлінеді.
Солардыі біразы қазірге дейін сақталған. Қазақ халқының ертеден ертеден келе жатқан дәстүрлерінің ішінде қонақжайлылық, ас беру, түрлі той - думандар өткізілудің маңызы жоғары болған. Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан. Олар: бесік той, шілдехана, тысаукесер, сүндет той т.б. Үйлену той - ежелден келе жатқан дәстүр. Жалпы қазақ халқында ертеде қыз бен жігітті бала кезінен атастырған. Жігіт жағы қыздың ата - анасына қалың мал төлейді. Қыздың ауылында <<қыз ұзату>>, ал келін түскен үйде <<Беташар>>, <<Жар-жар>> сияқты ән - думандар өрнектелген той өтеді.
Наурыз мейрамы. Наурыз - көне иран сөзі, қазақша мағынасы <<Жаңа күн>> дегенді білдіреді. Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы - жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын - Ұлыстың ұлы күні деп атаған. <<Ұлыс>> деген сөз мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді. Жер беті бусанып, қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл уақытты <<жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер>> шағы деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың ауз көкке тиіп, бір жасап қалады.
Наурыз күні жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алады. Бір - біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Бір - біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Тіпті, осы наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. <<Самарқанның көк тасы да жібиді>> деген сөз содан қалсы керек.
Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарқаны бұл күні наурызкөжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын - сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйы салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткіздік.
Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді. Бәйге, күрес, көкпар, қыз қуу, айтыс, жамбы ату сияқты ұлттық сайыстар өткізіледі.
Наурыз - Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдрған. Шығыстық данышпандар Махмұт Қашқары, Әбу Райхан Бируни, Ә.Фердоуси, Ә.Науаи, О.Хамнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін - бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойлаған. Сондықтан да болар бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттері көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыздың айрықша тәлім - тәрбиелік, үлгі - өнегелік, сән - салтанаттылық, мәрт - жомарттық, қадыр - қасиеттілік нышан белгілері мен таным - ұғымдарының үлгі - түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыданболса керек.
Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет - ғұрыптары мен жол - жоралары бар.
Наурыз күні. Наурыз - ежелгі мәдениеті дамыған елдердің бірі Парсының нау - жаңа, руз - күн, яғни жаңа күн дегенді білдіреді. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар да бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, дауыс көтермейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс, не басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, әбес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Бұл күнә барлық даланы Қызыр ата аралайды.
Наурыз күні - яғни наурыз айының 22 жұлдызы мереке, демалыс күні. Наурыз күн - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Григориан күн есебінде, жылдың алғашқы айы есебінде де, күн мен түнің ұзақтығы теңеледі. Сол себепті наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды.
Қазақ халқының ауыз әдбиеті ХҮ-ХҮІІ ғ кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет - қоғам өмірінің айнасы. Ауыз әдебиетінің ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі - эпостық жырлар. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: <<Қобланды>>, <<Ер Тарғын>>, <<Қамбар>>, <<Алпамыс>>, <<Ер Қосай>> т.б. Жырлардағы елін, жаудан қорғаған батырлар бейнесі халықтың ерекше құрмет тұтатын тұлғаларына арналған. ХҮ-ХҮІІ ғ өмір сүрген жыраулар Доспамбет жырау (1490-1523 ж), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 ж), Марғасқа, Жиембет жырау Бортоғашұлы, Ақтамберді Сарыұлы, Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 ж), Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786 ж).
Ауыз әдебиеті сонау түрік дәуірінен бастау алған. Мәселен, түріктер кезіндегі <<өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болған жақсы>> деген мәтелді <<ортақ өгізден, оңаша бұзау артық>> дейді. Ауыз әдебиетінде кең тараған жанырлардың бірі - ертегілер.
ХІІІ - ХҮ ғ авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Оның өкілдері: аттары бізге аңыз болып жеткен Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғылар.

ІҮ Қорытындылау:
Ү Сабақты бекіту:
* Қазақ халық халқының ұлттық салт - дәстүрлерін ата.
* "Ұлыстың ұлы күні" деп қандай күнді айтады?
* Наурыз мейрамы қалай тойланады?
* Наурызға қатысты қазақта қандай бата тілектер бар?
* Қазақтың қандай дәстүрлері ұлттық ойындарын білесіңдер?
* Наурыз көже қанша тағамнан жасалады?
* Наурыз күні қай күні тойланады?
ҮІ Оқушыларды бағалау:
ҮІІ Үйге тапсырма: §39, 40 оқу
"Наурыз мейрамы" тақырыбына реферат, буклет орындау

25.02.2014 күні 5 <<А>> сыныбында <<Наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері>> атты ашық сабақ, 5 <<А>>, 5 <<Ә>> сыныптарының арасында өткізілген <<Алтын қақпа>> атты сыныптан тыс шараның хаттамасы.
Қатысқандар:
* Тарих пәні мұғалімі: Жумаханова Маусым
* Тарих пәні мұғалімі: Дарибаева Шынарай
* Тарих пәні мұғалімі: Жангул
* География пәні мұғалімі: Нургалиева Марал
* География пәні мұғалімі: Ярлыгашева Замира
* Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Аяпова Айнархан
* Информатика пәні мұғалімі: Ержанова Жанаргул
* Информатика пәні мұғалімі: Инятова Эльмира
* Ағылшын пәні мұғалімі: Жумаханова Динара
* Бинелеу пәні мұғалімі: Сағындықова Альмира

Күн тәртібінде:
* Ашық сабақ <<Наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері>> атты ашық сабақ
* Сыныптан тыс шара <<Алтын қақпа>>

Тыңдалды
Таймаганбетова Гулбахар сөз сөйледі: Мен өз мақсатыма жеттім. Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп шықты және толық мәлімет бердім. Сыныптан тыс шара өткен сабақтарға қайталау және оқушылардың ой - өрісін дамытыу.
Сөйлегендер: Жумаханова Маусым Гулбахардың сабағы жақы деңгейде өтті. Сабақтың құрылу барысы жақсы. Оқушылар белсене қатысты және барлығы қамтылды. Сабақды жақсы деп бағалаймын.
Жас мамандар: Дарибаева Шынарай, Нургалиева Марал, Ярлыгашева Замира, Аяпова Айнархан, Инятова Эльмира, Жумаханова Динара, Сағындықова Альмира сабақ қызықты әрі жақсы өтті. Оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасы жақсы. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Сабақты жақсы деп бағалаймын.
Жас маманадар жетекшісі: Ержанова Жанаргул Гулбахардың сабағы жақсы өтті. Алдыңғы сабақтарындағы кемшіліктерді қайталамауға тырысты. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы жақсы. Сабақты жақсы деп бағалаймын.
Шешім:
* Сабақты жақсы деп бағалансын.
* Алдағы сабақтарда жаңа технология элементтерін пайдалансын.
Хатшы: Инятова Эльмира


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының шешендік сөз өнері. 5 сынып
Көркем әдебиет
Ауыз әдебиетінің түрлері
Шешеннің сөзі - ақылдың көзі Шешендік сөздерден көрініс көрсету
Наурыз қызбын
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы сценарийі
Ғажайыптар әлемі. қайталау
Қазақ тілі өлеңі
Пәндер