Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
«фариза – поэзия падишасы» 7 сыныптар арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы
№21 орта мектеп
14363708890
<<Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі
қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл
өмірін шығармашылыққа арнады>>
Нұрсұлтан Назарбаев
2013/2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: <<Фариза - поэзия падишасы>>
Сабақтың максат - міндеттері: Білімділігі:
Оқушыларға
қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза
Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы
мәліметтер беру.
Дамытушылығы: Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Балаларға поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Ақынның туған жерге, елге даген сүйіспеншілігін жеткізу. Поэзияға, Отанға, тілге мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреттері, кітаптары, слайд, буклеттер.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
7 <<А>> сынып оқушысы: Бердіханова Меруерт
7 <<Ә>> сынып оқушысы: Салақбаева Гүлназ
7 <<Б>> сынып оқушысы: Дауылбаева Асемай
7 <<В>> сынып оқушысы: Мусабекова Гүлмайса
7 <<Г>> сынып оқушысы: Қойлыбаева Бақтыгүл
7 <<Ғ>> сынып оқушысы: Меңдіғалиева Мөлдір
7 <<Д>> сынып оқушысы: Көнебаева Жұлдыз
Әділ қазылар алқасының төрайымы: Ақжігітова Тамара
Мүшелері: Төлеген Бақыт, Изтурғанова Алия, Төлеген Құралай, Сағындықова Эльмира
Кіріспе сөз: Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым! Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Қазақ халқы орны толмас қазаға душар болды. Ақиық ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынова 2014 жылы 23 қаңтарда дүниеден озды. Қазақтың бүтіндігін ойлап, тұтастығын арман еткен жыр алыбы, бірегей ақынның өмірі мен шығармашылығын еліміздің мәдениет қайраткерлері, танымал тұлғалар ерекше қимастықпен еске алады.
Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір - шапағаты түскен пендесіне қиял - ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес.
Солардың бірі - жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен <<Құрмет белгісі>>, <<Парасат>> ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.
Бүкіл Алаш жұрты өзінің өрісі бөлек, қазақтың жырын үлкен әлемдік биікке көтерген, қазақтың жырын өзінің мына шынашақтай дене жаратылысына қарамай, алып жүрегімен, үлкен ойының кеңістігінің шалқарлығымен, сөзінің қайталанбайтын өрнегімен бір ерекше биікке көтерген тұлғасын жоғалтып отыр.
<<Рух жанартауы>>, <<Өжеттік қайнары>> атанған Фариза қашанда өмір шындығын, ақиқатты жырлады. Ол өз туындыларында безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің тіршілігіне сын көзбен қарап, оқырманын сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуға шақырды. Фариза апамыздың ақындығы өз алдына бір төбе, азаматтығы өз алдына бір төбе, жалпы қоғамдағы кез - келген мәселеге өзінің ақындық, азаматтық ойын айтып отыратын кісі еді. Кейде батылы барып, батырып айтатын тұстары да аз емес болатын.
Барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдаған ақын отты жырларын нәзік лирикамен үйлестіре білді. Әйел болмысын, жан дүниесін Фаризадай сүйсіндіре жазған қазақ ақыны кемде - кем.
Орыстың ұлы сыншысы Белинский айтқандай <<Өмір сүру дегеніміз - сезу, ойлау, қуану және қайғыру>> дегендей, Фариза апамыз өмірді сүре білді. Себебі, әр өлеңіндегі әрбір сөз сезімнен құралды.
Фариза Оңғарсынова тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де ел есінде қалары даусыз. Ол кісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, халықтың көкейінде жүрген түйткілдерді батыл айта білді. Ширек ғасыр бойы әдебиетпен біте қайнасқан ақынның шығармашылық мұрасын таразылау ісі әлі алда. Қазақ руханияты үшін поэзия падишасы - Фариза Оңғарсынованың енді мәңгілік өмірі басталды.
Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.
<<Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат
Мені мәңгі тартатын сағындырып...>>деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.
Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол - мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік - азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар - намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.
Ақынның беріліп, шабытпен кең жырлаған тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік. Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды, адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер, біреуі сүйіп, екіншісі сүймеген , біреуі адал екіншісі опасыз сияқты құлап - жығылу сәттерін бейнелейді. Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың сезіміне, әсіресе қыз баланың алғашқы сезіміне ақынның махаббат лирикасы шипа ем, жанына дауа болары анық.
Ф. Оңғарсынова - биік сезімнің ақыны. Оның көңіл - күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгі адам жанына, сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман - тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.
Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.
Сабақтың кезеңдері:
І кезең: Ақынның өлеңдерін қағаз бетіне жазып, әділ қазылар алқасының алдына алып барады.
ІІ кезең: Сайыскерлер реттік нөмірлерін анықтайды.
ІІІ кезең: Әділ қазылар алқасы қағаздағы жазылған ақынның өлеңдерінен бірін таңдап, сайыскерге сол өлең жолын айтуын сұрайды.
ІҮ кезең: Қорытындылау, жеңімпаз оқушыны анықтау
Қорытындылау: Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой - санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине, қателеспейміз.
Қадірлі қонақтар! Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.
Замандастар көзімен
<<Фаризада халықтық рух бар, ол -- елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын>>
Әбділда Тәжібаев.
<<Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын>>
Ғабит Мүсірепов
<<Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, мақтану керек>>
Әкім Тарази.
<<Фариза прозасындағы эссе -- қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия>>
Шерхан Мұртаза
<<Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек>>
Ақұштап Бақтыгереева
<<Фариза - аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары>>
Әбіш Кекілбаев
1450975-142240
Қызмет жолы
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала, <<Октябрьдің 40 жылдығы>> қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.
1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық <<Коммунистік еңбек>> газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968 - 1970 жж. республикалық <<Лениншіл жас>> (қазіргі <<Жас алаш>>) газетінің Ақтөбе, Гурьев,Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.
1970 - 1978 жж. республикалық <<Қазақстан пионері>> (қазіргі <<Ұлан>>) журналының бас редакторы, 1978 - 2000 жылдары <<Пионер>> (қазіргі <<Ақ желкен>>) журналының бас редакторы болып істеді.
2000 - 2004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.
2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті
Әдеби шығармалары
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы <<Сандуғаш>> 1966 жылы жарық көрген. <<Алмас қылыш>>, <<Тартады бозбаланы магнитім>>, <<Сайраған Жетісудың бұлбұлымын>>, <<Тыңдаңдар, тірі адамдар>>, <<Қарғыс>>, <<Қасірет пен ерлік жыры>> поэмалары, <<Үйім менің - Отаным>>, <<Маңғыстау монологтары>>, <<Революция және мен>> өлең топтамаларының авторы.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың <<Жүректің төрт мезгілі>> кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың <<Нәпсі>>, <<Куликов даласы>>, <<Он екі жыл өткен соң>>, <<Кармен>>, <<Қарлы перде>> өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы <<Үйім - менің Отаным>>, <<Маңғыстау монологтары>>, <<Революция және мен>> өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Шығармалары
* Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., <<Жазушы>>, 1966;
* Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., <<Жазушы>>, 1969;
* Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., <<Жазушы>>, 1972;
* Асау толқын. Өлеңдер. А., <<Жазушы>>, 1973;
* Көгершіндерім. Өлеңдер. А., <<Жазушы>>, 1974;
* Биіктік. Очерктер. А., <<Жазушы>>, 1975;
* Біздің Кәмшат. Повесть. А., <<Жазушы>>, 1976;
* Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., <<Жалын>>, 1977;
* Шілде. Таңдамалы. А., <<Жазушы>>, 1978;
* Нежность. Стихи. А., <<Жалын>>, 1978;
* Тревоги. Стихи. М., <<Молодая гвардия>>, 1979;
* Озарение. Стихи. М., <<Советский писатель>>, 1980;
* Полдневный жар. Стихи. А., <<Жазушы>>, 1980;
* Сұхбат. Өлеңдер. А., <<Жазушы>>, 1983;
* Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., <<Жалын>>, 1984;
* Дауа. Өлеңдер. <<Жалын>>, 1985;
* Алмазный клинок. Стихи. М., <<Художественная литература>>, 1984;
* Ожидание солнца. Стихи. М., <<Молодая гвардия>>, 1985;
* Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., <<Жазушы>>, 1987;
* 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.
Марапаттары
* <<Құрмет белгісі>> (1976)
* <<Парасат ордені>> (1996)
* ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).
* Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985).
* Қазақстанның халық жазушысы (1991).
* Қазақстанның халық ақыны.[[3]]
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Отбасы
Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын.
Анасы - Иманғалиева Қалима.
Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ).
Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ).
<<Фариза - поэзия падишасы>> атты 7 - сыныптар арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы туралы мәлімет
2014 жылдың 4 - ші сәуір күні №21 орта мектеп кітапханасында <<Фариза - поэзия падишасы>> атты 7 - сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа қазақ тілі пәні мұғалімі Сағындықова Эльмира, ТЖО Изтурганова Алия, мектеп кітапханашысы Сарсенова Маржан апай қазылар алқасының құрамын құрады. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең бойынша сайыскерлер ақынның қанша өлеңін біледі, соның бәрін қағаз бетіне түсіру керек. 2 кезең бойынша сайыскерлер реттік нөмірін анықтайды. 3 кезең бойынша әділ қазылар алқасы сол жазылған өлеңдердің біреуін айтуын сұрайды. Сайыскерлер реттік нөмірі бойынша өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әділ қазылар шешімі бойынша төмендегідей орын иегерлері болды:
Бас жүлде - 7 <<Ғ>> сынып оқушысы Меңдіғалиева Мөлдір
І орын - 7 <<Д>> сынып оқушысы Көнебаева Жұлдыз
ІІ орын - 7 <<В>> сынып оқушысы Мусабекова Гүлмайса
ІІ орын - 7 <<Г>> сынып оқушысы Қойлыбаева Бақтыгүл
ІІІ орын - 7 <<Б>> сынып оқушысы Дауылбаева Асемай
ІІІ орын - 7 <<Ә>> сынып оқушысы Салақбаева гулназ
ІҮ орын - 7 <<А>> сынып оқушысы Бердіханова Меруерт
Қатысқан сынып жетекшілер:
7 <<Ә>> сынып жетекшісі: Таймағанбетова Г
7 <<Б>> сынып жетекшісі: Керумкулова Насиба
7 <<Ғ>> сынып жетекшісі: Шамова Гулнар
7 <<Г>> сынып жетекшісі: Инятова Маржан
Қатыспаған сынып жетекшілер:
7 <<Е>> сынып жетекшісі: Исабекова Бибінұр
7 <<А>> сынып жетекшісі: Қадырова Тойдық
7 <<В>> сынып жетекшісі: Қалақпашова Асыл
7 <<Д>> сынып жетекшісі: Жангул
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz