Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері. 9-сынып

абақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі:Аралас сабақСабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ - жауапСабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызбалар.Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Сәлемдесу, түгелдеу.2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Өткен материалды қайталдау сұрақтары1. Алгоритммен программаның қандайұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?Компьютерде есеп шығару кезеңдеріА) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.Арифметикалық амал белгілері:(+) - қосу;(-) - азайту;(*) - көбейту;(/) - бөлу.DIV - және (логикалық көбейту) операциясы;MOD - қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).Сергіту сәті:ПолиглотЖаңа сабақты түсіндіруӨрнектер және олардың жазылуыӨрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:(5+7*х)/1. 8;(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады. Тапсырмалар № 1(a + b):(ху)8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар(5+2*4):3(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96(8+4):1025 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдарӨрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз. Тапсырмалар №2

Сабақты бекіту сұрақтары:: Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?:: Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?:: Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?:: Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?:: Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...Рефлексия Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. ЖаттығуБағалау

Ұқсас жұмыстар
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері
Меншіктеу операторы
Паскаль - программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
Кестелік қосу және азайту. ондықтарды қосу және азайту. математика. 1-сынып
Шығару операторы
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Арифметикалық функциялар
Паскаль тіліндегі программаның оператор бөлімінде
Пәндер